«Әріпті мамандық»- ойыны. Әр топқа бір әріптен беріледі. Қай топ сол әріптен басталатын мамандық аттарын көп тапса, сол топ жеңіске жетеді. Сонымен қатар өздері тапқан мамандықтарының қыр- сырын айту керек.
І- топ: «А», ІІ- топ: «К»
-Осы аталған мамандықтарды игеру үшін кәсіптік білім алуымыз қажет пе?
КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУДІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ:
Болашақ мамандықты әр түрлі оқу орындарынан алуға мүмкіндік бар. Оның негізгі түрлері:
Бастауыш кәсіптік білім: профессионалды лицейлер, кәсіптік мектептер
Бұл оқу орындарында жұмысшы мамандықтарын даярлайды.
Арнаулы орта білім: техникумдар, колледждер. Бұл оқу орындарына жалпы орта, орта және бастауыш кәсіптік біліммен алуға болады.
Жоғары кәсіптік білім: ЖОО- ры (институттар, университеттер, академиялар). Бұл оқу орындарына орта біліммен және арнаулы орта білімнен кейін түсуге болады.
Сонымен қатар оқу орындарында оқу гранттары және ақылы оқу түрлері бар. Оқуға қабылданар алдында белгіленген пәндерден емтихандар тапсырады. Сол емтихан балдарына қарай топтарға бөледі. Әрі қарай біліміңді жалғастырып, мектепте оқытылған пәндерді тереңірек үңіле түсесіздер.
Мысалы өзіміздің қаламызда қандай оқу орындарын білесіздер?
Оқушылар жауаптары тыңдалынады
Дұрыс айтасыздар, біздің қаламыз кішкене болса да, мақтанарға тұрарлық оқу орындарымыз баршылық. Болашақта таңдау жасаған мамандығымызды осы лицей, колледждерімізден де табуға болады екен: педагогикалық мамандықтар, қаржы мамандары, инженер мамандары, аспаздар, техникалық мамандықтар, заңгер мамандықтары, т.б. көптеген сұранысы бар мамандықтар оқытылады.
Ал қазір «Ойлан, тап!» тапсырмасына назарымызды аударайық:
Достарыңызбен бөлісу: |