ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ФИЛИАЛЫ
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ
БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ
Практикалық жұмысы
Сабақ жоспары
Тақырыбы: Тарихтың қайнар көзі-деректер
Дайындағандар: Намазова А.М
Искаков Ж.А
Тексергендер: Құдайбергенұлы Б.
Несіпбаева Ә. Ж.
Павлодар, 2014
Қазақстан тарихы
Сабақ жоспары
Сынып: 5 сынып
Сабақтың тақырыбы
|
Тарихтың қайнар көзі - деректер.
|
Жалпы мақсаты
|
Білімділік: Оқушыларға ауызшаа, жазбаша деректер, олардың түрлері, көмекші тарих пәндері туралы білім беру.
Дамытушылық: Деңгейлік өздік тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылық қызметін дамытып, ізденіске ұмтылдыру.
Тәрбиелік: Туған елінің өткен тарихын құрметтейтін, білімпаз жастарды тәрбиелеу
|
Күтілетін нәтиже
|
Тарихи тілдерін дамыту. Деректерді салыстыру, анализ жасауды, картамен жұмыс жасауды үйрену. Уәж беру қолпаштау арқылы оқушылардың ынтасын арттыру.
|
Сабақтын түрі
|
Аралас сабақ
|
Көрнекіліктер
|
1. Тас бетінде жазылған ежелгі жазулардың суреті (Құлтегін, Тоныкөк, т.б.)
2. «Ежелгі Қазақстан картасы»
3. Тірек-сызбалар, кестелер
4. Археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған ежелгі қалалардың суреттері (Бұзоқ қаласы, ежелгі Сарайшық, т.б.)
|
Сабақтың әдістері
|
әңгімелеу, тест, мәтінмен жұмыс, мағынаны табу, кесте толтыру
|
Сабақтың кезені
|
Уақыт
|
Мұғалім іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Ұйымдастыру кезеңі
|
2 мин
|
Амандасу, Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.
(Психологиялық ахуал тудыру)
|
Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.
|
Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
|
10 мин
|
Өткен тақырыпты қалай меңгергендігін тексеру үшін тақырып бойынша тест сұрақтарын береді.
|
Оқушылар тақырыпты естеріне түсіріп, сұрақтарға жауап береді.
|
Тұсаукесер
Жаңа тақырыпқа шығу
|
6 мин
|
Оқушыларды топқа бөлу.
Тарихи тұлғаларды, даталарды, терминдерді еске түсіру арқылы тақырыпқа шығу, сабақтың мақсатын анықтау (СТО, АКТ)
|
Оқушылар тез топқа бөлінеді, топ басшысын тағайындайды, топ ішінде міңдеттерін бөледі. Мұғалімді мұқият тыңдап, сұрақтарға жауап беру арқылы жаңа сабақтың тақырыбына өздері шығады.
|
Негізгі бөлім
|
7 мин
|
Оқушыларға қосымша дерек көздерін тарату (презентация дайындауға жағдай жасау).
Әр топқа тапсырма беру
|
Оқушылар қосымша дерек көздерімен танысады. Топ спикерлері топқа берілген тапсырмаларды таңдап алып, презентация дайындайды. Сұрақтар туындаған жағдайда мұғалімге қояды.
|
Сергіту сәті
|
2 мин
|
Оқушылармен бірге орындайды.
|
Барлығы бірге орындайды.
|
Бекіту
|
12 мин
|
Кеңес беру, бағыттау, қолпаштау
|
Меңгеру деңгейі
|
Тапсырмалар
|
Білу
|
Сұрақтарға жауап бер
|
Түсіну
|
Термин сөздер
|
Қолдану
|
Кестені толтыр
|
Талдау
|
Тірек-сызбаны толтыр
|
Синтез
|
Өз ойларымен бөлісіндер
|
Бағалау
|
Топ ішінде талдап, жауап беру
|
Қорытындылау
|
3 мин
|
3Б кестесін толтыруға беру. Оқушылардың берген жауаптарын еске отырып, түсінбеген мәселелер бойынша қосымша мәліметтер беру.
|
Мұғалімді мұқият тыңдап, қосымша сұрақтар туындаған болса сұрайды.
|
Бағалау
|
2 мин
|
Бағалау парақтарын тексеріп, толтыру бойынша кеңес береді
0-12 балл - «2»
13-17 балл - «3»
18-21 балл - «4»
22-24 балл - «5»
|
Өздеріне лайықты бағаларын алады. Ескертулері болса мұғалімге айтады.
|
Үйге тапсырма
|
1 мин
|
|
Мұғалімнің тапсырмасын күнделіктеріне жазып, түсінбегендерін сұрайды.
|
Үй тапсырмасын сұрау. Тест
Тарих сөзін алғаш қолданған кімдер?
А) Арабтар; Ә) Қытайлықтар; Б ) Қазақтар;
2) «Зерттеу», «оқиғалар жайлы әңгіме» деген мағынаны білдіретін сөз.
А) шежіре; Ә) жылнама; Б ) тарих;
3) Ежелгі грек тарихшысы, жиһангезі Геродот қай жылдары өмір сүрді?
А) б. з. б. 484-425 жж.; Ә) б. з. б. 438-378 жж.; Б ) б. з. б. 468-415 жж;
4) Шығыстағы «Тарихтың атасы» деп кімді атаған?
А) Геродотты; Ә) Рашид ад-Динді; Б ) Сыма Цяньді;
5) Батыстағы «Тарихтың атасы» деп кімді атаған?
А) Геродотты; Ә) Рашид ад-Динді; Б ) Сыма Цяньді
6) Қытай тарихшысы Сыма Цянь қай жылдары өмір сүрді?
А) б. з. б. 125-76 жж.; Ә) б. з. б. 145-86 жж.; Б ) б. з. б. 167-98 жж;
7) Сыма Цянь қандай тарихи еңбек жазып қалдырды?
А) «Тарихи жазбалар»; Ә) «Тарих»; Б ) «Жылнамалар жинағы»
8) Рашид ад-Дин қай жылдары өмір сүрді?
А) 1257-1418 жж.; Ә) 1247-1318жж.; Б ) 1267-1338 жж;
9) Мұхамед Хайдар Дулати қандай тарихи еңбек жазды?
А) «Тарихи Рашиди»; Ә) «Жами ат-тауарих»; Б ) «Шежіре и-түрік»
10) Патша сарайындағы оқиғаларды жазып отыратын арнайы адамдар кімдер?
А) шежірешілер; Ә) тарихшылар; Б ) жылнамашылар;
Топ тапсырмалары:
а) Жазбаша деректер.
ә) Ауызша деректер.
б) Археологиялық деректер.
в) Этнографиялық деректер.
Бекіту тапсырмалар:
І. Сұрақтарға жауап бер (дұрыс жауапқа 1 балл, барлығы 4 балл)
Тарих деректер қандай түрлерге бөлінеді?
Ауызша және жазбаша деректерге не жатады?
Археологиялық деректер дегеніміз не?
Этнографиялық деректер дегеніміз не?
ІІ. Терминдерге анықтама бер (дұрыс жауапқа 1 балл, барлығы 4 балл)
Нумизматика – тиындар, құйма ақша кесектері т. б. ескерткіштер арқылы тиын соғу, ақша айналымы тарихын зерттейтін көмекші пән.
Бонистика – қағаз ақшалардың тарихын зерттейтін көмекші пән.
Геральдика – елтаңба тану ғылымы, елтаңбаларды арнайы деректеме ретінде зерттейтін қосалқы тарихи пән.
Антропология – адам қаңқасын зерттеу арқылы адамның дене бітімін, сипатын анықтайтын тарихтың бір саласы.
ІІІ. Кестені толтыр (дұрыс жауапқа 1 балл, барлығы 5 балл)
-
Тарихи деректер
|
ауызша
|
жазбаша
|
археологиялық
|
этнографиялық
|
антропологиялық
|
|
|
|
|
|
ІҮ. Тірек-сызбаны толтыру. (дұрыс жауапқа 1 балл, барлығы 5 балл)
Тарихи деректер
ауызша жазбаша археологиялық этнографиялық антропологиялық
Ү. Өз ойларымен бөлісіндер (дұрыс жауапқа 3 балл)
Дереккөздердің тарихты оқытуда маңызы қандай?
ҮІ. Топ ішінде талдап, жауап беру (дұрыс жауапқа 3 балл)
Тарихи дереккөздерімен қалай жұмыс жасау керек деп ойлайсың.
Білемін
|
Білдім
|
Білгім келеді
|
|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ФИЛИАЛЫ
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ
Сабақ жоспары
Тақырыбы: Тарихтың қайнар көзі - деректер.
Тексерген: Нәсіпбаева Ә. Ж.
Құдайбегенұлы Б.
Орындаған: Чужаев А. С.
Каримжан Ж. Т.
Намазова А. М.
Павлодар, 2014
Достарыңызбен бөлісу: |