Тексерлді: 15.09.2016ж.
Сабақ жоспары:
Сабақтың тақырыбы: Граната қашықтыққа лақтыру (ұл. 700г, қыз. 500г) әдістерін үйрету.
Сабақтың мақсаты:
а) Өтілетін сабақтың әдіс-тәсілдерін түсіндіру,үйрету,меңгерту
ә)Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру
б)Оқушыларды салауатты өмір салтына қалыптастыру
Сабақтың типі:Жаңа сабақ,жаңа дағдыны қалыптастыру
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі:Түсіндірмелі,практикалық
Өтілетін орын: Спорт алаңы
Сыныбы: 10
Қолда-н жаб-р: Ысқырық , жалаушалар6 шағын доптар.
Р\с
|
Сабақтың мазмұны
|
Мөлшер-
лері
|
Әдістемелік
нұсқаулары
|
Дайындық бөлімі.
|
Сапқа тұрғызу
Рапорт беру
Жаңа сабақтың тақырыбымен таныстыру
Бір орнында орындалатын жаттығуларды орындату. (оңға, солға артқа)
Бір орнында жүр, алға.
Қолдарың бүйірлеріңде аяқтың ұшымен жүр.
Қолдарың бастарыңның арттарына қойып өкшемен жүріңдер.
Жартылай отырып жүру.
Отырып жүру. Отырып қолды тізеге қойып секіріп жүру
Жылдам спорттық жүріс
Жайменен жүгіру
Қолдарыңды алға, айналдырып оң және сол жақтарыңмен жүгіріңдер
Арқа бағыттарыңмен жүгіріңдер,
қадамдап.
Терең тыныс алып, демді басу жаттығулары.
Жеңіл атлетикаға арналған жаттығуларды орындату.
Жалпы денені дамыту жаттығуларын орындату.
|
15 мин
|
Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аударып,алып келуін талап ету.
Оқушылардың барлығы бірдей дұрыс бұрылуларын бақылап тұру
Оқушылардың аяқтың ұшымен жүргенде өкшені баспауын, өкшемен жүргенде табанды баспауын, жартылай отырып жүргенде денені түзу ұстауларын ескертіп тұру.
Жалпы берілген жаттығуларды оқушылардың дұрыс орындауларын қадағалап тұру.
|
Негізгі бөлімі.
|
Граната қашықтыққа лақтыру (ұл. 700г, қыз. 500г) әдістерін үйрету.
5 – 6 метр жерден жүріп келіп гранатсыз лақтыру әдісін үйрету.
5 – 6 метр жерден жүгіріп келіп қолдарына кезкелген затты ұстатып лақтырту.
Саптық жүйеде оқушыларға бір орнында тұрып гранатсыз лақтыруды үйрету.
5 – 6 метр жерден жүріп келіп гранатсыз лақтыру әдісін үйрету.
5 – 6 метр жерден жүгіріп келіп қолдарына кезкелген затты ұстатып лақтырту.
|
25 мин
|
Оқушыларды қайта сапқа тұрғызып, граната қашықтыққа лақтыру (ұл. 700г, қыз. 500г) әдістерін ауызша айтып түсіндіру.
Қолдың иықтан асыра дұрыс сілтеуін қадағалау.
Оқушылардың бақылау сызығын басып кетпеуін бақылап тұрыу.
Гранатты қолдан жіберер алдындағы қолдың қимылы тым шапшаң болуы тиіс.
Гранатты екпіндей жүгіріп келіп лақтырған кезінде дененің бұрылуы мен лақтыру арасындағы байланысты дұрыс үйлестіруге тырысу қажет.
Қолдың иықтан асыра дұрыс сілтеуін қадағалау.
Гранатты лақтыру кезінде дененің бұрылуы мен лақтыру арасындағы байланысын бақылау.
|
Қорытынды бөлімі
|
Оқушыларды қатарға тұрғызу
Түсінбеген оқушыларға қайталап
қысқаша түсініктемелер беру
Үйге тапсырмалар беру
Жақсы орындаған оқушыларды атап өту
Оқушыларды бағалау
|
5 мин
|
Оқушылардың сапта,қатарда тыныштық сақтап тұруларын қадағалап бақылап отыру.
|
Достарыңызбен бөлісу: |