Сабақ жоспары Пәні: Қазақстан тарихы Тобы: Уақыты



Дата04.07.2018
өлшемі445,5 Kb.
#46561
түріСабақ
Батыс Қазақстан облысы , Орал қаласы,

Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті,

гуманитарлық институтының аға оқытушысы, тарих магистрі

Тапалова Арайлым Аманжановнаның

Сабақ жоспары


Пәні:

Қазақстан тарихы

Тобы:




Уақыты:




Сабақтың тақырыбы:

Ресейдің қол астына өткенге дейінгі қазақ елінің жағдайы

Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

А) ақпараттық құзыреттілік


Ә) коммуникативтік құзыреттілік
Б) проблеманы шешу құзыреттілігі

Қазақстанның XVIIIғ.бас кезіндегі хандығының саяси-әлеуметтік жағдайы туралы жаңа ақпараттарды меңгерту,зерттеулер жүргізу арқылы нақты түсініктерді дамыту,тақырыпқа сәйкес материалдар жинақтау.

Қазақ тарихындағы бытыраңқылық кезеңі,жоңғар шапқыншылығының зардаптары туралы түсініктерін қалыптастыру,жаңа ақпараттарды пайдалана отырып,тақырыпқа байланысты анықтамаларды талдау,ақпараттық мәдениетін дамыту.

Қазақ елінің ауыр саяси жағдайын түсіндіріп, баға беру, өз ойларын айта білуге үйрету,салыстыру арқылы хандықтағы оқиғаларға қорытынды жасай білу, танымдық қызметін дамыту


Сабақтың түрі:

Жаңа материалды хабарлау

Сабақта қолданатын педагогикалық технологиялар:

ұжымдық және топтық оқыту

Сабақтың әдісі:

Түсіндірмелі –иллюстративті


Пәнаралық байланыс:

Жалпы тарих , Мәдениеттану , География

Оқыту құралдары:

Сөздік,тірек –схема , кестелер






Сабақтың барысы:

Оқытушының қызметі

Студенттің қызметі

Күтілетін нәтиже










студент

І. Ұйымдастыру бөлімі

Амандасу ,сабаққа психологиялық дайындық жасау

Сәлемдеседі.

Оқулықты, дәптерді әзірлейді.




Сабаққа әзірлігін, жұмысқа даярлығын ұйымдастырады.

ІІ. Жаңа материалды хабарлау

Жаңа сабақтың мақсатын түсіндіреді,жоспары көрсетіледі.

1. ХVІІ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ хандығы. 2.Қазақ- жоңғар қатынастарының шиеленісуі. Қазақ хандығының бытыраңқылығы 3.«Ақтабан шұбырынды» жылдары



Студенттер оқулықтарды пайдалана отырып,жаңа ақпараттарды қабылдайды.




Қызығушылығы артады, негізгі ақпараттарды алады. Әртүрлі жағдайдағы проблемаларды анықтайды, жауапты шешім қабылдайды, өз шешімінің нәтижесін табады.





1.ХVІІ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ хандығы

XVIІ ғасырдың 20-жылдарының екінші жартысы мен 30-жылдары

біршама әлсіреген қазақ хандығының қайтадан бой көтеріп, іргелі, қуатты елге айналуы Хақназар ханның есімімен байланысты. Хақназар өзінің әкесі Қасымның тұсындағы қазақ хандығының аумағын қалпына келтіруге тырысады.Есім хан (1598-1628) билігі кезіндегі қазақ хандығының тарихи өте күрделі жағдайы өтті.

Қазақ хандығының ішкі жағдайында да алауыздық тар көбейіп жекелеген ірі қазақ сұлтандары іс жүзінде Есім ханға тәуелсіз болды. Солардың ішінде әсіресе, Жалым сұлтанның ұлы Тұрсын ханның дәмесі зор еді. Ол Ташкентте отырып өзін хан деп жариялады.




1643ж. Есімнің ұлы Жәңгір хан




1635ж Жоңғария мемлекеті құрылды.

1643ж. Қазақ-жоңғар шайқасы болды

«Орбұлақ шайқасы»


Салқам Жәңгір

.


Қазақ хандығының саяси ауыр жағдайы мен бытыраңқылығы туралы ақпараттар беріледі. XVIIғ.ғ.қазақ хандығының әлеуметтік-саяси жағдайы туралы тірек-сызбаларды толтырады, әр кезеңнің ерекшелігі мен маңызды оқиғаларына тоқталып,басты оқиғалар туралы ақпараттар беріледі.Есім хан мен Жәңгір хан тұсындағы қазақ-жоңғар қатынастарының шиеленісуі жөнінде кесте толтырады.

Берілген тапсырмалар арқылы ақпараттық мәдениетін дамытып,ой-өрісін қалыптастырады. Қосымша берілген ақпараттарды пайдаланып,оқулықтағы жаңа терминдермен жұмыстанады.


Қазақ хандары мен олардың саяси қызметі туралы мәліметтер жинайды,салыстыра отырып әр кезеңге баға береді .Тарихи мәліметтерге талдау жасайды.

Сыни тұрғыдан талданған ақпараттардың негізінде саналы шешім қабылдап , ойларын тұжырымдайды.

Әр кезеңдегі жүргізілген тарихи деректер туралы алған білімдерін көрсете отырып, олардың негізін біледі.






2. Қазақ-жоңғар қатынастарының шиеленісуі

1635 жылы жаңа мемлекет болып құрылған жоңғар хандығы қазақ хандығының шығыс және оңтүстік-шығыс аудандарына үлкен қауіп төндірді. Цин империясының ығыстыруынан жаңа жайылымдар мен қоныстар іздеген олар қазақ жеріне жорықтар ұйымдастыруын күшейте түседі. XVII ғасыр дың 20-жылдарында-ақ ойраттардың үлкен тобы Тобыл, Есіл, Ертіс бойында көшіп қонып жүрді



Жәңгірдің жоңғарларға қарсы алғашқы шайқасы 1635 жылы болды, бірақ бұл шайқас қазақтар үшін сәтсіз аяқталып, жеңіліске ұшырайды, 1643 жылы Жәңгір хан бастаған қазақтың 600 ер жүрек сарбазы жоңғарлардың елу мыңдық әскеріне тойтарыс береді. Алғаш рет отты қаруды пайдаланған қазақтар Орбұлақ маңындағы тар шатқалда ойраттардың екпінді шабуылына төтеп беріп, мыңдаған жау сарбазын жер жастандырады




«Ақтабан шұбырынды» жылдары

(1723-1729ж.ж.)

Жоңғарлардың қазақ жеріне бағытталған ірі жорықтарының бірі 1710-1711 жылдары жасалды. Осы кезде 1710 жылы Тәуке хан Қарақұмды бүкіл қазақ жүздері өкілдерінің жиналысын шақырды. Үш жүздің басы қосылған бұл жиында елді біріктіру, жоңғарларға қарсы батыл тойтарыс беру мәселесі қаралды. Жиында қазақ жасақтарының қолбасшылығына Бөгенбай батыр сайланды.





1710ж.Қарақұм басындағы жиын




1718ж.Аягөз шайқасы

1726ж.Бұланты өзені маңындағы шайқас

1729ж.Аңырақай шайқасы

Жоңғар шапқыншылығы қазақ халқына құрып кету қаупін туғызды. Мұндай қатерден аман қалудың бірден бір жолы жауға ұйымдасып тойтарыс беру, елді біріктіру, бар күшті жоңғар шапқыншылығына қарсы жұмылдыру еді. Осындай өте-мөте ауыр сыртқы және ішкі саяси жағдайда көрегендік танытып қол жинап жауға тойтарыс беруді ұйымдастыруда халық батырларының еңбегі зор болды. 1726 жылы Тайлақ пен Саурық батырлар бастаған Орта жүз бен Кіші жүздің біріккен әскерлері Бұланты өзенінің маңында жауға елеулі тойтарыс берді



1729 жылы Балқаш көлінен оңтүстікке таман Итішпес деген шағын көлдің маңында қазақ жасақтары жоңғарларға күйрете соққы береді. «Аңырақай шайқасы» деген атпен белгілі болған бұл жеңіс үш жүз қазақтарының өзара бірігіп қимылдауының нәтижесінде келді


Әбілқайыр хан



«Орбұлақ шайқасы»

Студенттер әр топқа берілген тест тапсырмаларды орындайды.

.

1.XVIIғ Қазақ хандығына солтүстіктен қауіп төндірген кімдер?



А) Башқұрттар

В) Сібір казактары

С) Қоқан хандығы

2. 1723жылы жоңғардың 70 мың әскерін қонтайшы.......қазақ жеріне бастап әкелді.

3. «Ақтабан шұбырынды» жылдарына ......жылдар жатады.

4. Жоңғар шапқыншылығынан қатты ойрандалған қазақ өлкесі:

А) Сырдария бойы

В) Шығыс Түркістан

С)Жетісу

5.Жоңғардан қашқан Орта жүз рулары үдере көшті:

А)Ходжентке

В)Самарқандқа

С)Жайық бойына

6.Әбілқайыр ......... жылы біріккен қазақ әскеріне қолбасшы болды.

7."Қалмақ қырылған"шайқасы болған жер:

А)Сырдария маңы

В)"Қара сиыр"

С)Талас аңғары

8.Аңырақай шайқасының тарихи маңызы неде?

А)Кіші, Орта жүздің көп бөлігі азат етілді.

В)Үш жүздің бірігуінің маңызы көрсетілді

С)Жоғарыдағының бәрі де дұрыс

9.Болат хан өлгеннен кейін аға хандыққа таласқан хандар:

А)Әбілқайыр мен Әбілмәмбет

В)Сәмеке мен Әбілқайыр

С)Сәмеке мен Әбілмәмбет

10.1730 жылы Кіші жүз ханы Петербургке елшілікті қандай мақсатпен жіберді?

А)Әскери одақ құру

В)Ресейдің құрамына кіру

С)Егіншілікті дамыту


7. Тәуке ханның “Жеті жарғы” заңын жазуға қатысқан билер

А) Майқы би; Қоқым Қарашора би

В) Жәнібек би, Сасық би,

С) Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би



Хронологиялық жұмыс.
1718 ж-

1731 ж-


1752 ж-

1758 ж-


1729ж-

1726 ж-


Қандай тұлғалардан қалған сөз

-Жаңбыр жаумаса жер жетім,

Басшы болмаса ел жетім,

Ұқпасқа айтқан сөз жетім...



Ұсынылған ақпараттардан қойылған міндеттерді шешуге қажетін бөліп алып,тақырыпқа сай жүйелейді.


Әр кезеңдегі жүргізілген тарихи оқиғалар туралы алған білімдерін көрсете отырып, олардың негізін біледі.

Өз беттерімен шешім қабылдауға дайын болу,заман талабына сай қабілетті тұлға болу.

Ақпараттарды тапсырмаға сәйкес топтастыру,түсіндіру, тарату.








Бұл тарихи Ақтабан шұбырындының нақ өзі еді.Халық өміріндегі ауыр заман – сол бір алапат кезеңді жырлайтын «Елім-ай» өлеңінде көрініс тапқан

Сұрақтарға жауап береді. Жаңа материалға байланысты тапсырмалар орындайды




Жаңа білімді бекіту



«Елім-ай»

Қаратаудың басынан көш келеді,

Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.

Ел-жұртынан айырылған жаман екен,

Екі көзден мөлтілдеп жас келеді.

Жаңа сөздіктермен кесте толтырады.Қазақ хандығының саяси бытыраңқылығын талдап,нақты ой-пікірлерді талқыға салады. Еркін ұсыныс,пікір,өз ойын айтуға дағдыланады.


Жаңа материалды қайталап,нақты тірек-сызбалар құра біледі, жаңа ақпараттармен жұмыс істей білуге дағдыландыру.






Жоңғар шапқыншылығының ауыр зардаптары қазақ хандығының Ресей бодандығын қабылдауының ең басты себебі болды.





Үйге тапсырма.

Қорытындылау.

Үйге тапсырма.

Кесте толтыру.

Қазақтың хандары мен батырлары туралы мәнжазба жазу.


Қосымша әдебиеттермен жұмыстанады.

Қазақ хандарының хронологиясын жасап, еңбектерімен жұмыстанып,өзіндік тұжырымдамалар жасайды.



Танымдық қабілеттері дамиды, өз беттерімен ізденіп жұмыстану барысында қазақ тарихының маңызды кезеңдері туралы ақпаратттарды талдап,өзіндік баға бере алу.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет