ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Анықтама. Екіші мүшесінен бастап әрбір мүшесі алдыңғы мүшесіне қандай да бір тұрақты санды қосқанда шығатын сандар тізбегін арифметикалық прогрессия деп атаймыз.
Қосылатын тұрақты сан, кез келген көршілес екі мүшесінің айырымы екенін байқауға болады. Бұл санды арифметикалық прогрессияның айырымы деп атап, d әрпімен белгілейді.
1-мысал. 6;10;14;18;22;26;30;….. және 13;8;3;-2;-7;-12;… тізбектері арифметикалық прогрессия болып табылады, өйткені олардың екінші мүшеден бастап әрбір мүшесі алдыңғы мүшесіне бірінші тізбекте 4 санын , ал екінші тізбекте (-5) санын қосқанда шығады.
арифметикалық прогрессиясының a1 бірінші мүшесін және d айырымын біле отыра есептеулерді тізбектей жүргізу арқылы, оның кез келген мүшесін табуға болады.
Мысалы, егер
және т.с.с.
- арифметикалық прогрессиясының n- мүшесінің формуласы болып табылады.
2- мысал. 218; 212;206;200;194;… арифметикалық прогрессиясының 122 – мүшесін есептейік.
Шешуі:
Достарыңызбен бөлісу: |