Оқушылар сабақтың тақырыбын көрініске сүйеніп анықтайды.
Көресетілім № 2 (2.6) (3 минут) Мұғалім екі матаның үлгісін бір мезгілде спирт шамның алауына жағады.
Бір матаны сұйық шыныға малып, екінші мата өз күйінде қалдырамыз.
Сұйық шынымен сіңдірілген мата тұтанбайды, ал сіңдірілмеген мата үлгісі лезде жанады. (осыған қарап қорытындылау).
Кремнийді 1811 жылы Гей-Люссак пен Л.Тенар ашқан. Жер бетінде таралуы бойынша оттегінен кейін екінші орын алады. Жер бетінде массасы бойынша 27,6% таралған. Қосылыс түрінде кездеседі.
Химиялық элементтердің периодтық жүйесінде кремний қайда орналасқан?