Сабақ жоспары Пәннің аты: Физика Сабақ өткізілетін күн Сабақ өткізілетін топ, курсы, мамандығы



Дата25.03.2017
өлшемі125,25 Kb.
#12361
түріСабақ
20 Сабақ жоспары
Пәннің аты:__________________Физика___________________


Сабақ өткізілетін күн

Сабақ өткізілетін топ, курсы, мамандығы

Өткізілетін орны (аудитория нөмірі)

Сабақ өткізілетін уақыты


















































І. Сабақтың тақырыбы: Электр тогының жұмысы мен қуаты. Электр тогының жылулық әсері және оны техникада қолдану.
ІІ. Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Оқушыларға тұрақты токтың жұмысы және қуаты туралы түсінік беру.

б) ой-өрісін дамытушылық: Оқу материалын талдай білу дағдысын дамыту, бақылау, салыстыру, оқылған құбылыстар мен фактілерді салыстыра білу, қорытынды жасай білуге баулу. Жаңа білімді қолдану дағдысын дамыту, ақылға салу дағыдысын қалыптастыру.

в) тәрбиелік: Жауапкершілікті сезіне отырып жұмыс жасауға, өз жолдасының пікірін тыңдауға тәрбиелеу.
ІІІ. Сабақтың типі: құрама сабақ.
ІV. Сабақтың түрі: теориялық.
V.Сабақтың өткізілу әдістері: түсіндіру, жазбаша.
VІ. Сабақтың көрнекілігі: презентация, электрондық кітапша, оқулық.

Пән аралық және пән ішілік байланыс
Қамтамасыз ететін пән және тақырыбы:

Қамтамасыз етілетін пән және оның тақырыбы: медбиофизика, физиотерапия

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, дәрісхананың тазалығы, сабаққа дайындығына назар аудару-5 минут.
2. Үй тапсырмасын сұрау өткен тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру-15 минут:

1. Есеп шығару: А.П.Рымкевичің «Физика есептерінің жинағы» № 772, 782, 790-åñåïòåð.


3. Сабақтың жаңа тақырыбын хабарлау, мақсатын қою: Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланып, тақырып тақтаға жазылады.
4. Жаңа сабақта қаралатын сұрақтар:

  • Электр тогының жұмысы мен қуаты.

  • Электр тогының жылулық әсері және оны техникада қолдану.


5. Жаңа сабақта қаралатын сұрақтардың қысқаша түсінігі - 40 минут

Зарядталған бөлшектердің өткізгіш бойымен реттелген қозғалысында электр өрісі жұмыс өндіреді. Оны ток жұмысы деп атаймыз. Қыздыру шамының қылы, электр двигательдерінің орамалары және т.б. арқылы t уақытта өткізгіштің көлденең қимасы арқылы q заряд өтті делік. Сонда электр өрісі А=qU жұмыс өндіреді. q=It болғандықтан А= I U t . Тізбектің бөлігіндегі токтың жұмысы ток күшінің кернеуге және жұмыс өндіруге кеткен уақытқа көбейтіндісіне тең.

Тогы бар өткізгіштің қоршаған ортаға бөліп шығаратын жылуының мөлшерін анықтайтын заңды ағылшын ғалымы Джоуль мен орыс ғалымы Ленц тәжірибе жүзінде тағайындаған. Джоуль–Ленц заңы былайша тұжырымдалады: тогы бар өткізгіштің бөліп шығаратын жылуының мөлшері ток күшінің квадратына, өткізгіштің кедергісіне және өткізгіш бойымен ток жүретін уақыттың көбейтіндісіне тең: Q=I2Rt.

Бұл заңды тәжірибе жүзінде 1841 жылы ағылшын ғалымы Дж.Джоуль және 1843 жылы Петербург академигі Э.Х.Ленц ашқан. Сонымен электр тогының жылулық әсерін тусіндіретін заң Джоуль-Ленң заңы болды.

Элэктрр тогының жылулық әсері тұрмыстық,өнеркәсіптік жылу қондырғыларында қолданылады.Олар электр шамдарында,өлшеу техникаларының аспаптарында,электрлік дәнекерлеуде,тағы да басқа көптеген қазіргі заманғы техниканың салаларында пайдаланылады

Кез келген электр аспабы– электр шамы, электр двигателі т.б., уақыт бірлігінде белгілі бір энергия тұтынуға негізделген. Сондықтан токтың қуаты деген ұғымның маңызы зор.



Токтың қуаты t уақыттағы ток жұмысының сол уақыт аралығына қатынасына тең:


Тұрақты ток заңдары.


1

2

3

Тізбектің бөлігі үшін Ом заңы.

Толық тізбек үшін Ом заңы.

Джоуль-Ленц заңы.

Тізбек бөлігі арқылы өтетін ток күші бөліктің ұштарындағы кернеуге тура пропорционал, ал оның кедергісіне кері пропорционал.

Тұйық тізбектегі ток күші оған әрекет ететін Э.Қ.К. күшіне тура пропорционал, ал тізбектің ішкі және сыртқы кедергілерінің қосындысына кері пропорционал.

Өткізгіштердегі токтың бөліп шығаратын жылу мөлшері ток күшінің квадратына , өткізгіш кедергісіне және электр тогының өту уақытына тура пропорционал.

Электр тогының жұмысы, қуаты .Джоуль – Ленц заңы.




Электр тогының жұмысы

А

Дж

А=IUt

Электр тогының жұмысын есептеу үшін- ток күшінің,кедергінің, уақыттың шамаларын көбейту керек

Электр тогының қуаты

Р

Вт

P=IU=U2/R=I2R

Токтың қуатын есептеу үшін – ток күші мен кернеудің шамаларын көбейту керек

Джоуль- Ленц заңы

Q

Дж

Q=I2Rt

Жылу мөлшерінесептеу үшін ток күшінің квадратын,кедергіні,уақытты өзара көбейту керек

Электр тогын өткізу қабілетіне қарай заттар бөлінеді.




Өткізгіштер

Жартылай өткізгіштер

Диэлектриктер

Металдар

Газдар


Электролиттер

Кейде өткізгіш

Кейде диэлектрик



Мүлдем электр тогын өткізбейтіндер.

6. Жаңа материалды бекіту – 10 минут

Теориялық есептер шығару.

1. Егер қалта фонары шамының кернеуі 3,5 В, ал ток күші 0,28 А болса,ондағы электр тогы 5 мирутта қандай жұмыс істейді


2. Егер резистордағы ток күші10мА,ал кедергісі 1кОм болса, онда 10 минут ішінде қанша жылу мөлшері бөлініп шығады.
3. Кедергісі 1кОм резисторды кернеуі 100 В тізбекке қоссақ,онда 10 минут ішінде қанша жылу мөлшері бөлініп шығады

4. Кернеуі 400 В электр двигателіндегі токтың күші 92А. Электр двигателінің орамындағы токтың қуатын анықтаңдар



  1. Кернеуі 220 В болатын дәнекелегіштегі ток күші 0,9А. Дәнекерлегіштегі токтың қуатын табыңдар


Электр тогын сипаттайтын параметрлер. Формуласын жазып көрсет




Таңбалануы

Атауы

Формуласы

Өлшем бірлігі

Бірлік атауы

1

I

ток күші




1A=1кл/1с

Ампер

2

U

электр кернеуі




1В=1А*1Ом

Вольт

3

R,r

кедергі




1Ом=1В/1А

Ом

4

q

заряд




1кл=1А*1с

Куллон

5

¿

электр қозғаушы күші




1В=1Дж/1кл

Вольт

6

A

токтың жұмысы




1Дж=1А*1В*1с

Джоуль

7

P

токтың қуаты




1Вт=1А*1В

Ватт

8

Q

жылу мөлшері




1Дж=1А2* 1Ом*1с

Джоуль


Физикалық диктант

1. Зарядталған б..........ң реттелген бағытталған қозғалысы э....р тогы деп аталады.

2. Уақыт бойынша өзгермейтін т... тұ....ы ток деп аталады.

3. Э....р т.....ң әсерлері болып табылады ж.....қ, х......қ, м.......к. әсерлер

4. Уақыт бірлігіндегі өтетін з....тың мөлшеріне тең шама т.. к....і деп аталады.

5. Ток күші А....рмен өлшенеді.

6. Кулондық күштермен бөгде күштердің жасаған қосынды ж....ы эл...р к.р...і деп аталады.

7. Тізбек бөлігіндегі токтың ж....ы сол т....ң шамасына ,тізбек бөлігіңдегң к.....ге және ток өтетін уақытқа тура пропорционал.

8. Токтың қ...ы ток күші мен к.....дің көбейтіндісіне тең физикалық шама.

9. Өткізгіште болінген жылу м......н есептеу үшін ток күшінің квадратын,өткізгіш ке.......сін және электр тогының өту у.....н өз ара көбейту керек.


7. Сабақты қорытындылау-5 минут:

Оқушылардың жаңа сабақта алған білімдерін пысықтау, сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.



8. Оқушылардың білімін және сабаққа белсенділігін бағалау-2 минут


Бағалар

Топтар













5













4













3












2















9. Үй тапсырмасы-5 минут:

1. Есеп шығару: А.П.Рымкевичің «Физика есептерінің жинағы» № № 793, 794, 795796, 798, 799-åñåïòåð.

2. Тәжірибелік есеп:

  1. Үтікті 5 минут қыздырып, оның техникалық көрсеткіштерін пайдаланып, Үтіктен бөлініп шығатын жылу мөлшерін есептету

  2. Плойка-шаш бұйралағышты 7 минут қыздырып барып, одан бөлініп шығатын жылу мөлшерін есептету


10. Әдебиеттер:

  1. Конграт Б.А., Кем В.И., Қойшыбаев Н. ФИЗИКА /Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытына арналған оқулық/ -Алматы:Мектеп,2006

  2. Мякишев Г.Я., Буховцев Б.Б. ФИЗИКА / Орта мектептің 10-11 сыныптарына арналған оқулық/ - Алматы: Мектеп: 2001

  3. Рымкевич А.П. Физика есептерінің жинағы. Алматы: Рауан, 1998г


11. Сабақтың аяқталуын хабарлау: Құрметті оқушылар, осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға және сабаққа белсенді қатысқандарыңызға рахмет. Сау болыңыздар!

Оқытушының қолы:___________________ Тексерушінің қолы: ___________________






Деңгейлік тапсырмалар
А-тобы

1. Егер шаңсорғыш кернеуі 220В, ал ток күші 0,5А қалалық желіге қосылса, онда оның электрқозғалтқышының тогы 1800с уақыт ішінде қанша жұмыс жасайды?

2. Қыздырғыш элементі 38,7Ом, кернеуі 220В желіге қосылған, оның қуаты қандай болады?
Б-тобы

1. Егер шамдағы ток күші 0.2А және ол 1с ішінде 0,8Дж жұмыс жасайтын болса, онда шамындағы кернеу қандай?

2. 5В кернеуге қосылған электр үтігі 300Вт қуат жұмсайды, электр үтігінің спиралындағы ток күшін табыңдар?
С-тобы

1.Кедергілері 5Ом және 9Ом екі резистор тізбекке тізбектей қосылған. Егер екінші өткізгіштегі кернеу 15В болса, 3мин уақыт ішінде әр резисторда бөлініп шығатын жылу қандай?


R1

R2


2. Кедергілері 40Ом және 50Ом екі өткізгішті:

А
40Ом

50Ом
) тізектей

Б) параллель қосқанда токтың қуатын салыстырыңдар




40Ом


50Ом


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет