МГ № 162 МГ № 162 МГ № 162 МГ № 162 Химиядан сабақ жоспары Пән мұғалімі Сыдықбекова Т.Н. Сыныбы – 11(ж) сабақ реті: күні________
Тақырыбы
§1.1. Химиялық элементтердің периодтық жүйесін атом құрылысы тұрғысынан сипаттау.
уақыты
Білімділік мақсаты: дамытушылық:
тәрбиелік:
Оқушылардың перидтық заң, атом құрылысы тұрғысынан химиялық элементтердің периодтық жүйесі, атом құрылысы тұрғысынан химиялық элементтердің периодтық жүйесіне сипаттама беру,атомдағы,изотоптардағы электрондардың таралып орналасуы туралы білімді қайталау;
химиялық элементтердің периодтық жүйедегі орны ,атом құрылысына тұрғысынан сипаттама беру,химиялық қасиеттерінің атом құрылысы тұрғысынан өзгеру заңдылықтарын түсіндіре білу , электрондық және графиктік формулаларын құру дағдыларын ары қарай дамыту, көңіл аудару,есте сақтау қабілеттерін дамыту;
сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.
Сабақ типі:
қайталау сабақ
Сабақ өткізілу түрі:
кітаппен өз бетінше жұмыс , 11-ЕТЖ-1 жаттығулар орындау
Құралдар мен реактивтер:
Кітап, дәптер, интерактивті тақта,видеофрагмент көрсету 11-ЕТЖ-1, . ХЭПЖ,
Ұйымдастыру
кезеңі:
(Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.)
-сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ;
-оқушыларды психологиялық дайындау.
Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету.
1-2
Оқушыларды білімді ,саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:
1.Сабақ тақырыбын хабарлау.Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын айқындау.
Жаңа материалды оқып үйренудің практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.Білімді жаңғырту. (Актуализация )
Білімділік міндеттері: .
-оқушылардың білім алуға деген ынта-ықыласын жұмылдыру.
-оқушыларды білім алудың мақсаттарын анықтауға;
- оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы ,ой қорытындыларын жасауы,жалпылай және жүйелей білуі.
2.Оқыту проблемалары:
1.Білімді жаңғырту:
Периодтық заңның жаңа анықтамасы
ХЭПЖ құрылысы
Атом құрылысы
Периодтық заңның маңызы
Периодтық жүйедегі орнына байланысты химиялық элементтердің сипаттамасы.
Неге периодтық жүйе периодті деп аталады?
Элементтің реттік нөмірі,топ нөмірі, период нөмірінің физикалық мәнін қалай түсінесіңдер?
7-8
Білімді қорытындылау және жүйелеу:
-тапсырмаларды оқушылар өз бетінше орындайтындай дәрежеге жеткізу;
-оқушылар білімі мен сыныптың ерекшелігіне қарай отырып тапсырманың күрделілігін анықтау;
Дәптермен жұмыс:
1. Реттік нөмірі 4,15,31-ге тең элементтерге сипаттама бер.
№4
№15
№31
Топ, период, қосымша топша номері
Бериллий, 2,2, негізгі
Фосфор, 5, 3, негізгі
Галлий,3,4, негізгі
Электрондық формуласы
2,2
2,8,5
2,8,18,3
Графиктік формуласы
1s2
2s2
1s2
2s2 2 p6
3s2 3 p1
1s2
2s2 2p6
3s2 3p6 3d10
4s2 4p1
s-элемент
Р-элемент
Р-элемент
2. Реттік нөмірі 5, 16, 27- ге тең элементтердің электрондық, графиктік формуласын құрыңдар.
3. 1-8 жаттығуды орында.9 бет
*1.протондар,нейтрондар, электрондар
*2.Ядрода протон саны бірдей,бірақ нейтрон саны әртүрлі,яғни атомдық массасы да әртүрлі атомдар түрін изотоптар деп атайды.
*3.мысалы: алюминий изотопы (13,14); оттек (16,17,18) т.б.
*4.Негізгі топшаларда сыртқы қабатта1-8-гедейін электрон болады-бұлар s- р-элементтер; қосымша топшаларда d- және f-элементтер орналасады.
16-17
Білімді тексеру және өз бетінше тексеру кезеңі:
-оқушылардың өтілген материалды қаншалықты дұрыс меңгергенін анықтау;
Оқушылардыңіс-әрекеті мен біліміндегі олқылықтарды анықтау.Кеткен олқылықтардың себебін анықтау.
-оқушылардың өзін –өзі бағалау қабілеттерін дамытуға жағдай жасау
-оқушыларға үй тапсырмасының берілу мақсаты ,мазмұны шығарылу жолы түсінікті болуын қамтамасыз ету
1. Үй тапсырмасын орындауға берілетін нұсқаулар.
2.Дәптерге жазғандарын тексеру .
Үй тапсырмасын орындауға нұсқау беру: параграф 1.1 -оқу, № 7,9,10жатт.
5-6
Сабақ қоры-тындысын шығару кезеңі.
- жекелеген оқушылар мен сынып жұмысына баға беру.Сабақтың кемшілігі мен қорытындысын шығару. Баға қою.
1-2
Рефлексия кезеңі:
Білімділік міндеттері:
-оқушы мен мұғалім арасындағы дұрыс қарым қатынасты тудыру.
-оқушылардыңөзін өзі басқару және басқа адамдармен дұрыс қарым –қатынас принципін үйрету.
1-2
МГ № 162 МГ № 162 МГ № 162 МГ № 162 Химиядан сабақ жоспары Пән мұғалімі Сыдықбекова Т.Н. Сыныбы – 11(ж) сабақ реті: күні________
Тақырыбы
§1.2.Химиялық байланыстың түрлері.
уақыты
Білімділік мақсаты: дамытушылық:
тәрбиелік:
Оқушылардың химиялық байланыстың түрі және кристалл торлары туралы алған білімдерін жүйелеу;
заттардың қасиеттерінің атом құрылысына тәуелділігін түсіндіре білу, жай және күрделі заттардың қасиеттерінің химиялық байланыстың түріне тәуелділігіне болжам жасау,құрамы,қасиеттері және кристалл торы арасындағы байланысқа көңіл аудару,алған білімді жетілдіру;қорытынды жасау, көңіл аудару,есте сақтау қабілеттерін дамыту;
сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.
Сабақ типі:
қайталау сабақ
Сабақ өткізілу түрі:
кітаппен өз бетінше жұмыс , жаттығулар орындау
Құралдар мен реактивтер:
Кітап, дәптер, интерактивті тақта, ХЭПЖ,.
Ұйымдастыру
кезеңі:
(Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.)
-сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ;
-оқушыларды психологиялық дайындау.
Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету.
1-2
Оқушыларды білімді ,саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:
1.Сабақ тақырыбын хабарлау.Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын айқындау.
Жаңа материалды оқып үйренудің практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.Білімді жаңғырту. (Актуализация )
Білімділік міндеттері: .
-оқушылардың білім алуға деген ынта-ықыласын жұмылдыру.
-оқушыларды білім алудың мақсаттарын анықтауға;
- оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы ,ой қорытындыларын жасауы,жалпылай және жүйелей білуі. Білімді жаңғырту.
Фронталды әңгімелесу:
1.Реттік нөмірі 21,23- ге сипаттама бер.
2.Реттік нөмірі 9,15- ке тең элементтердің электрондық, графиктік формуласын құрыңдар.
3. 1-8 жаттығуды орында.9 бет
1.протондар,нейтрондар, электрондар
2.Ядрода протон саны бірдей,бірақ нейтрон саны әртүрлі,яғни атомдық массасы да әртүрлі атомдар түрін изотоптар деп атайды.
3.мысалы: алюминий изотопы (13,14); оттек (16,17,18) т.б.
4.Химиялдық байланыстың қандай типтерін білесіңдер?Мысал келтіріңдер.
7-8
Жаңа сабақ түсіндіру кезеңі:
Білімділік міндеттері:
Берілген материалды оқушылардың қабылдауын есте сақтауын қамтамасыз ету;
- оқушылардың білімді қабылдауына,алған білімнен қорытынды шығаруға,жүйелеуге қажетті түрлі әдіс –тәсілдерді үйрету;
- оқушылардың білімді қайта жаңғырту әдістерін қабылдауы;берілген оқу материалын өз бетінше ұғынуға ,түсініктерді ,заңдарды, анықтамаларды философиялық тұрғыдан түсінуге көмек жасау
Білімді жүйелеу:
Иондық байланыс металдық қасиеті бейметалдық қасиеті айқын ажыратылатын,электртерістілік шамасының айырымы көп элементтер арасында түзіледі.Элекростатикалық күштер арқылы түзілген байланыс ,анығырақ айтсақ катион менанион арасында түзілген байланыс иондық байланыс деп аталады.
Иондық байланыстың сипаттамасы:
Бағытталмауы,қанықпауы,яғни зарядталған ион қарама –қарсы зарядталған ионды кез-келген бағытта тартады,сондықтан ол бағытталмаған. Өріс күші жойылмаған,сондықтан иондық байланыс қанықпаған.
Иондық байланыспен ковалентті байланыстың принципті айырмашылығы жоқ.Олардың молекуласындағы электрон бұлтының полюстену дәрежесінде айырмашылық бар.Қосылыстарда таза иондық байланыс жоқ.Әдетте иондық байланыстың дәрежесін анықтайды.Мысалы: натрий хлоридінде -0,84.
Қосылыстардың қасиеттері химиялық байланыстың түрі мен олар түзген кристалл торының түріне байланысты. Ковалентті қосылыстар көбінесе суда ерімейді,ерісе жеке молекулалр түрінде кездеседі.
Иондық қосылстар.
Ковалентті қосылыстар
Ериіді,ерітінділерінде
бос иондар
бар,электролизденеді.
Ковалентті қосылыстар негізінде суда ерімейді,ерісе жеке молекула түрінде ғана болады.
Иондық қосылыстардың балқу температурасы жоғары
Балқу температурасы төмен
Қатты заттардың кристалл торының түйіндерінде иондар орналасады.
Металл атомдарының сыртқы деңгейінде бір,екі электроннан тұрады. Үш электрон,иондану энергиясы төмен болғандықтан,электрондық газдар түзіп оңай үзіледі,яғни «бос электрондар» жиынтығы түзіледі.Олар өте қозғалғыш,оңай орын ауыстырады,сондықтан кез-келген металды оң зарядталған металл иондарынан өзара байланысқан элекрондық газдардан тұратын біртұтас тығыз құрылысты деп қарастыруға болады.
Металлдық байланыс
Металл иондары мен шартты бос электрондардың арасындағы байланыс иондық байланыс деп аталады.Бұл металдар мен құймаларға тән.Байланыс түрі –металлдық. Металдық байланыстың ковалентті байланысқа ұқсастығы бар,бұл екі байланыс та валентті электрондар арқылы түзіледі,ковалентті байланыста екі көрші атомның электрондары байланыс түзуге қатысса ,ал металдық байланыста барлық атомның электрондары байланыс түзуге қатысады. Сондықтан ковалентті байланыстың кристалл торлары өте нәзік, ал металдық байланыс - иілгіш.Металдарда иондардың ығысуы байланыс үзілмей-ақ жүруі мүмкін. Бұл байланыстың бағытталмағанын көрсетеді.Металдардың қаттылығын арттыру үшін құймаларға металдардағы ковалентті байланыстың бағытталуына әсер ететін элементтерді қосады,мысалы легирленген болат.Кристалл торындағы металл атомдары қанықпағандығы ,бағытталмағандығы мен сипатталады; физикалық қасиеттері(қаттылығы,электрөткізгіштігі,иілгіштігі,морттығы)
Сутекті байланыс
Сутекті байланыс бір молекуладағы полюстенген сутек атомы мен басқа молекуладағы теріс полюстенген фтор,оттек,азот арасында түзіледі. Молекулааралық молекулаішінде
Молекулааралық сутектік байланыс су молекулалары арасында пайда болады, судың дипольді молекуласында ортақ электрон жұбы электр терістігі жоғары оттек атомына қарай ығысады,ал оң заряд аз мөлшерде протонға жинақталған.Шартты түрде жалаңаш қалған протон басқа молекуладағы жұптасқан электроны бар оттек атомына тартылады.Жаңа байланыс сутектік байланыс пайда болады:
Н Н
Н-----О…..Н----О Н----О О
Н Н Н Н
О
Н
Сутектік байланысты әдетте нүктемен көрсетеді,ол ковалентті байланыстан әлсіз, шамамен 5-20 есе.Сонда да болсамолекулалардың ассоциациялануына әсерін тигізіп,сұйық күйге ауысуына әсер етеді.Қатты мұз үшін молекул-лардың реттеліп орналасуы тән.Сондықтан оның құрылысында молекулалар судың сұйық түріне қарағанда молекулалар орналасу тығыздығы аздау болады.Су қатқан кезде көлемін на 9 % -ға ұлғайтады,және мұздың 0 С-тағы суға қарағанда тығыздығы аз болады.Мұздың тығыздығының судан аздығынан тұщы сулардың беті бірінші қатады.
Сутектік байланыс сутек атомы мен электртерістігі көп атомнан түзілген молекулаларда ,мысалы фтор, оттек, азот, кейде хлор,күкірт . Сутектік байланыс заттардың көптеген қасиеттеріне әсер етеді,осыған байланысты фторсутек су сияқты кәдімгі жағдайда сұйық күйде болады (19,5төмен С) және құрамы мынадый ассоцияланған молекулалар түрінде болады: Н2F2, Н3F3, Н6F6.
Сутектің болуы оттек топшасындағы басқа сутекті қосылыстармен салыстырғанда судың қату және қайнау температураларының жоғары болуы түсіндіріледі.Судағы сутектік байланысты үзу үшін қосымша энергия жұмсауымыз керек.Басқа галогенсутектер (НCl, НВr, НI) және халькогенсутектер (Н2S, Н2Se, H2Te) сутекті байланысы жоқ,газдар болып келеді.Заттардың бұндай ерекше қасиеті олардағы сутекті байланыстың болуымен түсіндіріледі.Заттар сутекті байланыс түзсе суда ериді.Мысалы: этанол суда шектеусіз ериді,себебі су молекулалары мен сутекті байланыс түзіп, ассоциаттивті молекула түзіледі. Сутекті байланыс белок молекуласында және биологиялық қосылыстарда түзіледі.
Сутекті байланысы бар заттар молекулалық кристалл торында болады.
Сутекті байланыс арқылы не түсіндіріледі
ассоциация
қатты және сұйық суда молекулалардың ретті орналасуы, физикалық және химиялық қасиеттеріне,қайнау және балқу свойства, как температуралары, ерігіштік қасиеттеріне, химиялық активтігіне әсер етеді.
Белоктар құрылысында және нуклеин қышқылдарындағы( ДНК) молекулаішілік сутекті байланыстың маңызы ерекше.
16-17
Білімді қорытындылау және жүйелеу:
-тапсырмаларды оқушылар өз бетінше орындайтындай дәрежеге жеткізу;
-оқушылар білімі мен сыныптың ерекшелігіне қарай отырып тапсырманың күрделілігін анықтау;
Дәптермен жұмыс:
Химиялық байланыстың негізгі типтерін сипаттама беріп және мысалдармен заттардың қасиетінің құрылысына тәуелділігінтүсіндіріңдер.
4. реакцияның жылу эффектісіне қарай: экзотермиялық, эндотермиялық
Жіктелудің барлық белгілері органикалық химияда сақталады,бірақ аздаған өзгешелігі бар.Ол реакцияны жіктеудің негізгі белгісі ---заттардың құрылысына байланысты..
Органикалық реакциялар Орын басу қосылу бөлу изомерлену
А) Б) В) Г)
А) Негізгі белгісі жай заттың күрделі затпен әрекеттесуі.Ондай заттар органикалық химиядада бар.Мысалы: натрийдің сірке қышқылымен әрекеттесуі.
2 С Н3 О Н + Na ------ С Н3 О Na + Н
2 С Н3 СООН + Мg -------Мg (СН3 СОО) 2 + Н2
Бірақ органикадағы «орын басу» ұғымы , бейорганикадағы орын басу ұғымының айырмашылығы бар.Егер бастапқы зат молекуласындағы атом немесе функционалды топ басқа атом немесе топқа ауысса ,бұл да орын басу реакциясы деп аталады, ал бейорганикалық химияда бұл алмасу реакциясы болып есептеледі.
СН 3 –СН2 –ОН +НВr-------CH3 –CH2 Br + H2 O
Б) Қосылу деген не? Бұл аз нәрсені негізгіге қосу.Органикалық молекула қосылу реакциясына түсу үшін онда қос байланыс болу қажет,бұл молекула негізгі молекула болып есептеледі.Молекула қос байланыс үзілген жерденқосылады ,немесе тұйықталған тізбек ашылған жерден басталады.
В) Ағылшын тілінің транскрипциясында оларды элиминирлеу реакциясы, бұндай реакциялар айырылу реакциясын еске салады,бірақ өздерінің ерекшеліктері болады.Оларды қосылу реакциясына қарама-қарсы реакция ретінде қарастырады..
Г) Органикалық химияда бастапқы затт молекулалық құрамын сақтайды(ештеңе қосып алмайды,не бөлмейді), бірақ химиялық құрылысын өзгертеді.
Құрамы бір,бірақ құрылысы әртүрлі заттарды не деп атайды? (Изомерлер,бұндай реакциялар изомерлену реакциялары деп аталады.).
СН3-СН2-СН2-СН3 -----------СН3-СН-СН3
СН3
16-17
Білімді тексеру және өз бетінше тексеру кезеңі:
-оқушылардың өтілген материалды қаншалықты дұрыс меңгергенін анықтау;
Оқушылардыңіс-әрекеті мен біліміндегі олқылықтарды анықтау.Кеткен олқылықтардың себебін анықтау.
-оқушылардың өзін –өзі бағалау қабілеттерін дамытуға жағдай жасау
10-ЕТЖ-1 жұмыс істеу .42бет №1.2,3,4 1-нұсқа.
5-6
Үй тапсырмасын беру кезеңі:
Білімділік міндеттері:
-оқушыларға үй тапсырмасының берілу мақсаты ,мазмұны шығарылу жолы түсінікті болуын қамтамасыз ету
1. Үй тапсырмасын орындауға берілетін нұсқаулар.
2.Күнделікке жазғандарын тексеру .
Үй тапсырмасын орындауға нұсқау беру: Параграф 1.3 -оқу. 20-21бет, №3,5,6,8 жатт.
5-6
Сабақ қоры-тындысын шығару кезеңі.
- жекелеген оқушылар мен сынып жұмысына баға беру.Сабақтың кемшілігі мен қорытындысын шығару. Баға қою.
1-2
Рефлексия кезеңі:
Білімділік міндеттері:
-оқушы мен мұғалім арасындағы дұрыс қарым қатынасты тудыру.
-оқушылардыңөзін өзі басқару және басқа адамдармен дұрыс қарым –қатынас принципін үйрету.
1-2
МГ № 162 МГ № 162 МГ № 162 МГ № 162 Химиядан сабақ жоспары Пән мұғалімі Сыдықбекова Т.Н. Сыныбы – 11(қ) сабақ реті: күні________
Тақырыбы
§1.4.Қышқылдар,негіздер,тұздар туралы ілімнің дамуы
уақыты
Білімділік мақсаты: дамытушылық:
тәрбиелік:
Оқушылардың химиялық байланыстың түрі және кристалл торлары туралы алған білімдерін жүйелеу;
заттардың қасиеттерінің атом құрылысына тәуелділігін түсіндіре білу, жай және күрделі заттардың қасиеттерінің химиялық байланыстың түріне тәуелділігіне болжам жасау,құрамы,қасиеттері және кристалл торы арасындағы байланысқа көңіл аудару,алған білімді жетілдіру;қорытынды жасау, көңіл аудару,есте сақтау қабілеттерін дамыту;
электролиттік диссоциациялану теориясын, Усанович теориясын қайталау
сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.
Сабақ типі:
қайталау сабақ
Сабақ өткізілу түрі:
кітаппен өз бетінше жұмыс , жаттығулар орындау
Құралдар мен реактивтер:
Кітап, дәптер, интерактивті тақта.
Ұйымдастыру
кезеңі:
(Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.)
-сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ;
-оқушыларды психологиялық дайындау.
Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету.
1-2
Оқушыларды білімді ,саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:
1.Сабақ тақырыбын хабарлау.Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын айқындау.
Жаңа материалды оқып үйренудің практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.Білімді жаңғырту. (Актуализация )
Білімділік міндеттері: .
-оқушылардың білім алуға деген ынта-ықыласын жұмылдыру.
-оқушыларды білім алудың мақсаттарын анықтауға;
- оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы ,ой қорытындыларын жасауы,жалпылай және жүйелей білуі. Білімді жаңғырту.
Фронталды әңгімелесу:
Қандай заттар электролиттер және бейэлектролитами деп аталады?
Электролиттік диссоциациялану дәрежесі нені көрсетеді?
ЭДТ негізгі қағидалары қандай?
7-8
Жаңа сабақ түсіндіру кезеңі:
Білімділік міндеттері:
Берілген материалды оқушылардың қабылдауын есте сақтауын қамтамасыз ету;
- оқушылардың білімді қабылдауына,алған білімнен қорытынды шығаруға,жүйелеуге қажетті түрлі әдіс –тәсілдерді үйрету;
- оқушылардың білімді қайта жаңғырту әдістерін қабылдауы;берілген оқу материалын өз бетінше ұғынуға ,түсініктерді ,заңдарды, анықтамаларды философиялық тұрғыдан түсінуге көмек жасау
Мұғалімнің түсіндіруі:
1887 жылы ашылған С.Аррениустың ЭДТ қышқылдар,негіздер,тұздардың табиғатын жаңа тұрғыдан оқып үйренуге мүмкіндік берді. Химия ғылымының дамуында иондық теория маңызды роль атқарды. Ионная теория Аррениустың иондық теориясы қышқылдар электролит ретінде сулы ерітіндіде катион ретінде тек сутек катионын түзетін; ал негіздер электролит ретінде сулы ерітіндіде анион ретінде тек гидроксид анионын түзеді;
Қышқылдар сумен әрекеттескенде оксоний ионын Н3О+ түзеді. Мысалы: HNO3===H++NO3
НС1---------Н+С1
Н2SO4----H+HSO4
HSO4 -------H+SO4
Барлық қышқылдар үшін ерітіндіде ортақ ион сутек катионы, қышқылдың қышқылдық қасиетін көрсетеді.Қышқылдар -сулы ерітіндіде катион ретінде тек сутек катионын түзеді. Қышқыл- анионын қышқыл қалдығы деп атаймыз. Гидроксид-ион металл гидроксидтері ерігенде түзіледі. Процесс, негіздердің суда еруін былай көрсетіп жазады:
NaOH----Na +OH
Ca(OH)2----Ca + 2OH
Барлық негіздер үшін ерітіндіде ортақ ион гидроксид -анионы, негіздің негіздік қасиетін көрсетеді..
Негіздер –бұл күрделі заттар сулы ерітіндіде диссоциацияланғанда гидроксид –анионын түзеді.
Тұздар,негіздер молекуласы су молекуласының әсерінен гидраттанған ионға айналады. Ас тұзының судағы ерітіндіе электролиттік диссоциациялану теңдеуі :
NaCl====Na + Cl
NaCl====Na + Cl
Бірақ қышқыл ерітіндісінде протонның оксоний Н3О ионы түрінде болатынын ұмытпау керек.Сулы ерітіндіде барлық катиондар мен аниондар гидраттанған күйде болады.
Қышқылдық-негіздік әрекеттесуді иондық теория тұрғысынан қарастырайық:
Н3ОС1 +КОН ===КС1 + 2Н2О
Н3О +ОН ==2Н2О
Процесс оксоний ионын гидроксид ионымен бейтараптауға әкеледі.Бұдан қышқылдық қасиет тек оксоний ионына,ал негіздік қасиет гидроксид ионына тән екені көрінеді.Бұл иондар өзара байланысып тұздар түзеді.
Қорытынды:
*Қышқыл,негіз,тұздардың сулы ерітіндідегі диссоциациялануы нәтижесінде өздеріне тән иондар түзіледі.
*Қышқылдар сутек катионы мен қышқыл қалдығы анионына диссоциацияланады.
*Сілтілер еіртіндіде металл катионын және гидроксид-анионын түзеді.
*Тұздар еіртіндіде металл катионын және қышқыл қалдығы анионын түзеді.
10-ППР-1, бет(4нұсқа)
1нұсқа №1.
Ba(OH)2 + Na2SO4 ------ 2NaOH + BaSO4
Ba(OH)2 + FeO-------
Ba(OH)2 + Cu(NO3)2----------- Cu(OH)2 + Ba(NO3)2
Ba(OH)2 + KOH ------
Ba(OH)2 + H2SO4-------2HOH + BaSO4
Ba(OH)2 + CO2------ Ba CO3 + HOH
№3.
Усанович теориясы бойынша тұз-қышқыл мен негіз арасындағы бейтараптану нәтижесінде түзіледі.Қышқыл-бұлар катионды беретін немесе анионды қосып алуға бейім бөлшек. Негіздер – бұлар анионды беретін немесе катионды қосып алуға бейім бөлшек .
16-17
Білімді қорытындылау және жүйелеу:
-тапсырмаларды оқушылар өз бетінше орындайтындай дәрежеге жеткізу;
-оқушылар білімі мен сыныптың ерекшелігіне қарай отырып тапсырманың күрделілігін анықтау;
Дәптермен жұмыс:
1.Қандай жағдайда ион алмасу реакйиялары аяғына дейін жүреді?
2. Усанович теориясы тұрғысынан қышқыл,негіз, тұздарға анықтама бер.
3. Магний сульфатын алуға 4 реакция теңдеулерін құрастырып, Усанович теориясына сәйкес түсіндір.
4. Аррениустың электролиттік диссоциацияланудың иондық теориясының қандай кемшіліктері болды ?
10-15
Білімді тексеру және өз бетінше тексеру кезеңі:
-оқушылардың өтілген материалды қаншалықты дұрыс меңгергенін анықтау;
Оқушылардыңіс-әрекеті мен біліміндегі олқылықтарды анықтау.Кеткен олқылықтардың себебін анықтау.
-оқушылардың өзін –өзі бағалау қабілеттерін дамытуға жағдай жасау
Жұппен жұмыс істеу
5-6
Үй тапсырмасын беру кезеңі:
Білімділік міндеттері:
-оқушыларға үй тапсырмасының берілу мақсаты ,мазмұны шығарылу жолы түсінікті болуын қамтамасыз ету
1. Үй тапсырмасын орындауға берілетін нұсқаулар.
2.Дәптерге жазғандарын тексеру .
Үй тапсырмасын орындауға нұсқау беру: Параграф 1.4 -оқу. 26-бет, №5-7 жатт.