Мақсаты
|
Тапсырмалар
жүйесі
|
Мұғалімнің
іс-әрекеті
|
Оқушының
іс-әрекеті
|
Ұйымдастыру
түрі
|
Нәтижесі
|
Бағалау
|
Білім
Күрделі бейорганикалық заттардың жіктелуі. Қышқылдар тақырыптарын қайталау.
|
Оксидтердің жіктелуі.
Негіздердің жіктелуі.
Қышқылдардың жіктелуі.
|
-Топқа бөледі, өткенді еске түсіреді: күрделі заттардың жіктеу. Әр топқа әр классқа сипаттама бергізу.
|
Өткенді еске түсіреді, сұрақтарға жауап береді
|
-Топтық жұмыс
-Диалогтік жұмыс
|
Қызығушылығын оятады,
Ойлау белсенділігін артады
|
Формативтік бағалау болады.
|
Түсіну
Қышқылдар. Қышқылдар: бірнегізді, екінегізді, үшнегізді және оттекті және оттексіз деп жіктелуімен танысу.
|
Әр топ қышқылдар құрамымен, формуласымен танысады
|
Әрбір топқа сызба арқылы қышқылдар құрамы мен жіктелуін, номенклатурасын түсіндіруге тапсырмалар беру
|
Ізденеді, түсінеді, тапсырмаларды орындайды, түсіндіреді
|
Топ мүшелерінің диалогі, әңгімесі
|
Танымдық белсенділігі дамиды
|
Формативтік бағалау болады.
|
Қолдану
Қышқылдар. Қышқылдардың құрамы, номенклатурасы, жіктелуі, қасиеттері, алынуы және қолданылуы.
|
1-топ. Қышқылдар құрамын
2-топ. Қышқылдардың электролиттік диссоциациясы
3- топ. Күшті және әлсіз қышқылдар
|
Қадағалайды ынтымақтастырады
Қышқылдардың
электролиттік диссоциациясы
тақырыбында білімдерін ортаға салуға тапсырмалар
|
Берілген тапсырмалар бойынша тақырыпты талдайды
|
Оқулықтағы тақырыппен топ мүшелерінің бірлескен жұмысы
|
Жана тақырып бойынша толық ақпарат алады
|
Формативтік бағалау болады.
|
Талдау
Қышқылдар құрамымен қатар қасиеттері мен күнделікті өмірден мысал келтіре білімдерін дәлелдеу.
|
1-топ. Қышқылдар туралы тарихи деректер жинау
2-топ. Қышқылдарды алу жолдары
3-топ Қышқылдардың қолданылуы
|
Дұрыс талдауға бағыттайды
|
Әр топ өз тапсырмалары бойынша тостер дайындайды өз жұмыстарын талдайды
|
Топтық жұмыс оқушылар орындарында ақылдасады. Соңында оқушылар тақтаға орындайды
|
Берілген тапсырма бойынша өз білімдерін толықтырып, өз ойларын толық жеткізуге дағдыланады
|
Топ мүшелері бірін-бірі бағалайды,
Формативтік бағалау болады.
|
Жинақтау
Қышқылдарға тән қасиеттермен қорытындылау.
|
Қышқылдардың физикалық қасиетіне тоқталу. Химиялық қасиетіне тән реакция теңдеулерін құрастыру
|
Химиялық реакция теңдеулерін құрастыру.
Химиялық реакция теңдеуі бойынша есептер шығару.
|
Оқулықтағы тақырып соңындағы тапсырмаларды орындайды. Есептер шығарады
|
Топтық жұмыс
Сыни ойлау
|
Ойын дәлелдеуге дағдыланады
|
Топтар өздерін бағалайды
Бір-бірін бағалайды.
|
Бағалау
Қышқылдар тақырыбына байланысты алған ақпараттарымен қорытынды жасау.
|
Біз сабақта не білдік? Нені түсінбей қалдық?
Кері байланыс парағын толтырады.
|
Бағалайды
|
Өзін-өзі бағалайды, пікірін жазады.
Стикерлер бойынша кері байланыс жасау.
|
Бірлескен бағалау
|
Өзін-өзі және бір-бірін бағалап үйренеді
|
Мұғалім қорытынды баға жасайды.
|