Тексерілді : Сабақ жоспары Сабақтың тақырыбы: Медициналық әдеп.Тиімді қарым-қатынас жасау қағидалары. Модуль/пән атауы: Медициналық психология негіздері және коммуникативтік дағдылар. Дайындаған оқытушы:Юсупова Наима 1.Жалпы мәліметтер
Күні
Топ
Курс
МБ-211/1МБ-211/2МБ-222/1 МБ-222/2
2211
Сабақ типі: Тәжірибелік сабақ
2. Мақсаты, міндеттер: Білім алушыларға жаңа тақырып бойынша ақпарат беру. Біліктіліктерін арттыру жаңа әдіс тәсілдерді қолдана отыра білімдерін кеңейту.
Танымдылық қабілеттерін арттыру. Ойлау, сөйлеу щығармашылықтарын дамыту.
Білім бере отыра адамгершілікке, руханилыққа, жеке басының гигиенасына, эстетикалық тәрбиеге тәрбиелеу.
Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсібибіліктердің тізбесі:
1.Топтық жұмысты ұйымдастырады.
2.Бірін-бірі сыйлайды.
3.Кәсіби біліктерін арттырады.
3.Сабақты жабдықтау 3.1 Оқу-әдістемелік құрал -жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер:
3.2Техникалық құралдар, материалдар, муляждар, ноутбук, интерактивтік тақта.
4. Сабақтың барысы Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу,түгелдеу, психологиялық әзірлік
Білім алушылардың өткен тақырып бойынша білімін тексеру, өткен сабақтан сұрақ жауап.
Оқулықтанг берілген тапсырма: мақсаты, міндеттері, зерттеу әдістері
Тексеру әдісі: Сұрақ жауап, ой қозғау.
5. Жаңа тақырыпты түсіндіру жоспары: Этика (Аристотель) - адамгершіліктік мораль мен құлықтылық туралы ғылым. Парызтану (деонтология - грек тілінен Deontos - парыз, logos - ғылым) (ағылшын Бентам) – науқас пен дәрігердің, медициналық қызметкерлердің өзара (субординация, сабақтастық, тыңғылықтылық) қарым - қатынастарындағы және ғылыми-техникалық жетістіктердің тәжірибелік медицинаға енгізілуіне байланысты парыз туралы ғылым.
Медицина қызметкерлерінен сезімталдық, ықыластылық, қайырымдылық, ақ пейілділік, мейірімділік, қамқоршылық және жоғары кәсіпкерлік сияқты адамгершілік қасиет талап етіледі.
Сыртқы бейнеге қойылатын нақты талаптарды орындау: ауыстыратын аяқ киімнің болуы, халат таза және үтіктелген, тырнақтар - қысқа қырқылған, шаш калпақтың ішіне тығылған болуы керек.