4. Экологияық тапсырма. Қанша қоқыс шығарамыз? (экологиялық есеп)
Мектептегі 1 кабинеттен бір күнде 250 грамм қоқыс шығады (қағаз, қаламсап, резеңкенің қалдықтары т.б.). Мектеп-лицейінде 3 қабатта орналасқан 72 оқу кабинеттері бар. Тәулігіне әр кабинеттен шығатын қоқыс заттарын есептеп шығарайық:
Қабат
|
Оқу кабинеті
|
1 тәуліктегі қоқыс (салмағы)
|
1 айдағы қоқыс
(салмағы)
|
1 жылдағы қоқыс (салмағы)
|
1 қабат
|
18
|
250 гр ×18꞊4 500
|
4500×25꞊112500
|
112500×225꞊25312500
|
2 қабат
|
33
|
250 гр ×33꞊8 250
|
8250×25꞊206250
|
206250×225꞊46406250
|
3 қабат
|
21
|
250 гр ×21꞊5 250
|
5250×25꞊131250
|
131250×225꞊29531250
|
Барлығы
|
72
|
18 000 кг
|
450 000 кг
|
101 250 000 кг
|
5. Тест. «Экология және мен»
Сіз тісіңізді жуып тұрсыз. Сол уақытта шамамен қанша литр суды босқа ағызасыз?
А) 1 литр Ә) 2 литр Б) 5 литр
2. Сіздің отбасы мүшелері газетті оқып болды. Ары қарайғы сіздің әрекетіңіз:
А) бірінші мүмкіндікте лақтырып тастау
Ә) газетті қағаз жинайтын жерге тапсырып, сөйтіп жергілікті бөлім «Жасыл әлем» ұйымынан алғыс алу
Б) бұл менің жұмысым емес
3. Сіздің әке-шешеңіздің машинасы өте ластанған. Не істейсіз?
А) ата-анаммен бірге машина жуатын жерге барып жуамыз
Ә) таныс балаларға жудыру
Б) машинаны жақын жердегі көгалдың ортасына қойып өзіміз тазартуға
кірісеміз
4. Түсте сіздің жолдастарыңызға баруымыз керек. Не істейсіз?
А) әкеңізге апарып таста деп өтініш жасайсыз
Ә) аяғыңызға ролик киіп өзіңіз кетесіз
Б) еш жаққа бармауға ұйғарасыз. Себебі бәрібір үлгермейсіз
5. Сіздің сүйікті көйлегіңізді жуу керек, не істейсіз?
А) қолмен тез арада жуасыз.
Ә) жууға үлкен апаңызға бересіз. Қарап отырмай іспен шқғылдансын.
Б) Көйлекті кір жуатын машинаға саласыз
6. Сіз сусындарды, көбінесе қандай ыдыспен аласыз?
А) шыны ыдыс Ә) пластика Б) қағаз ыдыс
7. Сіз салқын кеште машинада келе жатырсыз. Салқын тимес үшін не
істейсіз?
А) үйден алып шыққан жемпірді киесіз
Ә) машиналардың терезелерін жабасыз
Б) ата-анадан жылуды қосуды өтінесіз
8. Сізге ертең сабақта оқитын дәріске байланысты кейбір қажетті нобайларды
сызу керек.
Ол үшін сіз қандай қағазды пайдаланасыз?
А) өте жақсы жаңа сықырлап тұрған қағазды
Ә) жазу жазылатын блакнот
Б) бір беті таза, пайдаланылған қағаз
9. Сіз жақын тоғайға жолдастарыңызбен дем алуға бардыңыз. Сізден кейін не
қалды?
А) тамақтан қалған қалдықтар
Ә) ештеңе қалған жоқ, себебі қалдықтардың бәрін өзіңізбен алып
кеттіңіздер
Б) еркіндікке жол берілген. Сіз сыпырушы емессіз, қалдықтарды кез келген
жерге тастап, ыдыстарын ағашқа іліп, ойға келгенді істедіңіз
10. Сіз жаратылыстану сабағында не істедіңіз?
А) әдеттегідей ұйықтадық
Ә) дәптерге Арал теңізін салдық
Б) қоршаған сыртқы орта туралы тереңірек ойладық
Нәтижесі:
№
|
Ж А У А П Т А Р
|
А
|
Ә
|
Б
|
1
|
3
|
2
|
1
|
2
|
2
|
3
|
1
|
3
|
3
|
2
|
1
|
4
|
1
|
3
|
2
|
5
|
3
|
2
|
1
|
6
|
3
|
1
|
2
|
7
|
2
|
3
|
1
|
8
|
1
|
2
|
3
|
9
|
2
|
3
|
1
|
10
|
1
|
2
|
3
|
Тестің нәтижелері алдын ала тақтаның артқы жағына сызылған кесте артқы жағынан сызылған кесте арқылы қорытындыланады.
Тік бағытта сұрақтардың нөмірлері, көлденеңнен жауаптарының нұсқасы берілген. Ал қиылысқан жері сіздің ұпай саныңызды көрсетеді. Нәтижесін талдау:
30-26 ұпай. Сіз бағалы адамсыз. Сіз үшін табиғатты қорғау күні жылына бір рет келетін жай күн емес. Сіз жыл бойы ауа райына, көңіл күйіңізге қарамай, табиғатты қорғауға ат салысасыз.
25-18 үпай. Сізге, мүмкін ағаштардың түбін қопсыту, бұтақтарды қырқу, гүлдер егу ұнайтын шығар. Бұл іс-әрекет тек өзіңіздің бақшаңызда болады.
17-10 ұпай. Амал не, сіз орманды аяусыз қырқатын, өзендерге қара майды төгетін адамдармен аталасыз.Бірақ түзелуге кеш емес.
6.«Экологиялық базарлық». Оқушылар өздерінің қолдан салған суреттері
қөлөнер бұйымдары немесе кесте жұмыстары бойынша жұмыстарын қорғайды.
7. «Атамекен» әні.
ІІІ. Қорытынды.
Мұғалім сабаққа қатысқан белсенді топ мүшелеріне мадақтама айта
отырып, тәрбие сабағын мына жыр жолдарымен аяқтайды:
Білсең егер,табиғатта зор мән бар, Онда аң,құс,жануарлар, ормандар. Жерің, суың,таза ауаң қажетті Шын жүректен оны сендер қорғаңдар!..
Достарыңызбен бөлісу: |