Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжі Сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: 4 (4 А) топ элементтері
Модуль /пән атауы: Химия
Педагог: Рузиева З.Х.
Оқу жылы: 21.11.2022 ж. 23.11.2022ж.
1.Жалпымәліметтер
Курс, Топ: 1-курс. БҚҚ 22-9/1. БҚҚ 22-9/2. БҚҚ 22-9/3. СТ 22-9.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
4 (4 А) топ элементтерінің физикалық және химиялық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіндіру.
3. Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін күтілетін нәтижелер және кәсіби дағдылар тізбесі: 4 (4 А) топ элементтердің табиғатта таралуын олардың алыну әдістерін зерттеу.
4. Қажетті ресурстар: 1. Н. Нұрахметов. К.Сарманова, К.Жексенбина, Химия пәніне арналған деңгейлік тапсырмалар, 8-сынып.
2. Бірімжанов Б.А., Нұрахметов Н.Н. Жалпы химия, Оқу құралы. - Алматы:
Ана тілі, 1991 – 64б
3. Жұмаділова Р, Әлімжанова С. Химия, Алматы, Мектеп, 2015ж,-238б.
4. Бірімжанов Б, Нурахметов Н, Жалпы химия, Алматы, Ана тілі, 1992ж. – 624б.
5. Аханбаев К, Жалпы анорганикалық химия, Алматы, 1999ж, -558б.
6. Интербелсенді тақта, тақта, бор, ХЭПЖ
5. Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндетін хабарлау.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы сұрау. Сұрақ жауап арқылы бағалау.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Сабақтың тақырыбы: 4 (4 А) топ элементтері
Төртінші негізгі топшаға немесе ІV А тобына көміртегі С, кремний Si, германий Ge, қалайы Sn, қорғасын Pb жатады. Бастапқы екі элемент – көміртегі мен кремний металл еместер, ал қалғандары металдарға жатады.
Топша элементтері (қорғасыннан басқалары) сутегімен ЭН4 типтес қосылыстар түзеді: СН4 – метан, SiH4 – силан, GeH4 – германсутек, Sn – қалайысутек.
Топша бойынша элементтердің реттік нөмірлерінің өсуіне байланысты металл еместік қасиеттері кемиді де, металдық қасиеттері арта береді. СН4 – тен SnH4-ке қарай сутекті қосылыстардың тұтастығының кемуі осы қасиеттерімен түсіндіріледі.
Көміртегі. Көміртегінің табиғатта таралуы. Көміртегі табиғатта бос күйінде де, қосылыс күйінде де кездеседі. Көміртегі тас көмірдің, қоңыр көмірдің, мұнайдың, табиғи газдың құрамына кіреді.