Сабақ жоспары. Тақырыбы: Қазақстанның орманды дала және дала зоналары



Дата10.06.2017
өлшемі49,47 Kb.
#19072
Маралды орта мектебінің география пәні мұғалімі Майканова Н.К. Қысқа мерзімді сабақ жоспары. Тақырыбы: Қазақстанның орманды дала және дала зоналары.

Күні: 08.02.2014 жыл



Сынып

8-сынып

Сабақтың тақырыбы

Орманды дала және дала зоналары

Сілтеме

Тақырыптық-күнтізбелік жоспар,география оқулығы, презентация,қосымша мәліметтер.

Сабақтың жалпы мақсаты:

Орманды дала және дала зоналарының табиғат ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастыру.Табиғат компоненттерінің өзара байланысы табиғат зоналарының дамуына қалай ықпал ететіні жөнінде мағлұмат беру.Табиғатты қорғаудың қажеттілігін ұғынып, туған жеріне , оның табиғатына деген сүйіспеншілікке,оны аялап сақтауға деген ынтасын ашу.

Оқыту нәтижесі

Қазақстанның орманды дала және дала зоналары ерекшеліктері туралы мәлімет алады,ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажырата біледі, өз беттерімен жұмыс істеуге үйренеді, экологиялық саналылығы,адамгершілік қасиеті қалыптасады.

Сабақтың типі

Жаңа білімді меңгеру сабағы

Әдістер

СТО стратегиясы.Диалогтік оқыту,топтық жұмыс,АКТ

Көрнекіліктер

Интер.тақта, бағалау парағы,тест тапсырмалары, Қазақстанның физикалық және табиғат зоналары картасы, атлас карталары.

Сабақтың барысы

уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Жұмыс түрі

І.Ұйым-дастыру кезеңі

3мин.

а/Оқушылармен сәлемдеседі, көңіл-күйлерін анықтайды, сыныпты түгендейді.

ә/Психологиялық дайындық жасайды

б/Мақсатпен таныстыру

в/Оқушыларды топқа бөлу



Кезекшілер сабақта жоқ оқушыларды айтады,оқушылардың сабаққа дайындығын мәлімдейді. Оқушылар көңілі сабаққа аударылады, топқа бөлінеді

Ұжымдық

ІІ. Жаңа материал-ды игеруге дайындық кезеңі

7мин.

1/Табиғат зоналары туралы білімдерін еске түсіру,қызығушылығын ояту мақсатында сұрақтар қойылады,бұрынғы білімдері тексеріледі

-Табиғат зонасы деген не?

-Ол қандай компонент- терден тұрады?

-Ендік зоналылық деген не?

-Биіктік белдеулік деген не?

-Неге табиғат зоналары ауысады?

-Қазақстанның табиғат зоналары картасына қарап,қандай тоналары бар екенін анықтау

2 «Миға шабуыл»



1/Қойылған сұрақтарға жауап береді.

2/ Ойларын жазады



Жекелей

Жаңа сабақ
Мағынаны тану кезеңі

Қолдану



15мин.

5мин


Сабақтың тақырыбы , мақсаты айтылып,өздігінен меңгеруге арналған бағыт-бағдар беріледі. Табиғат эонасын сипаттау жоспары жазылған семантикалық карта таратылып беріледі.
Алған білімдерін тексеру,жоспар бойынша сұрақтар қою.

Оқулықпен жұмыс жасайды.Мәтінмен іштей танысады. Картаны ақылдаса отырып толтырады.

Семантикалық картаға жазған жауаптарын айтады.



Жұппен

жекелей


Сергіту сәті




Интер. тақтадан зоналарға тән өсімдіктер, жануарлар , құстардың суретін көрсетеді.







Бекіту кезеңі
Ой тұжы-рым кезеңі

Тест жұмысы



5мин.

5мин.


Ұғымдарын байланысты -рып құрастыра білуге дағдыландыру мақсатында салыстыруға тапсырма береді./топпен жұмыс/

1-топқа Орманды дала мен дала зонасының ұқсасты- ғын табу

2-топқа Екі зонаның айырмашылығын табу

8 сұрақтан тұратын тест жұмысы таратылады



Оқушылар өздері толтырған семантикалық картамен, оқулықпен жұмыс жасайды, ақылдасады, айырмашылығын, ұқсастығын табады,оны тақтаға кезектесіп жазады

Оқушылар тест жауаптарын белгілейді



Топтық

жекелей


Бағалау

3мин

Оқушы еңбегін бағалайды

Әр оқушы өзін-өзі бағалайды, әр жұп бірін-бірі бағалайды, топ жетекшісі бағалайды

Жекелей,жұптық, топтық

Үйге тапсырма

2мин

Үйге тапсырма береді

1.&38 оқу

2.Кескін картаға орманды дала және дала зоналарын түсіру

3.Орманды дала және дала зоналарындағы Қызыл кітапқа енген өсімдіктер мен жануарлардың тізімін жасау.



Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.

Жекелей


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет