Жаңылова Гүлазат Инабатқызы
Қызылорда облысы Қазалы қаласындағы
№8 кәсіптік лицейдің ІІ санатты математика пәнінің оқытушысы
Сабақ жоспары
Пән аты «Геометрия»
Курс ІІ
Топ №79 «Компьютер құрылғыларына қызмет көрсетуші техник»
Сабақтың тақырыбы: «Конус туралы жалпы түсінік»
Сабақтың мақсаты:
Біліміділік: Оқушыларға конус, оның элементтері туралы мағлұматтар беру;
Дамытушылық: Конустың бүйір бетінің, толық бетінің аудандарын табуға есептер
шығарту арқылы оқушылардың шапшаңдық қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: Конустың қолданылатын жерлері туралы мағлұматтар бере
отырып, оқушыларды әдемілікке, тазалыққа, табиғатты
аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, есептер шығару
Пәнаралық байланыс: Қоғамтану, Тарих,
Сабақтың көрнекілігі: Дербес компьютер, диапроектор, сызба плакаттар, т.б.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:1- 2 мин
Оқушылармен сәлемдесу;
Оқушыларды түгелдеу;
Назарларын сабаққа аудару;
Оқу – құралдарын түгелдеу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау, бекітіп қорытындылау: 10-12 минут
Топ оқушыларын екі топқа бөлу
І топ және ІІ топ
Үй тапсырмасын оқушылардан «Баспалдақ ойыны» арқылы сұрап тексеремін. Ол үшін оқушылар төмендегі тапсырмаларды екі жақтап орындап, баспалдақтың ең жоғарғы бөлігіне жетіп, туды тігу керек. Қай топ туды бірінші тіксе, сол топ жеңіске жетеді.
дл
Достарыңызбен бөлісу: |