Сабақ жоспары Тақырыбы : «Электромагниттік құбылыстар»



бет1/2
Дата25.01.2017
өлшемі188,73 Kb.
#8086
түріСабақ
  1   2
Сабақ жоспары

Тақырыбы: « Электромагниттік құбылыстар» тарауы бойынша қорытынды – қайталау сабағы
Мақсаты:

білімділік: электромагниттік құбылыстар бойынша алған білімдерін жүйелеу,тереңдету; ақпаратты сығымдап тірек конспект түрінде көрсету:

дамытушылық: логикалық ойлау іс-әрекетін дамыту, шығармашылықпен ойлау дағдыларын қалыптастыру;

тәрбиелік: физикаға деген қызығушылығын тудыру; білімдерін қолдана білуге дағдыландыру;



Сабақтың барысы

I Проблемалық жағдай:



а) Берілген есептерге мәтін құрастыру және оларды шығару керек.

б) Балқып ағып жатқан металдан ток өткізгенде, ол жіңішкіреді. Себебі не?

в) Тұрақты ток электродвигателі қалай жұмыс істейді? Электродвигательдің жұмыс істеу принципі магнит өрістерінің әсерлесуіне негізделген. Электр генераторының жұмысы электромагниттік индукция құбылысына негізделген.

II. Ізденуді ұйымдастыру:


  1. Егер сақина тәрізді өткізгішке магнитті жақындатса немесе алыстатса, онда сақинадағы индукциялық токтың бағыты қалай өзгереді

  2. Егер жіпке ілініп жақын орналасқан екі инеге магниттің полюсін жақындатса не байқалады ? ( Бұл жағдайда инелер 1-2 см- ге тебіледі, себебі олар әсер арқылы бірдей магниттеледі, яғни жоғары және төменгі жақтарының полюстері бірдей болады)

Деңгейлік тапсырмалар

I-деңгей

1. Магнит тіліне тогы бар өткізгішті жақындатса, ол тыныштық күйін сақтап қала ма?


2. Тогы бар өткізгіш екіге иілсе, магнит тілі ауытқи ма?



II-деңгей
1. Аккумулятор зажимдарында (+) (-) таңбалары жазылмаған. Компас арқылы таңбаларын анықтауға бола ма?

2. Магнит өрісінің күш сызықтары суретте стрелкамен көрсетілген. Өткізгіштегі токтың бағытын анықта.


III- деңгей

1. Жер өзінің магнит өрісін жоғалтып алды деп ойла. Жердің магнит өрісі - біздің ғаламшардағы өмір үшін оң әсерлі құбылыс па , әлде теріс құбылыс па?




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет