Сабақ жоспары Сабақтың тақырыбы



Дата14.06.2017
өлшемі1,42 Mb.
#19120
түріСабақ
Сабақ 4 Пән: физика Сынып 7 Күні: 20.09.16.

Пән мұғалімі: Абдрахманова А. О.



Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: § 4. Жаратылыстану ғалымдарының Орталық Азияда дамуы. Ежелгі халық астрономиясы.

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік мақсаты: Орталық Азия халықтарының да физиканың дамуына елеулі үлес қосқандығын айқындау, жаратылыстану саласындағы ғылыми ойдың орнын айқындау,

  • Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабылетін жетілдіру. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.

  • Тәрбиелік мақсаты: Жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: жаңа білімді қалыптастыру.

Сабақ әдісі: баяндау, әңгіме, кітаппен жұмыс, сұрақ-жауап,

Сабақ көрнекілігі: суреттер, интерактив тақта, презентация.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. (2 минут)

  1. Сәлемдесу, отырғызу, түгендеу.

  2. Топқа бөлу.


ІІ. Физикалық диктант: (20 минут)

1) Физика -

2) Физиканың мақсаты –

3) Физикалық құбылыстарды және оларды сипаттайтын заңдарды бір жүйеге түсіру арқылы ________жасалады.

4) Дене дегеніміз -

5) Зат дегеніміз -

6) Табиғат құбылыстары деп

7) ХХ ғасырдың ең ірі ғылыми-техникалық жетістіктері:

8) Әлемде не бар болса, соның бәрі ______________________деп аталады.

9) Астрономия -

10) Қазіргі астрономияның басты мақсаты-

11) Аспан денелеріне жатады:

12) Галактикалар –

13) Біздің ғалам –

14) Космонавтика

15) Космогония -

16) Космология –

17) Э. Хаббл галактикаларды пішіні бойынша үш топқа бөлген болатын:


III. Топқа бөлу (3 топқа бөлінеді: жұлдыз, галактика, жер). (15 минут)

Топ бойынша тапсырма орындау, постер құрастыру. Постер қорғау, басқа топтармен пікір алмасу.



IV. Жаңа сабақ. (5 минут)

Ғылымдардың, солардың ішінде астрономияның дамуына өлемдегі халыктардың барлығы да мүдделі еді. Оған Орталық Азия халықтары да елеулі үлес қосты.

Жаратылыстану саласындағы ғылыми ой (оның ішінде философия мен математика да бар) біздің планетамызда біресе Шығыстан Батысқа, біресе Батыстан Шығысқа тулаған толқындай тарап отырған. Осыны мойындаған ағылшынның ұлы физигі Исаак Ньютон: «егер мені өзімнен бұрынғы ғұламалар асқаралы иықтарына көтермегенде, мен көрінбес те едім» деген еді.

Жан-жакты ғұлама ұлы ғалым Әбу Насыр әл-Фараби казақтың Отырар қаласында түрік (қыпшақ) отбасында дүниеге келді. Оның артында қалған мол рухани қазынасынан біздерге философияның, жаратылыстану және математиканың барлық салаларын қамтитын жеті томдык еңбек жетіп отыр. Олар ең ірі әлем кітапханаларында бытыраңқы түрде сақталып келді. Ол «Бірінші ұстаз» - Аристотельге аса ізеттілікпен бас ие отырып, оның математиканы жаппай колдануға койған шектеулерін алып тастады.

Тарихта аса кастерленетін екі ұлы ұстаздың бірі ретінде оның білім мен тәрбие берудегі теңдесі жоқ кызметі мынаған саяды: ол бірінші рет «Ғылым негіздерін баяндаудың әдістемесін» негіздеп, оны жеке ғылыми пән деңгейіне көтерді. Мұнда оның ойы құр сөз жүзінде емес, нақты пенаралық мысалдармен шебер ұштастырылған. Мысалы, әл-Фараби өзінің «Ғылымдар тізбесі» деген еңбегінде математика тарауларына: арифметика, геометрия, оптика, математикалық астрономия, музыка, ауырлық (физика), шеберлік амалдары (әдістеме) туралы ғылымдарды косады.

IV. Жаңа сабақты бекіту тапсырмалары: (10 минут)

Пысықтау.

1. Ертедегі Орталық Азия елдері ғалымдарынан кімдерді білесіңдер?

2. Олардың ғылыми еңбектері туралы қандай хабарың бар?

3. Әл-Фарабидың «Екінші ұстаз» аталуының басты себебі неде?



Жеке жұмыс «жалғасын тап»

  1. Астрономия…………….

  2. Астрономия ғарыш кеңістігіндегі………..

  3. Біздің ғалам..........................

  4. Күнге ең жақын планета...................


VI. Қорытынды. (2 минут)

Рефлексия.

Маған бәрі де түсінікті


Сұрақтар пайда болды

Мен есте сақтадым

Түсінбедім

VI. Үйге: §4. Мазмұны, өзін-өзі тексеру сұрақтары, 4-тапсырма.

VII. Бағалау.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет