1.Ұйымдастыру мезеті.
Көңіл күй ахуалы. Ынталандыру.
|
Назарларын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық.
Оқушылармен амандасу,түгендеу, сабаққа қажетті оқу-құралдарын ереже бойынша қою.
Ой қозғау:
-Біз қайда тұрамыз?
-Қала мен ауылдың қандай айырмашылықтары бар?
Сабақ тақырыбына кіріспе.
Адамдар біздің Отанымыздың әр бөлігінде орналасқан ауыл,қалаларда тұрады. Олар бір-біріне бару үшін автобуспен, пойызбен жүреді немесе ұшақпен ұшады. Оларды бір сөзбен көліктер деп атайды. Көліктер: әуеде, жерде, суда кездеседі
Жұмбақтармен жұмыс.
1.Қазша қанатын жаяды,
Үйрекше мойнын созады,
Құсша қонады.(ұшақ)
2.Күндіз түні күрсінеді,
Жүрген жері сілкінеді.(поезд)
3.Аузында орақ,
Қолында тарақ.
Аңызда келеді,
Ақ маржан төгеді.(комбайн)
Топ ережесін сұрау
Мұғалім бағдаршамнан көрсетеді
Мұғалім айтады
Даңғыраны ұр қатты,
Дәл қайтала ырғақты.
Дүрсілдетіп даланы,
Поезд кетіп барады, ду-ду, ду-ду,
ду-ду.
Ойын:
«Даусынан таны».
Кім тақпақ жаттап келді?Кәне, ортаға салайық!
ЖЖЕ слайдтан көрсетеді
Тест жұмысы:
Рефлексия:
Сабақ сендерге ұнады ма?
Біз бүгін сабақта не туралы айттық?
Көліктердің қандай түрлері болады?
|
Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз.
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз.
(мұғаліммен амандасады)
(жұмбақтардың шешуін табады)
(көлік түрлерін ажыратады)
Өздеріне ұнаған көліктерді тауып, өз орындарына отырады.(ауыл және қала)
Топ ережесін айту.
Қызыл жанғанда: айналамыз, секіреміз.
Жасыл жанғанда: билейміз.
Сары жанғанда: тыныш тұрамыз.
Оқушылар қайталап орындайды
(машинаның гүрілі, иттің, мысықтың дауыстары,кеменің, поездың дыбыстары т.б.орындалады)
(Оқушылар білетін тақпақтарын айтады)
Жол жүрудің тәртібін,
Ережесін білеміз.
Сақтағанда қатерден,
Сау саламат жүреміз.
Тәртіп бұзсақ абайсыз,
Жағдай туар қолайсыз.
МАЙ қызметкерлерінен
Сан кешірім сұраймыз.
Сапар шексек сіз бен біз,
Сан көлікке мінеміз.
Троллейбус, трамвай,
Автобуспен жүреміз.
Үлкен болдым десем де,
Ешкім маған сенбейді.
Жалғыз жүрме көшеде,
Кішкентайсыз сен дейді.
Үлкенмін ғой, міне, мен,
Ойыншықтарды жинаймын.
Машинаға мінер ем,
Кабинасына
сыймаймын.
Бар ғой менің краным,Кранымды бұраймын.
Ілгегіне іліп ап,
Жүк көтеріп тұрамын.
(Оқушылар білетін сұрақтарына жауап жазады)
Оқушылар өз ойларын білдіреді
|
Ауыл тобына: 1.Ауыл көліктерін сипаттау, адам тұрмысындағы алатын орны.
2.Ауылдағы кездесетін көлік түрлерін флипчартқа бейнелеу.
Қала тобына:
1.Қала көліктерін сипаттау, адам тұрмысындағы алатын орны.
2.Қаладағы кездесетін көлік түрлерін флипчартқа бейнелеу.
(Оқушылар өз ойларын айтады)
Кім кандай машинамен жүреді? Араларын сызыкпен кос.
(Оқушылар тапсырманы орындайды)
Суретте не жетіспейді?Ойлан, тап және суретті аяқта.
(Оқушылар тапсырманы орындайды, жауаптарын түсіндіреді)
(оқушылар даусынан табулары керек)
Ауыл тобына:
1.Ауылда ат көлігімен қандай істерді тындырады?
2.Бағдаршамның жарығының түстері қалай орналасқан?
3.Автобусты қандай жерде күту керек?
4.Велосипедпен неше жастан бастап жолмен жүруге болады?
5.Ауыл қалаға не береді?
Қала тобына:
1.Қалаға баратын жеріңе поезбен барғанда тез жетесің бе, әлде ұшақпен тез жетесің бе?Бағалары біодей ме?
2.Бағдаршамның қызыл сигналы кезінде жолдан өтуге бола ма?
3.103-ненің телефоны
4.Қозғалыс кезінде жолаушы жүргізушімен әңгімелесуіне болама
5.Қала ауылға не береді?
|
Формативті бағалау:
жұлдызша
төртбұрыш
Үшбұрыш
Өте жақсы!
Жарайсың!
Жақсы!
Формативті бағалау:
жұлдызша
төртбұрыш
Үшбұрыш
Өте жақсы!
Жарайсың!
Жақсы!
Оқушылар бағалау парағына өздеріне ұнаған геометриялық пішіндерді жапсырады
|
Қаладағы және ауылдағы көлік түрлерінің суреттері, бағдаршам, ЖЖЕ, тапсырмалар, интерактивті тақта, постер,
геометриялық пішіндер, бағалау парағы
|