Сабақ жоспары Тақырыбы: «Функцияның графигін қарапайым түрлендіру» 0111000 «Негізгі орта білім (информатика)»



бет5/5
Дата22.08.2017
өлшемі4,3 Mb.
#23909
түріСабақ
1   2   3   4   5
ІІІ. y=f(x+b) функциясының графигін y=f(x) функциясының графигінен Ох осінің бойымен b>0 болғанда, теріс бағытта, b<0 болғанда оң бағытта бірлікке параллель көшіру арқылы алуға болады.


3-мысал. функциясының графигін салайық.
ІҮ. y=f(ax) функциясының графигін y=f(x) функциясының графигінен Ох осі бойымен

болғанда, есе рет сығу немесе болғанда, есе рет созу арқылы алады.
4-мысал. а) y=(1/2x)2 , ә) функцияларының графигін салайық.





Ү. y=kf(ax+b)+d фуркциясының графигін салу үшін жоғарыда қарастырылған түрлендірудің төртеуін қолдану керек.

5-мысал. функциясының графигін салайық.



- Жаңа тақырып бойынша оқытушыға сұрақ беру;

- сызбаларды есте сақтау;

- сызбаларды дәптерге түртіп отыру.


- жаңа тақырыппен танысады.

- сызбалардың түрлерін есте сақтайды, меңгереді.



IV. Жаңа білімді меңгерту

- Функция графиктерін қарапайым түрлендіру тақырыбы бойынша оқушыға түсінгенін іс жүзінде қолдануды тапсыру, бақылау;

- Оқушының тақтада және өз орнында оқулықтағы есепті шығаруына бағыт беру;

- Есепті тексеріп отыру.

а) «Ой толғаныс» кезеңі

Әр топ жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергенін бақылау мақсатында

4 топқа жеке-жеке тапсырмалар беріледі, өздеріне берілген есепті компьютерде Microsoft Excel бағдарламасының «Диаграмма құру» мүмкіндігінің «нүктелік» түрі арқылы функцияның графигін көрнекі түрде көрсетеді.
І топ: y=x2, y=x2+2, y=2x2 функцияларының графигін салыңдар.

ІІ топ: y=x2, y=x2-3, y=3x2 функцияларының графигін салыңдар.

ІІІ топ: y=x2, y=x2+3, y=2x2 функцияларының графигін салыңдар.

ІҮ топ: y=x2, y=x2-2, y=1/2x2 функцияларының графигін салыңдар.


ә) Деңгейлік тапсырмалар орындату

Мұнда әр оқушының білім деңгейі анықталады. Білімді бағалау парағына барлық оқушының ұпайы жазылып отырады. А деңгейін шығара алмаған оқушылар екінші деңгейге өтуге рұқсат етілмейді.

Бірінші болып шығарған оқушы тақтаға шығып, өзінің шығарған есебін барлығына интерактивті тақтаның мүмкіндігін пайдаланып, есепті түсіндіріп береді.
А деңгейлі

а) y=x функциясының графигін қолданып, y=1/3x, y=-2x, y=x+2, y=3x-1 функцияларының графигін бір координаталық жазықтыққа салыңдар.
ә) y=-2x2, y=x2+1/2, y=-x2+5, y=3x2 функцияларының графигін бір координаталық жазықтыққа салыңдар.
В деңгейлі

y=x3 функциясының графигін қолданып, y=f(x) функциясының графигін салыңдар:

а) f(x)=x3+4 ә) f(x)=-x3-3 б) f(x)=-2x3+1 в)f(x)=2(x-1)3-5
Сергіту сәті

Топтарға «Рандроувен» әдісі арқылы «Математика» сөзі беріледі. Соңғы әріпінен математикалық термин сөз жазып, жалғастыра береміз.

Мысалы: Шеңбер-радиус-сектор-радиан-.....

Берілетін уақыт 1 минут.



С деңгейлі

a) y=2(3+x)2-5 функциясының графигін y=x2 функциясының графигінен қандай түрлендірулер жүргізу арқылы алуға болады?. Графигін салыңдар.

ә) Берілген функциялардың графиктерінің ортақ нүктелері болатынын графиктің көмегімен көрсетіңдер.

а) y=x2-2x және y= -1 ә) y=x2-5x+4 және y= -3/x
Әр оқушының деңгейлік тапсырмалардан жинаған ұпай саны білімді бағалау парағына түсіп отырады.


-есепті толық оқып шығу;

-есеп шығаруда қолданатын ақпараттық мәліметтерді сұрыптау;

-есепті шығару;

-ой-тұжырым жасау

-салыстыру

-берілген есептерді шығару;

-дәптеріне түсіріп алу;

-ой-тұжырым жасау;




-өз бетіндік жұмыстарды орындауға машықтанады;

-оқушылардың танымдық қабілеті қалыптасады;

-өзінің мүмкіндігін нақты перспективалық жоспарлармен салыстыра білуге үйренеді;

Функцияның графиктерін түрлендіруді меңгереді, машықтанады. Интерактивті тақтамен, оқулықпен жұмыс жасаланады.





V. Жаңа білімді бекіту

Тест тапсырмаларын орындату

«Функция графиктерін қарапайым түрлендіру» тақырыбы бойынша дайындалған 10 сұрақтан тұратын ашық формадағы тест жұмысы орындалады.



  1. y=ax+b сызықтық функцияның графигі – ... (түзу)

  2. y=ax2+bx+c квадраттық функцияның графигі – ... (парабола)

  3. y=k/x кері тәуелділіктің графигі – ... (гипербола)

  4. y=3x функциясының графигін салу үшін y=x функциясының графигін Оу осіне қарай... (3 есе созамыз)

  5. f(x)=x+2 функциясының графигін салу үшін f(x)= x түзуін Оу осінің бойымен ... параллель көшіреміз. (2 бірлікке жоғары)

  6. y=1/2x функциясының графигін салу үшін y=x функциясының графигін Оу осіне қарай... (1/2 есе қысамыз)

  7. y=(x+1)2 функциясының графигін салу үшін y=x2 функциясының графигін Оу осіне қарай... параллель көшіреміз (теріс бағытта 1 бірлікке)

  8. y=(x-2)2 функциясының графигін салу үшін y=x2 функциясының графигін Оу осіне қарай... параллель көшіреміз (оң бағытта 2 бірлікке)

  9. y=x2-1 функциясының графигін салу үшін y=x2 функциясының графигін Оу осінің бойымен ... параллель көшіреміз. (1 бірлікке төмен)

  10. функциясының графигін салу үшін функциясының графигін, яғни гиперболаны Оу осінің бойымен ... паралель көшіреміз

(1 бірлікке жоғары)
- Оқушыдан кеткен қателікті анықтау және талдау

- Тест тапсырмаларын орындау,

- Қателіктерін ұғыну, дұрыс шешім қабылдау.



Тақырыпты толықтай меңгереді.

VІ. Бағалау

Оқушыны бағалап, журналға баға қою

Сарапшылар логикалық сұрақтардың, кім жылдам?, ой толғаныс кезеңдерінің қорытындысын шығарып, жеңімпаз топты анықтайды

Тақтада білімді бағалау парағы ілініп тұрады. Үй тапсырмасын, А, В, С деңгейлі есептердің және тестің қорытынды ұпайлары дер кезінде қойылып отырады. Осы тапсырмалардың жалпы ұпайы сабақ соңында есептелініп, әр оқушылардың тиісті бағасы қойылады
Білімді бағалау мына тәсілмен жүзеге асады:

  1. Үй жұмысы-6 ұпай

  2. «Ой толғаныс» кезеңі – 6 ұпай

  3. А деңгейлі-6 ұпай

  4. В деңгейлі-9 ұпай

  5. С деңгейлі-12 ұпай

  6. Тест тапсырмасы-10 ұпай




Білімді бағалау парағы

р/с


Оқушы-

ның аты-жөні:



Үй тапсыр-масы

«Ой толғаныс» кезеңі

А деңгейлі

В деңгейлі

С деңгейлі

Тест

Қоры-

тынды


балл

Баға

1

2

3



4

5

6



7


























«3» бағасы- 6-15 ұпай

«4» бағасы-16-30 ұпай

«5» бағасы-31-42 ұпай жинаған оқушыларға қойылады.

6-дан төмен ұиай жинаған оқушыларға ескертулер айтылып, сабаққа үнемі дайындалу қажеттігі айтылады.

Сабақта алған бағасымен танысады.

Оқушы бағаланады, журналға баға қойылады.

VІІ. Үй тапсырмасын беру

- практикалық бағытта:

№22, 24 есептер

- шығармашылық бағытта:

«Функцияның графиктерін түрлендіру» тақырыбы бойынша дидактикалық тапсырмалар жүйесін құрастыру;



үй тапсырмасын тыңғылықты тыңдау, өздеріне белгі соғу;

Студенттердің логикалық ойлауы, өзбетіндік, шығармашылық қабілеттері дамытылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет