Тізерлеп тұрып гранатты лақтыруда гранатты оң қолда, қаруды сол қолда ұстап тұрып, сақтандырғыш мұрындықты жұлып алады. Денені артқа бере және оны оңға бұрып, гранатты құлаштап, көтеріңкірей отырып, иықтың үстінен лақтырады да, қимыл соңында дереу сол аяққа еңкейеді. Жатқан қалпында гранатты лақтыру кезінде қаруды жерге қойып, гранатты оң қолға алады. Сол қолмен сақтандырғыш мұрындықты жұлып алады да, қолдарымен жерді тіреп, одан күш алып қозғалады. Оң аяқты біраз артқа беріп, сол аяқпен тізерлеп тұрады да, гранатты құлаштап лақтырады. Оң аяқты түзете, нысанаға қарай кеудені бұра алға беріп, гранатты лақтырады; қаруды алып, атысқа дайындалады.
Адымдап немесе жүгіріп келе жатқанда гранатты лақтыру кезінде гранатты жартылай бүгілген оң қолда, ал қаруды сол қолда ұстап тұрып, сақтандырғыш мұрындықты жұлып алады. Сол аяқтан адымдау кезінде гранат ұстаған қолды алға және төмен ұстайды; екінші адымда қол төменнен доға бойынша қозғалып осымен бір мезгілде оңға бұрылады; үшінші қадамда сол аяқты нысанаға қарай бағытпен ұшына басып және оң аяқты тізеден бүгіп, денені бұру және қолды сермеу аяқталады. Жүру жылдамдығын пайдаланып лақтыруға аяқтың, дененің және қолдың күшін бірінен соң бірін жұмылдырып, гранатты иық тұсынан өткізіп лақтырады.
Гранатты ордан немесе оқпанадан лақтыру үшін қаруды топырақ қалқаға қойып, гранатты оң қолға алып, сол қолмен сақтандырғыш мұрындықты жұлып алады; оң аяқты артқа қояды; белмен еңкейіп, екі аяқты да сәл бүгіп, гранат ұстаған қолды шегіне дейін кері қояды; сол қолға сүйеніп, еңсені күрт жазып гранатты нысанаға лақтырады да, ізінше оқпанаға жасырынады.
Гранатты тік нысана боп саналатын ғимарат терезесінен және есігінен лақтыру кезінде оны түзу сызыққа жуық траектория бойынша, оны көздеген жерге күшпен тік бағытта лақтырады. Мұнда нысананың жоғарғы шетін көздеген жақсы, өйткені гранат ұшу аяғына қарай жылдамдығын баяулатып, біртіндеп төменге бұрылады. Лақтыруды орнынан тұрып, тізерлей не жатып орындаған дұрыс.
Қарсыластың оқпанада, орда орналасқан тірі күшін жою үшін гранатты көкжиекке 35-45 градус бұрышпен лақтыру керек, бұл кезде гранат нысанаға аспалы жолмен түсіп, ор арқылы аз домалауы және сыртқа қарай домалап кетпеуі көзделеді.
Гранатты лақтыру кезінде ағытқыш иінтірек ұрыстық серіппе әсерінен жанына қарай ауытқиды да, соққышқа энергияны хабарлайды. Соққыш өзі істік темірімен капсюль-тұтандырғышты жарады. Капсюль-тұтандырғыштан шыққан от баяулатқышты тұтатады және одан өтіп капсюль-детонатор жарылып, гранаттың жарылғыш зарядын жарады. Гранаттың корпусы жарылып, тұтандырғыштың жарықшақтары жан-жаққа ұшады.
в) Қорытынды бөлім – 10 минут.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
«Гранаттарды дайында!» пәрмені бойынша қандай іс - әрекеттер жүргізіледі?
Жарықшақты қол гранаттарын лақтыру қандай жағдайларда жүргізіледі?
Бір орында тұрып гранатты лақтыру қалай жүзеге асады ?
Оқпанадағы қарсыласты жою үшін гранатаны қандай бұрышпен лақтыру қажет?
Алғашқы әскери дайындық пәнінің
ұйымдастырушы оқытушысы: А.Молдабеков
Достарыңызбен бөлісу: |