Сабақ жоспары пәні: Математика Сыныбы



бет4/4
Дата05.02.2022
өлшемі217,77 Kb.
#20802
түріСабақ
1   2   3   4
Ү. Сабақты бекіту: «Сөздер банкісі»

Сөздер: айнымалы, теңдеу, масштаб, х, жиын, пайыз, түбір, пропорция, коэффициент,бос мүше, мәндес теңдеу, шеңбер.
Негізгі сөздер: айнымалы, теңдеу, х, түбір, коэффициент,бос мүше, мәндес теңдеу.
ҮІ. Қорытынды:
ах=b түріндегі теңдеу (мұндағы х - айнымалы, а және b қандай да бір сандар) бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп аталады.
Теңдеуді шешу барысында берілген теңдеу мәндес теңдеуге түрлендіріледі.
Түбірлері бірдей теңдеулер мәндес теңдеулер деп аталады.
Теңдеулерді түрлендіріп, ах=b түріне келтіру үшін теңдеулердің мынадай қасиеттері пайдаланылады.
1-қасиет: теңдеудегі қосылғыштың таңбасын қарама-қарсыға өзгертіп, оны теңдеудің бір жағынан екінші жағына көшіргенде теңдеу мәндес теңдеуге түрленеді.
2-қасиет: теңдеудің екі жағын да нөлден өзге бірдей санға көбейткенде немесе бөлгенде теңдеу мәндес теңдеуге түрленеді.
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді шешу үшін:

  • теңдеуді теңбе-тең түрлендіріп ықшамдау керек;

айнымалысы бар мүшелерді теңдеудің сол жағына, бос мүшелерді теңдеудің оң жағына жинақтау керек;

  • теңдеудегі ұқсас мүшелерді біріктіріп, теңдеуді ах=b түріне келтіру керек;

теңдеудің екі бөлігін де айнымалының коэффициентіне бөліп,
теңдеудің түбірін табу керек.
ах=b теңдеуді шешудің үш түрлі жағдайы бар.
І. болса, теңдеудің екі жағын да а-ға бөліп, теңдігін


жазамыз. Демек, бұл жағдайда теңдеудің бір ғана түбірі бар.


ІІ. болса, теңдеу 0х=b түрінде жазылады. 0х=b тендігі х-тің ешқандай мәнінде тура болмайды. Мұндай жағдайда теңдеудің түбірі болмайды.
IІІ. және болса, теңдеу 0х=0 түрінде жазылады. Кез келген санның нөлге көбейтіндісі нөлге тең болғандықтан, х-тің кез келген мәнінде теңдік тура болады. Демек, 0х=0 теңдеуінің түбірі кез келген сан болады. Теңдеудің шексіз көп түбірі бар.
ҮІІ. Үйге тапсырма: №874 (жұптары), №876 (тақтары), №877 (жұптары).
Бағалау: сабаққа белсенді қатысып отқан оқушыларды бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет