Сабақ жоспары
Пәні: Технология
Тақырыбы: Алжапқыш құрылымы, өлшем алу ережелері
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың теориялық және сарамандық білімін қорытындылау Тәрбиелік: Жинақылыққа,икемділікке,өзара достық көмекке тәрбиелеу Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Көрнекілігі: Сурет, слайд, схема
Құрал-жабдықтар: См таспа,өшіргіш,түрлі-түсті қағаз,қайшы,клей, т.б
Пәнаралық байланыс: Сурет,сызу
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру
Амандасу, түгелдеу, оқушылардын назарын сабаққа аудару
II. Үй тапсырмасын тексеру :
III. Жаңа сабақ
Киім адамды ауа - райының қолайсыз жағдайлардан қорғайды. Киім денеге қонымды және қонымды болуы керек. Сонымен қатар адам өзін сенімді, әрі ыңғайлы сезінуі керек.
Киім
Тұрмыстық Өндірістік
Тұрмыстық
Күнделікті Үйде киетін Салтанатты Спорттық Ұлттық
Өндірістік
Арнайы Санитарлық Нысанды
Алжапқыш
Көкірекшелі Көкірекшесіз
Алжапқыш сызба пішімін құру үшін өлшемді дұрыс алу керек. Ол үшін см таспа, қалам, қағаз, өшіргіш керек.
Өлшем алу ережелері:
1. Өлшеді денбітімнің оң жағынан алады.
2. Белді жіппен алдын-ала өлшеп алады.
3. Өлшем алу кезінде денебітімді түзу және тік ұстау керек.
4. Өлшеу барысында см таспаны созуға не бос ұстаға болайды.
5. Ұзындық өлшемі түгел, ал ен өлшемі жартылай жазылады.
Алжапқыш құрылымы сызбасының өлшемі.
1. КҰ - көкірекше ұзындығы - бел сызығынан жоғары қажетті ұзындыққа дейін.
2. Тбұ - төменгі бөлшек ұзындығы-бел сызығынан төмен қарай қажетті ұзындыққа дейін.
3. Бжо - белдің жартылай орамы-тұлғаның ең жіңішке бөлігі.
4. Мжо - мықынның жартылай орамы - көлденеңінен алғанда мықын айналымы.
IV.Қорытындылау
Екі топ мүшелрінің сабаққа қатысуларына байланысты марпаттау,оларды бағалау,мадақтау.
V.Үйге тапсырма: Өлшемдерін алу ,құрал-жабдықтар әкелу.
VI. Бағалау:
Достарыңызбен бөлісу: |