Сабақ жоспары Пәні: Өзін- өзі тану



Дата18.03.2017
өлшемі135,41 Kb.
#12011
Астана қаласы,

«НұрОрда» қазақ-түрік лицей кешенінің

психологы Сатбаева Нурсулу Ақботақызы

«НұрОрда» қазақ-түрік лицей кешені

Күнделікті сабақ жоспары


Пәні: Өзін- өзі тану

Уақыты: 27.10.-31.10.2014ж.

Сыныбы: 4 «А,В,С,Д»

Сабақ: 9 сабақ;

Тақырыбы: Жақсы сөз жанға қуат Ұзақтығы: 45 мин

Мақсаты: оқушылардың «сөз», «бақыт» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту;

Міндеттері:

  • Жақсы сөз адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

  • Жақсы сөздерді қолдана білу іскерліктерін дамыту;

  • Ізгілікке, ізеттілікке тәрбиелеу;

Көрнекілік: слайд, видео

Әдіс- тәсіл: әңгімелесу, сұрақ- жауап, ойын-жаттығу,сергіту сәті

Барысы: ұйымдастыру Сәлеметсіздерме, оқушылар! Бүгін бізде өзін-өзі тану сабағы. Өздеріңді көргеніме қуаныштымын. Өзін-өзі тану сабағынан үйренген жақсы құндылықтарды берілген әріптер бойынша айтамыз.

Ж-жомарт С- сыйлы Ж- жайдарлы Қ- қамқор

А- ақкөңіл Ө- өнерлі А- ақылды У- уәдесінде тұрады

Қ- қайырымды З-зерек Н- намысшыл А- адал

С- сыпайы Ғ- ғайбат Т- тапқыр

Ы- ынталы А- ажарлы

Олай болса балалар, осы құндылықтарды айту арқылы жаңа сабағымыздың тақырыбы шықты.Ол «Жақсы сөз жанға қуат» деп аталады.



Өткен материалды қайталау арқылы жаңа сабаққа кіріспе.

Әңгімелесу

*Бәріміз балалар, жақсы сөздер айтайық? Қандай жақсы сөздер бар?

Ақылды, мейірімді, әдепті, сыпайы, мақтау, қамқор, ақжарқын т.б.

*Жақсы сөз естігінде қандай сезімде боласыңдар?

Дұрыс айтасыңдар, жақсы сөз естігінде тұла бойың тамаша сезімге бөленеді.

*Жаман, дөрекі сөз естігінде қандай сезімде боласыңдар?

Дұрыс айтасыңдар, жаман сөз естігінде көңіл күйін түсіп жабырқау күйде боласың.

*Жақсы сөз жанға қуат дегенді қалай түсінесіңдер?



Ия, дұрыс айтасыңдар.Әрдайым жақсы сөздер адамға қай кезде болмасын күш-қуатын береді.

Жаңа материалды меңгерту.

Мәтінмен жұмыс

Олай болса мәтінмен жұмыстанайық. «Сыпайы қоян» атты ертегіні іштей оқып шығамыз.

*Мәтіндегі негізгі ой?

Қоянның айтқан жылы сөздері.

*Қоянның жылы сөздерінің өзіне қандай көмегі болды?

Өзіне көмегі жыланнан өзінің жылы сөздерімен құтылғаны.

*Өздерің қоянның орнында болсаңдар не істер едіңдер?

Менде жақсы, жылы сөздер айтып, қоян сияқты құтылып кетер едім.

*Мәтінге қатысты қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

Әдептілік белгісі- иіліп сәлем бергені.

Жақсы сөз- жан жадыратар.

Жақсы сөз адамдарды қуанышқа бөлейді. Олардың қарым-қатынасынан жақсартуға ықпал етеді. Адамдар бір-бірімен жақсы сөйлесу арқылы сыйластыққа, достыққа қол жеткізеді.



Сергіту сәті
Ауа –қолдарын жоғары көтереді,

Жер –қолдарын төмен түсіреді немесе оқушы секілді отыру,

От –жұдырықтайды,

Су –екі қолдарын екі жаққсы созады.

Шығармашылық жұмыс

Оқушыларды жақсы,жылы сөздерді айтуға дағдыландыру мақсатында шығармашылық жұмыс ұйымдстырылады.

Шығармашылық тапсырма:

Сендер қай жағдайды таңдайсыңдар?



  1. Құрметті ұстаздар? Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Сіздерге шығармашылық табыс,еңбектеріңізге жеміс, отбасыларыңызға бақыт тілейміз!

Күтілетін жауаптар: жақсы тілек,құттықтау сөз.

  1. –Апа,аман есенсіз бе? Қал-жағдайыңыз қалай? Ауырып қалды деп еді,айығып кеттің бе?

Күтілетін жауаптар: амандық,жағдай сұрау.

  1. –Жарайсың құлыным! Менің кішкентайым ата-анасына қолғанат,үлкен жігіт болып қалыпты ғой. Әлі-ақ өскенде елін қорғайтын азамат болады.

Күтілетін жауаптар: мақтау

  1. –Алло! Сәлеметсіңбе,Гүлбану! Сенің маған туылған күніме жіберген ашық хатыңды алдым. Саған көп-көп рахмет айтып, алғысымды білдіргім келіп тұр.

Күтілетін жауаптар: алғыс айту,ризашылық білдіру.

Ойын-жаттығу

Оқушылардың сабақтан түйген ойларының бекітілуі мақсатында ойын жаттығу ұйымдастырылады.

Қызыл ,жасыл,көгілдір түстерге жазылған мәнін өсу ретімен қоя отырып, жасырылған сөзді табу.


  • Қызыл түс: Айна/ла/йын құ/лы/ным,

  • Жасыл түс: Қол/ғана/тым, тіре/гім.

  • Көгілір түс: Ба/қыт/ты бол, көп жаса!

  • Әрбір сөздің мағынасын аша отырып,қай кезде айтылатыны туралы пікірлесу.

Жақсы сөз ,жылы тілек әр адамның көңілін көтеріп,олардың жүрегіне жылу береді,көңіліне қуаныш сыйлайды. Жылы сөздерді бір-біріне жиі айту нәтижесінде өзара сыйластық артады, жақсылық жасауға қамқорлық жасауға құштарлығың артады.

Ал бұл өмірде жылы сөзге ерекше мұқтаж адамдар бар. Олар кімдер деп ойлайсыңдар?



Мүгедек,сырқат адамдарға деген ерекше көзқарас,қарым-қатынас керек екенін түсіндіру.

Сабақты бекіту.

Тапсырма

Балалар төрт топқа бөлінеді.Төменде ұсынылған тапсырмалар бойынша төрт топ шағын диалог- көрініс құрастырып, көрсетуі тиіс.

1-топ:Сабаққа кешігіп келген оқушы мен мұғалім арасындағы әңгімеден үзінді.

2-топ:Тұтынушы мен сатушының дүкендегі сыпайы қарым-қатынасы.



3-топ:Емханаға келген науқас пен дәрігер арасындағы диалог.

Менің түйгенім:

Жақсы сөздер:Жақсы тілек, құттықтау сөз, амандық, жағдай сұрау, алғыс айту, ризашылық білдіру, мақтау.



Үй тапсырмасы дәптермен жұмыс

Жүректен жүрекке

Бүгінгі бізге келіп отырған қонақтарымызға жылы сөздерімізді сыйлайық.



Жүрегімізден шыққан жылы сөзіміз олардың да жүрегіне жетеді деген оймен жүрекшелерді тарту етейік. Барлықтарыңа да сабаққа белсене қатысып, өз ойларыңмен бөліскендеріңе рахмет.


Мұғалімнің аты-жөні және қолы: Сатбаева Н.А.



Оқу-ісі меңгерушісінің аты- жөні және қолы:

Бегімбай М.Т.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет