Үстірт орта мектебі
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Тақырыбы:Металдардағы электр тогы
Бейнеу 2016 ж
Күні 17.01.16 ж 10-сынып
Сабақтың тақырыбы: Металдардағы электр тогы.
Мақсаты: Томсон және Стюарт тәжірибесін түсіндіру. Оқушыларға Ом заңының дифференциалдық формасын пайдаланып есеп шығаруда пайдалану.
Металдардағы электр тогы
Металдардағы электр тогын электрондардың бағытталған қозғалысы тудырады. Бұл көптеген тәжірибемен дәлелденген.
Солардың бірі 1916 жылы америкалық физиктер Т. Стюарт пен Р. Толмен жасаған тәжірибеде металл өткізгіштермен оралған үлкен диаметрлі катушка 500 айн/мин жиілікпен айналады да бірден тоқтайды. Осы кезде катушкада электрондардың инерциямен қозғалуынан туған қысқа ток пайда болғаны гальванометрден байқалады.
Т. Стюарт пен Р. Толмен эксперименттік түрде ток тасымалдаушы бөлшектің меншікті зарядын анықтады. Ол 1,8 * 1011 Кл/кг – ға тең болып, электронның меншікті зарядына дәл келді.
;
;
;
Металл өткізгіштің бойынан өтетін электр тогының күші.
Есептер шығару
3.353
Өткізгіштегі ток күші 10 А. Осы өткізгіштің көлденең қимасы арқылы 1 сағ ішінде өтетін электрондардың массасы қандай?Жауабы: 0,2 мг
3.354
I=32 мкА ток күші кезінде t=1 нс уақыт аралығында өткізгіштің көлденең қимасы арқылы қанша электрон өтеді? Жауабы: 2 * 105
3.358
Өріс кернеулігі Е= 96 мВ/м болатын өткізгіштің электрондарының концентрациясы n=1028 м-3. Болат өткізгіштегі электрондардың реттелген қозғалысының орташа жылдамдықтарын анықтаңдар. Жауабы: 0,5 мм/с
3.359
Өткізгіш арқылы тығыздығы j=1 A/мм2 болатын ток жүрді. 1 сағ ішінде осы сымның 1 мм2 көлденең қимасы арқылы өтетін электрондардың массасын табыңдар. Жауабы: 2 * 10-8 кг
Достарыңызбен бөлісу: |