Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Пән: қазақ тілі және әдебиет
|
Мектеп: Павлодар қаласы №18 жалпы орта білім беретін мектебі
|
Күні:
|
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: Альмукашева Шынар Амантайқызы
|
Сынып: 5
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Бөлім:
|
3-бөлім:
«Қазақстандағы жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемі»
|
Тақырыбы:
|
7 сабақ : «Қазақстан барысы (мультфильм) негізінде»
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
|
Т4. Фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби мәтіндердің мазмұнын түсіну.
О5. Қосымша ақпарат көздерінен тақырыпқа байланысты мәліметтерді ала білу.
|
Сабақтың мақсаттары
|
Оқушылардың барлығы істей алады: Шағын көлемді көркем әдеби мәтіндердің мазмұнын түсіне алады. Тақырыпқа байланысты мәліметтер жинақтай алады.
Оқушылардың көбі істей алады: Мәтін мазмұнын түсінеді, тақырыпқа байланысты мәлімет береді.
Оқушылардың кейбірі істей алады: Мәліметтерді жинақтай отырып, ортақ тақырып шығара алады, пікірін білдіреді, тұжырым жасайды.
|
Тілдік мақсаттар
Ишара:
|
Оқушылар орындай алады: Тыңдалған ақпаратқа байланысты негізгі ақпаратты айтады.
|
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминология: барыс, қабан, аяқтан шалу, ептілік, төзімділік, арқар, борсық, жарялау, ақыру, ырылдау, жыртқыш, алдау т.б
|
Диалог құруға (шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер):
барыс, қабан, аяқтан шалу, ептілік, төзімділік, арқар, борсық, жарялау, ақыру, ырылдау, жыртқыш, алдау т.б
|
Талқылауға арналған сұрақтар:
Бүркіт бұл жарысты неге өткізбекші болды?
Барыстың әрекеті қандай?
Барысты жаттықтырушы атасына қандай мінездеме бересіңдер?
Барыстың орында болсаң сен қалай женер едің?
Керемет. Жарайсың, бәрекелді, өте жақсы
|
Бағалау критерийлері
|
Мәтін мазмұнын түсіну, тақырыпқа байланысты нақты мәлімет алу.
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Білу және түсіну, жоғары деңгей дағдылары
|
Құндылықтарды дарыту
|
Оқушыларды адамгершілікке, игі қасиеттерге баулу
|
Пәнаралық байланыс
|
Қазақстан тарихы, өзін-өзі тану
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Интербелсенді тақта, https://www.youtube.com/user/KazakhstanBarysy Аудиожазба, сөздік аудиожазбасы
|
Алдыңғы білім
|
Тірек сөздерді таба алады. Иллюстрациялық суреттерді ретімен қоя алады.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
3 мин
Топқа бөлу
2 мин
Үй жұмысын тексеру
4 мин
|
Психологиялық ахуал тудыру
- Оқушылармен амандасу:
-Психологиялық ахуал тудыру мақсатында «Шаңырақ» ойсергегін өткізу.
(Оқушылар шеңберге тұрып, түрлі-түсті ленталарды ұстайды. Неге ұқсайды? (жұлдызша, ұлпа қар, дөңгелек т.б.) Ленталардың үстіне шаңырақтың суреті қойылады. Ал енді ше? Шаңыраққа ұқсайды. Ендеше, бір шаңырақтың астында тұрып бір-бірімізге жақсы тілектер айтайық).
Оқушылар ленталардың түсіне қарай 2 топқа бөлінеді.
Қызыл, жасыл түсті лента - І топ
Сары, көк лента - ІІ топ
Топтың атын қояды, топ басшысын, топ мүшелерін (спикер, тайм-кипер, хатшы, бақылаушы) сайлайды.
«Жүзім шоғы» Кластер толтыру
Оқушылар «Қазақстан барысы» туралы үйден жазып келген мәліметтері бойынша кластер толтырады.
Қалыптастырушы бағалау.
«Смайликтер арқылы» (Мұғалім бағалайды)
|
«Шаңырақ» суреті
Түрлі-түсті ленталар
|
I деңгей
Білу
3 мин
II деңгей
Түсіну
3 мин
III деңгей Қолдану
5 мин
IV деңгей
Талдау
6 мин
Сергіту сәті
2 мин
V деңгей Жинақтау
6 мин
VI деңгей
Бағалау
3 мин
Кері байланыс
2 мин
Үйге
тапсырма
1 мин
|
Қызығушылықты ояту сатысы
«Қазақстан барысы» мульфильмінен үзінді көрсетіледі.
- Фильмнің бұл үзіндісінен кімдерді көріп тұрсыңдар?
- Осы адамдарды көркем шығармада бір сөзбен қалай атайды?
- Кейіпкер деген сөзді қалай түсінесіңдер?
- Балалар, бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?
- Сабаққа қандай мақсат қоямыз?
«Контейнер» («Қоржын») әдісі
(Мұғалім тақтадан 2 контейнердің суретін көрсетеді. «Негізгі кейіпкер», «Қосымша кейіпкер». Әр топтан 1 оқушыдан шығып, кезек-кезегімен "қоржыннан" шыққан сөздерді (кейіпкерлердің аттарын) тиісті контейнерлерге орналастырады.
Тапсырманы саралау:
Қажеттілігі бар оқушылар:
Шығармаға сүйене отырып, негізгі және қосымша кейіпкерлерді анықтайды.
Ерекше қабілетті оқушылар:
Негізгі кейіпкерлердің біреуіне дәлелді түрде сипаттама береді.
Қалыптастырушы бағалау.
«Бас бармақ» әдісі
Бағалау критерийі
|
Дескриптор
|
- шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы негізгі және қосымша кейіпкерлерді ажыратады;
- негізгі кейіпкердің образын сипаттайды.
|
- негізгі кейіпкерлерді анықтайды;
-қосымша кейіпкерлерді анықтайды;
- негізгі кейіпкердің біреуіне сипаттама береді.
|
«Сипаттама кестесі».
Берілген үзінділер арқылы кейіпкерлерді анықтаңыз және образын суреттеп сипаттаңыз.
Шығармадан үзінді
|
Бұл кім?
Кейіпкердің портреті мен іс-әрекеті
|
Кейіпкердің образын өз сөзіңмен суреттеп сипаттаңыз
|
- Сайыстың аты жарыста жеңген аңның атымен аталатын болады.
|
|
|
-Бұл жарыста жеңіске жету оңай емес, балам!
|
|
|
Ептілік пен төзімділік көрсетеді де,жеңімпаз атанады.
|
|
|
Тапсырманы саралау:
Қажеттілігі бар оқушылар:
Шығармаға сүйене отырып, берілген үзінділердің қай кейіпкерге қатысты екенін анықтайды.
Ерекше қабілетті оқушылар:
Кейіпкерлердің образын өз сөзімен сипаттап жазып береді.
Қалыптастырушы бағалау.
«Бағдаршам» әдісі
Бағалау критерийі
|
Дескриптор
|
- үзінділердің қай кейіпкерге қатысты екенін анықтайды;
- кейіпкерлердің образын суреттеп сипаттайды.
|
- берілген үзінділер арқылы кейіпкерлерді анықтайды;
- кейіпкердің портреті мен іс-әрекетін талдайды;
- кейіпкерлердің образын өз сөзімен сипаттайды
|
Пікірталас. (“Венн” диаграммасы арқылы)
І топ: “Ата сөзін тыңдасаң жеңіске жетерсің...”
ІІ топ: “ Ептілік пен төзімділік мұратқа жеткізеді ”
(Әр топ өз тұжырымдарын Венн диаграмма арқылы дәлелдейді.
Тапсырманы саралау:
Қажеттілігі бар оқушылар:
Мәтінге және тірек сөздерге сүйене отырып, кейіпкерлердің жағымды\жағымсыз қасиеттерін жалпылай жазады
Ерекше қабілетті оқушылар:
Кейіпкерлердің жағымды\жағымсыз қасиеттерін нақты, дәлелдеп жазады. Мәтіннен мысал келтіреді.
Қалыптастырушы бағалау.
«Екі жұлдыз, бір тілек»
Бағалау критерийі
|
Дескриптор
|
-кейіпкердің жағымды, жағымсыз қасиеттерін ажыратып, салыстырады
|
-кейіпкердің жағымды қасиеттерін топтастырып жазады;
-кейіпкердің жағымсыз қасиеттерін топтастырып жазады;
- мәтіннен мысал келтіреді
|
«Көңілді күн» жаттығуын орындау
«Сезімді ояту картасы» әдісі
Өзіңіз таңдау жасаған бір кейіпкерге хат жазыңыз. (Хатта кейіпкерден алған әсерің жүйелі жеткізу үшін қажеттілігі бар оқушыларға төмендегідей кесте беремін)
Елестету
|
Кейіпкерді қандай адам деп елестетесің?
|
Сүйсіну
|
Кімдердің қандай қылығына сүйсіңдің?
|
Жек көру
|
Кімдердің қандай әрекеті ұнамады?
|
Жаны ашу
|
Қай жерде өзіңде жан ашу сезімі пайда болды?
|
Өкініш
|
Өкініш сезімі пайда болды ма? Қашан?
|
Таңдану
|
Таңғалып, риза болған сәтің ше?
|
Тапсырманы саралау:
Қажеттілігі бар оқушылар:
Кестеге сүйене отырып, жеңіл хат жазады
Ерекше қабілетті оқушылар:
Нақты дәлелдер келтіре отырып, хат құрылымын сақтап, күрделі хат жазады.
Қалыптастырушы бағалау.
«Мадақтау сэндвичі»
Әр топтан ең үздік деген 1 хат «Автор орындығында» оқылады
Бағалау критерийі
|
Дескриптор
|
- шығармадан өзі таңдаған бір кейіпкерден алған әсері туралы кейіпкерге хат жазады;
- хат құрылымын сақтайды.
|
- шығармадағы бір кейіпкерге таңдау жасайды;
- кіріспе бөлімде кейіпкермен амандасып, оның бойынан көре алған қасиеттері туралы жазады;
- негізгі бөлімде шығармадан дәлелдер келтіре отырып, кейіпкер бойынан көрген жақсылық немесе кемшіліктерін айтады;
- қорытынды бөлімде кейіпкерімен қоштасады.
|
Концептуалдық кесте арқылы кейіпкерлерге баға беру
№
|
Кейіпкер
лер
|
Өмірге қызығушылығы
|
Адамгершілік қасиеті
|
Кейіпкер
лерге баға
|
1
|
Ата
|
|
|
|
2
|
Барыс
|
|
|
|
3
|
Аю
|
|
|
|
4
|
Борсық
|
|
|
|
Тапсырманы саралау:
Қажеттілігі бар оқушылар:
Мәтінге және тірек сөздерге сүйене отырып, кейіпкерлерге баға береді.
Ерекше қабілетті оқушылар:
Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып, бағалайды. (Өмірге қызығушылығы, адамгершілік қасиеттері т.б.)
Қалыптастырушы бағалау.
«Геометриялық фигуралар» әдісі
Бағалау критерийі
|
Дескриптор
|
- Берілген кейіпкерлерге баға береді.
- Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып, бағалайды.
|
- Мәтінге және тірек сөздерге сүйене отырып, кейіпкерлерге баға береді.
-Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып, бағалайды.
|
Оқушылар бүгінгі сабаққа кері байланыс береді.
Чемодан – бәрін түсіндім, өте қызық, өзіммен бірге алып жүремін.
Еттартқыш – әлі де ойлану қажет, түсінбеген жерлерім бар.
Қоқыс жәшігі – алған ақпарат маған қажет емес.
“Мен өз Отанымның патриотымын ” деген тақырыпқа шағын ой толғау жазу.
|
Мултьфильм
https://www.youtube.com/user/KazakhstanBarysy
Қоржын,
контейнерлер
Карточкалар
Видеоролик
Конверт
|
Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?
Қабілетті оқушыларға тапсырманы қалай түрлендіресіз?
|
Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
|
Пәнаралық байланыс
денсаулық жəне
қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс; Құндылықтар
мен байланыс (тәрбие элементі)
|
Сабақ барысында оқушылардың деңгейін, қажеттілі-гін үнемі ескеріп отырдым. Яғни, әрбір тапсырманы саралап бердім.
Сабақ үстінде қажеттілігі бар оқушыларға көбірек қолпаштап, қолдау көрсетіп отырдым. Ол үшін оларға көркем шығарманы, тірек сөздер мен суреттерді, кестелерді үлестіріп бердім.
Қабілеті жоғары оқушылардың да қабілеттерін ескере отырып, тапсырма-ларды саралап, зерттеушілік, шығармашылық деңгейде бердім. Мысалы: бүгінгі сабақта қабілетті оқушылар
кейіпкерлердің образын өз сөзімен сипаттап айтып берді, кейіпкерлердің жағымды\жағымсыз қасиеттерін дәлелдеп жазды, нақты дәлелдер келтіре отырып, кейіпкерге хат жазады, кейіпкер-лерді шынайы өмірмен байланыстырды.
|
Оқушылардың білімін тексеруді қалыптастырушы бағалау арқылы жүзеге асырдым. Бүгінгі сабағымда төмендегідей бағалау түрлерін қолдандым:
- «Бас бармақ» әдісі
- «Бағдаршам» әдісі
- «Бағалау сэндвичі»
- «Екі жұлдыз, бір тілек»
- «Геометриялық фигуралар»
Бұлардың ішінде сәтті шыққаны – «Бағалау сэндвичі» және «Екі жұлдыз, бір тілек». Себебі, мұнда оқушылар бір-бірін бағалап қана қоймайды, сонымен бірге өз ойларын және ұсыныстарын нақты білдіреді.
Бүгінгі сабағымда пікірталас ұйымдастырған кезде және кейіпкерге хат жазу барысында осы бағалау түрлерін қолдандым.
|
Қазақстан тарихы, өзін-өзі тану
Оқушылардың денсаулығын жақсарту мақсатын-да сергіту сәтін өткіздім.
Сабақ үстінде қауіпсіздік ережелері сақталды. Берілген тапсырма-лардың барлығы оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулы-ғына қауіп төндірген жоқ.
АКТ-ны сабақ үстінде ұзақ пайдаланбаймын. Тек кейбір тапсырмаларды орындатқан кезде қолдандым.
Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта алды.
Оқушыларды адамгершілікке, игі қасиеттерге баулу
|
Сабақ бойынша
Рефлексия
Бүгінгі сабақтың оқу мақсаттары мен сабақ мақсат-тары шынайы,
қолжетімді болды.
Барлық оқушылар оқу мақсатына қол
жеткізді деп ойлаймын. Сабақта
саралау дұрыс
жүргізілді. Яғни, барлық тапсырма-лар сараланып берілді. Сабақ кезеңдерінде
уақытты тиімді
пайдаландым, барлық тапсырма-лар уақытында орындалды.
Сабақ жоспарынан
ауытқулар болған жоқ.
|
Оқу мақсатына жету үшін төмендегі әдіс-тәсілдер тиімді болды деп ойлаймын.
1.«Сипаттама кестесі»
Оқушылар берілген үзінділер арқылы кейіпкерлерді анықтайды және образын суреттеп сипаттайды. Ең алдымен, тапсырманы саралап аламын. Қажеттілігі бар оқушылар шығармаға сүйене отырып, берілген үзінділердің қай кейіпкерге қатысты екенін анықтайды.
Ерекше қабілетті оқушылар кейіпкерлердің образын өз сөзімен сипаттап жазып береді.
2. «Сезімді ояту картасы» әдісі
Өзі таңдау жасаған бір кейіпкерге хат жазыңыз. Тапсырманы саралап беремін.Қажеттілігі бар оқушылар кестеге сүйене отырып, жеңіл хат жазады.Ерекше қабілетті оқушылар нақты дәлелдер келтіре отырып, хат құрылымын сақтап, күрделі хат жазады.
|
Жалпы бағалау
Сабақта ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?
1. Белсенді оқыту әдістерін тиімді пайдалану
2. Тапсырмалардың сараланып берілуі
Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?
1. Уақытты үнемді пайдалану
2. Қалыптастырушы бағалау түрлерін түрлендіру
Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың
жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нəрсеге
назар аудару қажет?
- Уақытты үнемді пайдалану
|
«Қазақстан барысы» мәтіні
Ерте,ерте,ертеде бүркіт: "Кім күшті?"деген қазақша күрестен сайыс өткіземін",-деп жан-жануарларға жар салыпты. Аю,жолбарыс,қасқыр,қоян,барыс,арқар мен борсық та сайысқа қатысуға дайындала бастайды.
Атасы барысты сайысқа дайындайды.
Бұл жарыста жеңіске жету оңай емес, балам! Сайыста күшті болу керек, бірақ епті болған одан да пайдалы. Осыны !- деп, атасы барысқа ақыл айтады. Барыс сайысқа қатысу үшін көп жаттығады.
Сонымен, сайыс күні де келіп жетеді. Бүркіт, қабан,таутеке төреші болады.
Сайыстың аты жарыста жеңген аңның атымен аталатын болады,-деп бүркіт жариялайды.
Қасқыр мен қоян,арқар мен борсық,аю мен қабан, барыс пен келес күреседі.Қоян қасқырды,аю қабанды,борсық арқарды,барыс келесті жеңеді.
Жартылай сайыста аю мен қоян,барыс пен борсық күреседі. Аю қоянды,барыс борсықты жеңеді де, аю мен барыс ақтық сайысқа шығады.
Барыс аюмен күреседі. Ол атасының айтқан ақылын есіне түсіреді де, ептілікпен өзінен күшті аюды аяқтан шалып жеңеді.
Сөйтіп, барыс ептілік пен төзімділік көрсетеді де,жеңімпаз атанады. Содан бері қазақша күрестен болатын сайыс барыстың атымен аталатын болды.
Мәтінді мұқият оқы, сұрақтарға жауап бер.
Бүркіт қандай жарыс өткізбекші болды?
Жарысқа қандай аңдар қатысты?
Барыс жарысқа қалай дайындалады?
Оған атасы қандай ақыл айтты?
Жарысқа қандай аңдар төреші болды?
Жартылай саыйсқа қай аңдар шықты?
Шешуші сайыста кай аң жеңеді?
Сайыс қай аңның атымен аталатын болды?
Достарыңызбен бөлісу: |