МКҚК «Балалар шығармашылық үйі»
Үйірме атауы: Баланы дамыту мектебі. Сауат ашу
Сабақ жоспары
Тақырыбы: «Шш» дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: «Ш» дыбысы және әрпін таныстыру. Құрамында жаңа дыбысы бар сөздерді дұрыс оқуға үйрету.
Дамытушылық: Ойын арқылы балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, оқуға, жазуға қызығушылықтары мен ынта-талаптарын арттыру, ой қозғау, әңгіме құру арқылы сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік: Балаларды адамгершілікке, ізеттілікке, білім алуға, мейірімділікке адалдыққа, еңбексүйгіштікке баулу.
Сабақтың түрі: теориялық сабақ.
Сабақта қолданатын технология: СТО технологиясының элементтері
Сабақтың материалды-техникалық көрнекілігі: суреттер, кеспе әріптері кеспе буындар,қызыл, көе текшелер, үлестірмелі материалдар
Сабақтың мазмұны және барысы
Психологиялық дайындық
«5» болсын алар бағамыз,
Білімнен бақыт табамыз.
Мақсатымыз білім алу,
Міндетіміз еңбектену.
Қызығушылықты ояту
-Дыбыс дегеніміз не?
-Дыбыстар нешеге бөлінеді?
-Дауысты, дауыссыз дыбыстарды қандай текшелермен белгілейміз? (қызыл, көк)
-Ал әріп дегеніміз не? -Әріпті көреміз, жазамыз, оқи аламыз.
Дыбыстан не құралады? (буын)
Буыннан не құралады? (сөз). Сөзден не құралады? (сөйлем)
-Өте жақсы. Ал енді, балалар, «Жасырын сөз» ойынын ойнап жіберейік. Ойынның шарты суреттегі заттардың бірінші дыбыстарын қосып оқығанда жеуге жарамды ақ немесе сары түсті тамыржемісінің немесе орыс халқының ертегісінің аты шығады.
(Шалқан)
Мағынаны тану.
-Дұрыс.Шалқанды кім біледі? Шалқанның құрамында ағзамызға қажетті дәрумендер бар. Емдік қасиеті бар. Сонымен қатар шаш күтіміне де пайдалы. Шалқанның жапырағын қайнатып, шашты жуса шашың түспейді, майланбайды. Пайдасы көп. Шалқан сөзін буынға бөліп көрелік. Неше буын бар? Барлығымыз «Шалқан» ертегісін білеміз бе? Ол ертегінің кейіпкерлері кімдер еді? Шал- кемпір, қызы, күшік, мысық, тышқан.
Ендеше, балалар, сендер ертегілерді ұнатасыздар ғой. Қане, «шалқан» ертегісін есімізге түсіріп, ертегі кейіпкерлерін қонаққа шақырайық. Көмекке келген кейіпкерлер сіздерге өз тапсырмаларын ала келген.
Баяғы өткен заманда бір шал шалқан егіпті. Шалқан үйдей болып өсіпті. Шал шалқанды жерден суырып алмақ боп,олай тартқылайды, былай тартқылайды, суыра алмайды.
Шал көмекке кемпірді шақырады. Кемпір құр қол келмей сіздерге суреттер алып келген сол суреттердің аттарын атап берулеріңізді сұрайды.
1.Тапсырма. Суреттердің атын атау.
Достарыңызбен бөлісу: |