Сабақ жоспары Тақырыбы : «Электромагниттік құбылыстар»


Ішкі энергияның өзгеру тәсілдері –Жұмыс істеу



бет7/9
Дата06.02.2022
өлшемі139 Kb.
#76547
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Ішкі энергияның өзгеру тәсілдері –Жұмыс істеу( Дене өзі жұмыс істейді; денеге жұмыс істеледі)
-- Жылу беру (Жылуөткізгіштік; Конвекция; сәуле шығару)
1 – тапсырма. Интербелсенді тақта арқылы қайталау
Q=λm Q=Lm Q = c( t2 – t1 ) Q=qm η=T1 –T2 / T1 Q = ΔU+А


2 – тапсырма. « Үй тапсырмасы» Мен судың молекуласымын! – шығарма жазу.
q -тобы
- Жылу физикасынан кезекті бақылау жұмысынан кейін мен өте шаршап ерте ұйықтап қалыппын. Түсімде сондай жеңіл түссіз болып кетіппін. Мен кішкентай ыдыстың ішінде екенмін деймін, ал менің қасымда маған ұқсас бауырларым мен сіңлілеріммен пластмасса кювета ішіне құлап бара жатқанымды сездім. Сонан соң бізді тоңазытқыштың мұздатқыш камерасына салып қойды. Біз қап- қара түнекте тұрып қатты тоңдық. Қозғалысымыз баяулай бастады да біз бір керемет гүл тәрізді өрнекті ұяшықтар бойымен қатарласа тұра бастадық. Мен бір мезгіл жарқ еткен жарық сәулесін көрдім де, өзімнің ұшып бара жатқанымды сездім. Сол кезде атқылап жатқан көпіршіктер мен пышылдаған дыбыс естідім. Мен өз бауырларым мен сіңлілеріммен кока – коласы бар стақанға құлап түскенімді білдім. Сол кезде оянып кеткенім.( Салынған суреттерімен сүйемелдеп тұрады)
λ -тобы
-Жылу физикасынан кезекті бақылау жұмысынан кейін мен өте шаршап ерте ұйықтап қалыппын. Мен судың молекуласына айналып бір үлкен ыдыстың ішіне түсіп кеткен екенмін деймін. Бір мезгілде тез-тез қозғала бастағанымды сездім де, бізді қыздырып жатқанын түсіндім. Яғни, мен плитаның үстіндегі шәйнектің ішінде екенмін. Біраз уақыттан кейін мен өз көршілерімнен алыстап бара жатқанымды байқадым. Мен бу молекуласына айналдым. Шәйнектің шүмегінен шықтым да бөлме ішінде әрлі –бері қозғала бастадым. Енді ауа ағынымен көшеге шықтым , жәйләп көтеріле бастадым. Жоғарылағаным сонша үйлердің төбесі соншалықты кішкентай болып көрінді. Мен қап – қара болып күреңіткен бұлтқа жақындадым да онымен бірігіп кеттім. Бұлт көк жүзінде көп жүзді. Көңілім көтеріңкі болды. Температура төмендеп мен де төмендей бастадым. Қасымда көптеген жолдастарым бар екен. Жерге түскен соң қарға айналдық. Ал, балалар бізді бір – біріне атқылап ойнай бастады. Осы жерде мен оянып кеттім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет