Сабақ жоспары Пәні: Дүниетану Тақырыбы: Көкөністер



Дата22.06.2017
өлшемі59,6 Kb.
#19593
Дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей мектебі

Ашық сабақ жоспары

Пәні: Дүниетану

Тақырыбы: Көкөністер

Өткізген сынып: 1 «Ә»

Өткізген мұғалім: Тулеутаева Т.Б.

2011 жыл


Сабақтың тақырыбы: Көкөністер
Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Көкөністер түрін ажырата білу және олардың көбею жолдарын анықтау. Түйнек, пиязшық, орамжапырақ, жемтамырлар туралы мәлімет алу.

Дамытушылығы: Оқушылардың тілін дамыту, сөз қорын молайту, ой-өрісін кеңейту, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру, айналадағы дүниені тани біліп, өмірмен ұштастыра білуге баулу.

Тәрбиелілігі: Табиғатты сүюге, өсімдіктерді қорғауға, қоршаған ортаны таза ұстауға, еңбексүйгіштікке, өзгенің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сұрақ-жауап, топтық жұмыс, сайыс.

Пәнаралық байланыс: математика, бейнелеу.

Қолданылған технология: сын тұрғысынан.

Көрнекіліктер: электрондық оқулық, флипчарт, интерактивті тақта, кубиктар, қима қағаздар, мулыждар, суреттер.
Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

А) Шаттық шеңберге тұру.

Кел, балалар күлейік,

Көңілденіп жүрейік.

Балдырғанбыз демейік,

Білім сырын білейік.

Ә) Топ басшыларын сайлау.
2. Жаңа тақырып: Балалар, назарларыңды парта үстінде тұрған кубиктарға аударыңдар. Кубиктардағы суреттерге қараңдар, мұндағы артық суретті алып тастаңдар.

-не байқадыңдар?

-Дұрыс, бір сөзбен ұларды не дейміз?

-Жауабы: Көкөністер.
3. Ендеше балалар біз көкөністер әлеміне сапар шегейік.
Барлықтарың назарларыңды интерактивті тақтағ аударыңдар.

Электрондық оқулықпен тақырыпты түсіндіру.



Көкөністер – бағалы тағам. Олардың тағамдық мәні бойындағы өте сіңімді заттардың, ішінара көмір сулардың болуына байланысты. Көкөністерде адам орнанизміне қажетті дәрумендер мен минералды тұздар, сондай-ақ белоктар, әр түрлі органикалық қышқылдар, эфир майы мол. Мысалы, картоп – крахмалға, ал қызылша – қантқа бай; қырыққабатта С дәрумені, ал сәбізде – организмде А дәрумені түзілетін – каротин (А продәрумені көп); рауғашта органикалық қышқылдар басым; көк бұршақ белоктарға, аскөк – хош иісті заттарға бай.

Көкөніс шөптесін өсімдікке жатады. Көкөністер 1 жылдық және 2 жылдық болып бөлінеді.

1 жылдық көкөністер тұқым арқылы гүлдеп, жеміс береді де, күзде тіршілігін жояды. 1 жылдық көкөністерге: картоп, қызанақ, баклажан, қияр, асқабақ жатады.

2 жылдық көкөністер осы жылы тұқымға қажетті қор затын жинақтап, келесі жылы гүлдеп, жемісін береді. 2 жылдық көкөністерге: пияз, орамжапырақ, сәбіз, сарымсақ жатады.

Көкөністер жылу сүйгіш және суыққа төзімді болып келеді. Мысалы, қауын, қызанақ, қияр жылуды жақсы көреді. Ал, сәбіз, қызылша суыққа төзімді болады. Көкөністер бақшада өсіріледі.

Көкөністердің пайдасы: Көкөністер мәдени өсімдікке жатады. Біріншіден, дәрумен береді, екінші тамақ ретінде, үшіншіден дастархан көркі ретінде пайдаланылады.

Картоп түйнек арқылы, пияз пиязшық арқылы көбейеді.

Түйнек, пиязшық – қоректің заттың жиналуынан топырақ арасындағы сабақтың жуандаған бөлігі.

Орамжапырақ – тығыз оралып өскен жапырақ.

Жемтамырлар – қоректік заттың жиналуынан жуандаған өсімдік тамыры.

Қияр, қызанақ жемістері гүлден пайда болады.

Көкөністердің кейбір түрін жерге тұқым себу арқылы өсірсе, ке йбірін көшет түрінде отырғызады.

Көкөністерді қыс айларында да өсіріп пайдаланады. Оны өсіретін жерді жылыжай деп атайды.

Пісіп-жетілуі ұзақ көкөністерге көшет отырғызады. Көшетті сәуір, мамыр айларынан бастап отырғызады. Оларға: қызанақ, бұрыш, орамжапырақ жатады.

Оқушылармен жұмыс. Әр топқа тапсырма беру.

1. Үстелдің үстінде жатқан қағаз қиындыларын құрастыру. (әр үстелде көкөністердің суреттері құрылады. Сол құрылған сурет топтың аты болады.)

2. Ұпайларын санап отыру.

1 – тапсырма. Әр топқа тапсырма беру.

1 – топ қызанақ туралы сипаттама беру. (түсі, пішіні, дәмі, салмағы, сапасы т.б.).

2 – топ орамжапырақ туралы сипаттама беру. (түсі, пішіні, дәмі, салмағы, сапасы т.б.).

3 – топ сәбіз туралы сипаттама беру. (түсі, пішіні, дәмі, салмағы, сапасы т.б.).

4 – топ картоп туралы сипаттама беру. (түсі, пішіні, дәмі, салмағы, сапасы т.б.).
2 – тапсырма. Жұмбақтар сайысы. Әр топ бір-біріне жұмбақ жасырады.
3 – тапсырма. Көкөністер мен жемістерді ажырату. Флипчартта орындау.
4 – тапсырма. Графикалық тақпақ жаттау.
Бақшасында атамның

Көкөністер көп екен

Теріп, жинап аламыз

Себеттерге саламыз

Пияз, картоп, қызылша

Түйнек, сәбіз, қызанақ

Орамжапырақ қиярлар

Жалқан болса тағы бар.


Сергіту сәті. «Қаражорға» биі.
5 – тапсырма. Шығармашылық тапсырмалар. 1 –топ мақалды жалғастыр «Ағашы аласа болса да? Алмасы тамаша» Адам көркі – шүберек, ағаш көркі – жапырақ, 2 – топ ребус шешу (орамжапырақ), 3 – топ көкөністерді геометриялық фигуралар арқылы сәйкестендіру. Қияр-сопақ, қызанақ-домалақ, пияз-үшбұршақ. 4 – топ жасыл, қызыл, тоқ сары, күлгін түстерді көргенде қай көкөністер елестейді, соны қайшымен қиып беріңдер.
6 – тапсырма. Ой шақыру:
Вени диаграммасын салу. Көкөніс – адам денсаулығына пайдалы – дәрумен-тағам-мәдени өсімдік-бақша көркі-көмірсу.
7 – сарамандық жұмыс.

Пиязды суға салу. Қиярдың дәнін алып топыраққа отырғызу.



Қорытындылау. «Көкөніс базары» ойыны.

1. Көкөніс қайда? (Бақшада)

2. Балалар бақшада көкөністерді баптап өсіретін адамды кім дейміз? (Бағбан)

3. Қыс айларында көкөністерді қайда өсіреді? (жылыжайда)

4. Қияр, қызанақ неден пайда болады? (Жеміс гүлінен)

5. Көкөністерді қалай өсіреді? (Тұқым себу)

6. Тығыз оралып өскен жапырақты не деп атаймыз? (Орамжапырақ)

7. Көкөністердің құрамында қандай дәрумендер кездеседі?

8. Шикілей жеуге болатын көкөністерді ата?

9. Көкөністерді қалай күтіп өсіреміз? (құнарлы топырақ, арапшөп жұлу, суару)

10. Көкөністерді жылдың қай мезгілінде отырғызады? (көктем)

11. Көкөністерді қай мезгілде жинап алады?



12. Өсімдіктер неше топқа бөлінеді? (ағаш, бұта, шөп)
Бағалау: Әр топ басшысы жиналған ұпайды есептеп, нәтижесін шығару.
Үй тапсырмасы: Көкөністер туралы ертегілер оқып келу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет