Сабақ жоспары Оқу-әдістемелік бөлім бастығының орынбасары



Дата04.07.2018
өлшемі0,95 Mb.
#46470
Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Оқу-әдістемелік бөлім бастығының орынбасары:

Ж.Аскарова

Мектеп:

КОБ Сабыр Рахымов ат. Шымкент республикалық «Жас ұлан»

Сынып:

Оқитын тілі:



10 В

Қазақ


Қатысқан ұландар саны:


Қатыспағандар:


Өтілген күні:

15.12.2017ж.

Пән: қазақ әдебиеті

Мұғалімнің аты-жөні: Козбагарова Б.М.

Сабақтың тақырыбы

Абайдың табиғат лирикасына арнаған өлеңдері

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Лирика түрлерін біледі. Лира әуен асбабы екенін біледі. Эпитетті өлеңдерден таба алады.

Құндылықтар

Өмір бойы оқу, азаматтық патриотизм

Сабақтың мақсаттары

Абай Құнанбайұлының ұлы ақындығы поэзияларының сыр шертуі, өлеңдерінің құрылымдық ерекшеліктері мен мазмұны, тақырыптары

Жетістік критерийлері

Дәлелдер жинақтап, креативті эссе жазады.

Өмірдегі мәселелермен салыстырып жазады.



Тілдік мақсаттар

Түйінді сөздер мен фразалар: Ұшпа, шұрқырау, қылтылдау, шыбындау, сымпылдау

Кәсіби мақсат

Ойын жүйелі түрде жазбаша түрде жеткізу

Алдыңғы білім:

Абай поэзиясы – адамзаттың асыл қазынасы

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер


Дереккөздер

Ұйымдастыру барысы

2 минут

Взвод командир орынбасарының баянатын қабылдаймын. Ұландарға бүгінгі сабақ ұпай дөңгелектерімен бағаланатындарын айтамын.

«Бағдаршам» бағалауы сабақ бойы жүреді

«3» - қызыл

«4»- сары

«5»- жасыл





Сабақтың басы

5 минут


Оқуға

3 минут


ДЖИКСО

2 минут



Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы, ерінбе.

Адамдықты көздесең,

Жат тоқып ал көңілге.

 

Сұлтанмахмұт Торайғыров

Ұландарға Абайдың табиғат тақырыбында жазған бірсыпыра өлеңі («Қыс», «Күз», «Жазғытұры», «Қараша, желтоқсанмен сол бір екі ай») 5-7 сыныптарда оқылғандықтан, мазмұнын ашып, кейбір өлеңдерін жаттағандықтан сұрақ қоямын.

-Абайдың табиғат мезгіліне арналған қандай өлеңдерін білесіңдер?

- Кім қандай өлеңін жатқа айтып бере алады?

-Табиғаттың әр мезгіліндегі адам өмірі қалай суреттеледі?

-«Қыс», «Жазғытұры» өлеңдерінің көркемдік ерекшеліктері қандай? (Кейіптеу түрінде жазылғаны еске түсіру керек).

-Ақынның «Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай» өлеңінің жазылуы «Абай жолы» романында қалай суреттеледі? (6-сыныпта берілетін роман үзіндісі негізінде)

ДЖИКСО әдісі бойынша үш қатарға тапсырма таратамын. Ұландар бір-біріне түсіндіруі тиіс.



1-топ.Лирика – «лира» деген ескі грек сөзінен алынған. Лира – әуелде музыка аспабының аты «мысалы, қазақтың қобыз, домбыра дегені сияқты) Сол лирикаға қосып әнмен, сарынмен айтатын туындыны (өлеңді) лира деп атаған.

2-топ. Лирикалық шығармалар дегеніміз – шағын көлемді қысқа өлеңдер. Сондай қысқа өлеңде ақын белгілі бір оқиғаны әңгіме етпейді, айналасындағы тұрмыстан алған әсерін өзінің көңіл-күйі , ой-сезімі арқылы бейнелейді. Лирикалық өлеңдер ақынның ой-сезіміне сай, әсерлі, ырғақты, үнді (сазды) болып келеді.

3-топ. Лирикалық өлеңдер мазмұнына қарай түрлі-түрлі болады. Мысалы, табиғат лирикасы, махаббат лирикасы, қоғамдық лирика, көңіл-күй лирикасы, азаматтық лирика т.б.

Абай Құнанбайұлының шығармалары

Махаббат лирикасы

Көңіл-күй лирикасы

Табиғат лирикасы












Суреттер, оқулықтар, жұмыс дәптерлер

Сабақ ортасы

20 минут



Ұландар өлең шумақтарын мәнермен оқиды, мазмұнын түсінеді, айтады, түсіндірме сөздікпен жұмыс жасайды.
1-топ
Жазғытұры

Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,

Масатыдай құлпырар жердің жүзі.

Жан-жануар, адамзат анталаса,

Ата-анадай елжірер күннің көзі.
Жаздың көркі енеді жыл құсымен,

Жайраңдасып жас күлер құрбысымен.

Көрден жаңа тұрғандай кемпір мен шал

Жалбаңдасар өзінің тұрғысымен.


Қырдағы ел ойдағы елмен араласып,

Күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып,

Шаруа қуған жастардың мойны босап,

Сыбырласып, сырласып, мауқын басып;


Түйе боздап, қой қоздап- қорада шулап,

Көбелекпен, құспенен сай да ду-ду.

Гүл мен ағаш майысып қарағанда,

Сыбдыр қағып бұраңдап ағады су.


Күн – күйеу, жер – қалыңдық сағынышты,

Құмары екеуінің сондай күшті....


Күн – күйеуін жер көксеп ала қыстай,

Біреуіне біреуі қосылыспай,

Көңілі күн лебіне тойғаннан соң,

Жер толықсып, түрленер тоты құстай.


2-топ

Қыс


Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.

Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап, келіп қалды.


Дем алысы – үскірік, аяз бен қар,

Кәрі құдаң қыс келіп, әлек салды.



Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,

Аязбенен қызарып, ажарланды.


Бұлттан қасы жауып екі көзін,

Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.

Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,

Алты қанат ақ орда үй шайқалды.


Әуес көріп жүгірген жас балалар

Беті-қолы домбығып, үсік шалды.

Шидем мен тон қабаттап киген малшы

Бет қарауға шыдамай, теріс айналды.


Қар тепкенге қажымас қайран жылқы

Титығы құруына аз-ақ қалды.

Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр,

Малшыларым, қор қылма итке малды.


Соныға малды жайып, күзетіңдер,

Ұйқы өлтірмес, қайрат қыл, бұз қамалды!

Ит жегенше, Қондыбай, Қанай жесін,

Құр жібер мына антұрған кәрі шалды.


3-топ

Күз


Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан.

Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.

Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.


Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,

Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.

Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,

Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.


Біреу малма сапсиды, салып иін,

Салбыраңқы тартыпты жыртық киім.

Енесіне иіртіп шуда жібін,

Жас қатындар жыртылған жамайды үйін.


Қаз, тырна қатарланып қайтса бермен,

Астында ақ шомшы жүр – ол бір керуен.

Қай ауылды көрсең де жабырқаңқы,

Күлкі-ойын көрінбейді, сейіл-серуен.


Кемпір-шал құржаң қағып, бала бүрсең,

Көңілсіз қара суық қырда жүрсең.

Кемік сүйек, сорпа-су тимеген соң,

Үйде ит жоқ, тышқан аулап, қайда көрсең.


Күзеу тозған, оты жоқ елдің маңы,

Тұман болар, жел соқса, шаң-тозаңы.

От жақпаған үйінің сұры қашып,

Ыстан қорыққан қазақтың құрысын заңы.



Хрестоматия, түсіндірме сөздіктер

Өзіндік оқуға 4 минут

Сұрақтарға жауап беру

3 минут


Оқулықтың 103-104 бетін оқу


  1. Абайдың «Жазғытұры», «Қыс», «Күз» өлеңдері қандай әдеби жанрға арналған?

  2. Бұл өлеңдерде бір сөйлеммен айтқанда не суреттеледі?

  3. Не себептен сөзбен өрнектелген бұл табиғат көріністегі өзгеше әлемді жүрегімізбен ынтыға қабылдаймыз?

  4. «Жазғытұры» өлеңінде үлкен бір суреттің бөлшегі болар сөз тіркестерін тауып оқыңыз. («кілемнің түгіндей», «елжіреген күннің көзі», «масатыдай құлпыраған жердің жүзі»)

  5. «Жазғытұры» өлеңі бойынша «гүл мен ағаштың майысып қарауы», «судың сылаңдап ағуы» қандай образды суретті беріп тұр?

  6. Ақын тағы бір табиғат лирикасына арналған «Жаздыгүні шілде болғанда» өлеңін баспа бетіне ең алғаш автор болып жазған. Абай Осыға дейін өз өлеңдерін баспа бетіне кімнің атымен шығарып отырған?



Оқулық

Үй тапсырмасын түсіндіруге

1 минут


1 минут

Іздену тапсырмасы.

1880-1886 жылдары Абай Құнанбайұлы өз өлеңдерін баспа бетіне Көкпай Жанатайұлы атымен шығарып отырған.

Абай авторлық құқығын алып, ең алғаш баспа бетіне «Жаздыгүні шілде болғанда» өлеңін жариялағаны туралы «Қазақ әдебиеті» газет. 17.01.2014ж. А.Ерланұлының мақаласынан оқып келеміз.

«Жаздыгүні шілде болғанда» өлеңін оқу.



Артық болмас білгенің!

Абайдың ұлы Тұрағұл ұлы ақын туралы жазған естеліктерінен берілген мәліметті оқу.



Кеспе қағаз

«Дала уалаятының газетін»тұрақты оқитын қазақ 1889 жылы жетінші санын қолында алып, ақтарып қараған кезде «Жаздыгүні шілде болғанда» өлеңі көзіне оттай басылғаны хақ. Көз жүгірте бастағанда таныс тіршілікті суреттеудегі сөздің өзгеше құйылысына түйсініп, тұщынса да, тұрмыс қозғалысын тілмен кестелеудің бұрын-соңды кезіктірмеген бейнелеуін жатырқар-жатырқамасын білмей, малдас құрған қалпы сазара отырып қалған шығар.» Семей оязы шығыс елінің қазағы Ибраһим Құнанбай ауылының Бақанас өзенінде Көпбейіт деген жерде қонып жатқан түрі». Сол жылы журналистикасының қазақылығы – авторды айғайлатып тұрып көрсетпей, елеусіз атап қана қояды. Біз үшін жетінші сан қашан да киелі.

(«Қазақ әдебиеті» газеті. 17.01.2014ж. А.Ерланұлы)



Қосымша ақпарат

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?



1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет