Сабақ жоспары Пән: Қазақ әдебиеті Сынып: 10а



Дата10.03.2017
өлшемі41,55 Kb.
#11308
түріСабақ
Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Пән: Қазақ әдебиеті

Сынып:10а

Уақыты:9.02.2016ж



Тақырыбы

Ж.Жабаев «Сұраншы батыр»дастаны

Мақсаты:

Оқушыларға Ж.Жабаевтың «Сұраншы батыр» дастанының жазылу тарихы туралы түсінік беруДастанды оқып,тақырыбы мен негізгі идеясын ашу.

Міндеттері:


Ғасыр жасаған жасаған Ж.Жабаев туралы терең түсінік алу;

Шығармашылығымен танысу.



Күтілетін нәтиже


Ақын туралы толық мәлімет алады.

Дастандарын оқып,тарихпен байланыстыра әңгімелейді.



Қолд.әдіс-тәсілдер:

Сұрақ – жауап,СТО техн. Бағалау парағы.



Ресурстар

оқулық, Ақын портреті..



Сабақ барысы
Тұсау кесер

Үй тапсырмасы

Қызығушылықты ояту

Негізгі бөлім

Мәтінмен жұмыс
Қорытынды

Үйге тапсырма


Бағалау

Кері байланыс


Мұғалімнің іс-әрекеті


  1. Сәлемдесу.

  2. Кезекші мәлімдемесі.

  3. Журнал бойынша түгендеу.

Ж.Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы. «Өтеген батыр»дастаны. Үй жұмысы сұрақ-жауап әдісі бойынша сұралады.

1.Ақын қай жерде дүниеге келді? Ақынға Жамбыл есімі не себепті қойылды?

2.Бала Жамбылдың ақын Жамбыл атануына қандай жағдайлар әсер етті?

3.Жамбыл ақын мен Сүйінбай Аронұлының арасынды қандай байланыс болды?

4.Ж.Жабаевтың шығармашылығы туралы.Ақынның қандай өлеңдерін білесің?

5.Жамбыл – айтыс ақыны.Ақынның айтыс өнеріне қосқан үлесі туралы әңгімеле.

6.Өтеген батыр туралы әңгімеле.


Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылықтарын ояту мақсатында бірнеше сұрақтар қоямын.Сол сұрақтардың жауабының «Сұраншы батыр»деген жаңа сөз шығады.

1.Жамбыл сыйынған ақын? (Сүйінбай)

2.Алғадай Жамбылға кім болып келеді? (Ұлы)

3. Әдебиеттегі өткір сын ажуа,мысқыл бір сөзбен қалай аталады? (Сатира)

4.Жамбылдың алғашқы өлеңі («Шағым»)

5.Ақынның дастаны (Өтеген батыр)

6. Жамбылмен айтысқан ақын? (Шашубай)

7.1916 ж Патша бұйрығына орай шығарған өлеңі қалай аталады? (Зілді бұйрық)

Ендеше,біз бүгін Жабыл ақынның «сСұраншы батыр» дастанымен танысамыз.

Тақырыпты үш топқа бөліп беремін.

Енді І топ мәтіннің ішінен көнерген сөздерді табады.(Қылыш,әскер,сауыт,т.б.)

ІІ топ Тұрақты тіркестерді табады. (Қабағынан қар жауу,кірпігіне мұз қату,т.б.)

ІІІ топМәтіннен синоним,антоним сөздерді табу.
«555» әдісі бойынша бүгінгі сабақты қорытындылау.

1.Ж.Жабаев туралы 5 сөйлем жазу.

2.Дастандары туралы 5 сөзден тұратын 1 сөйлем жазу.

3.5 дыбыстан тұратын бір сөзбен қорытындыла.


1.«Жүз жасаған бәйтерек» Ж.Жабаев туралы эссе жазу.

2. «Сұраншы батыр» дастанын оқып,мазмұнын айту.

Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау үшін бағдаршам көздері пайдаланылады.

Бүгінгі сабақ маған ұнады.Өйткені ...

Ұнаған жоқ.Өйткені ...


Оқушының іс-әрекеті
Кезекші мәлімдеме жасайды.

Үш топқа бөлінген оқушылар 2 сұрақтан суырып алып,берілген сұраққа жауап береді


«Сұраншы батыр» деген сөзжұмбақты шешеді.

Топ болып оқып,дастан не туралы екенін,тақырыбы мен идеясын,кейіпкерлеріне тоқталады.
Берілген тапсырманы дәптерге орындайды.

Оқушылардың пікірі тыңдалады.













Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет