Бейнежазба арқылы ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы оқушылардың білімдерін қалыптастыру, «Өзім туралы» өлеңін оқу арқылы өлеңнің идесы мен тақырыбын ашу, ақынның өзіндік мұратын таныту, шығармашылыққа дағдыландыра отырып болашақ жастарға айтқан ақын өсиетін насихаттау.
Оқыту мақсаты/
күтілетін нәтижелер:
Барлығы: өлең мазмұнымен таныса алады, идеясын аша алады.
Көпшілігі: Жалпы өлеңді СКТ жолымен өлең құрылысына қарай талдай алады, өлеңнің көркемдік ерекшеліктерін таба алады, «Бес жолды өлең» әдісі арқылы өлең құрастыра алады.
Кейбіреулері: РАФТ әдісі бойынша «Сен не еткен бақытты едің келер ұрпақ!? тақырыбына монолог құрастыра алады.
Тілдік мақсат:
Оқушылар: сабақты түсінеді, жеке, жұптық және топтық жұмыс жасайды, берілген практикалық тапсырмаларды өз уақытында орындай алады.
Негізгі сөздер мен тіркестер: Қасым Аманжолов, «Өзім туралы».
Сыныптағы диалог/ жазылым үшін тілдік бірліктер: Бейнежазбадан кімді көрдіңіздер? Аудиожазбадан қандай өлеңді естідіңдер. Ақын бұл өлеңі арқылы нені айтқысы келіп отыр? Т.б.
Талдауға арналған тармақтар: түрткі сұрақтар, іздендіру, ой – қозғау және ой – толғаныс тапсырмалары.
Жазылым бойынша ұсыныстар: ой – толғаныс тапсырмасы, шығармашылық жұмыс.
Оқушылар бүгінгі тақырыпқа кірісу үшін алдыңғы өткендерімен байланыстыра алады. «Қызығушылықты ояту» кезеңінен өте отырып, сабақ тақырыбын анықтап, белсенді жұмс жасай алады.
Жоспар
Жоспарлау уақыты:
14. 40 – 15. 25
Жоспарланған іс-әкереттер
Бағалау
Ресурстар
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушылардың іс-әрекеттері
Кіріспе:
Ұйымдастыру кезеңі
(1 мин)
14.40 – 14. 41
Оқушылармен сәлемдесу,
сабаққа психологиялық дайындық жасату.
Ашық болсын қос қабақ,
Бізбен бірге бар қонақ.
Бейтаныс та, таныс та,
Бүгін төрде бас қорнақ.
Кезекші оқушылар жайында хабардар етеді. Сабаққа жақсы көңіл – күй орнату үшін психологиялық дайындық жасайды..
Мақтау
Интер.тақта
Психология-лық ахуал.
Өткен білімдерін жинақтау.
(3 мин)
14.41 – 14.44
Үй тапсырмасын сұрау.
(6 мин)
14.44 – 14.50
Үй тапсырмасын бекіту.
( 9 мин)
Кубизм – 2 мин
Тест тапсырмасын орындау – 5 мин
Тексеру – 1мин
Бағалау – 1 мин
14.50 – 14.59
Сергіту сәті.
(1мин). 14.59 – 15.00
Жаңа сабақ.
Қызығушылықты ояту.
ТЫҢДАЛЫМ, АЙТЫЛЫМ.
(3 мин)
Бейнежазба: 1,5 мин
Айтылым – 1,5, мин
15.00 – 15.03
Мағынаны тану.
(білу және түсіну)
ОҚЫЛЫМ және АЙТЫЛЫМ.
(7 мин)
2 мин – оқылым
5 мин – қорғау.
15. 03 – 15. 10
Өлеңді бекіту тапсырмасы.
Оқулықпен жұмыс:
(қолдану және талдау)
АЙТЫЛЫМ.
( 9 мин).
СКТ – 2 мин
Әдеб.тіл.бір – 2 мин
Қорғау - 5 мин
15.10 – 15.19
Жаңа білімдерін жинақтау.
(5 мин)
15.19 – 15.24
ЗЫМЫРАН СҰРАҚТАР. (миға шабуыл).
АЙКЕН СҰРАЙДЫ. 1.Сыныптастар, өткен сабақта қай ақынмен таныстық? (Иса Байзақов).
2. Оның қандай шығармасымен таныстық? («Құралай сұлу»).
Ү. Оқиғаның шешімі: Келден батырдың Құралай сұлудан айырылуы. Армансыз адамның өмірде болмайтынын Монтай бидің түсінуі. Үй тапсырмасына шығарма мазмұнына үндестіре отырып «Армансыз адам бола ма?» тақырыптырына өлең шумақтарын құрастырып келуге берілген болатын. Үй тапсырмасын сұрамастан бұрын оқушылардан не үшін үй тапсырмасын сұрайтыным туралы мақсатын сұраймын. Мақсатым: оқушылардың сауаттылығын, дайындығын, шығармашылық шеберліктерін байқау. Үй тапсырмасын сұрамастан бұрын 3 оқушыны (барлығынан, көпшілігінен, кейбіреулерінен) тақтаға шығарамын. Оларға үй тапсырмасын бағалайтын кретерийлерді ұсынамын.
Үй тапсырмасына қойылатын талаптар:
1. Өлең құрылысының дұрыс құрылыуы.
2. Өлеңнің шығарма мазмұнымен үндесуі.
3. Образға ене отырып, ойларын дәлелдеп бере алуы,.
Осы талаптар бойынша сынып лидері Балғабаева Балнұр бақылап, «Кейбіреулерінен», ал «Көпшілігі» шыққан оқушы өзін – өзін бағалайды, ал «барлығынан» шыққан оқушыны мұғалім бағалайды.
Үй тапсырмасын «Кубизм» әдісімен бекітемін.
ӘСЕЛ БЕКІТЕДІ.
1. СИПАТТАҢЫЗ: (Шығармадағы Монтай биді сипаттаңыз) - орта жүз, қыпшақ, ел қадірлеген , ер құнын екі ауыз сөзбен шешкен би.
2. САЛЫСТЫРЫҢЫЗ: (Монтай би мен Келден байдың өзіндік қасіреттерін салыстырыңыз) – Монтай би бала өлімінің қайғысын жұтса, Келден батыр – сүйген жарының өлімінің қайғысын жұтқан адам.
3. ЗЕРТТЕҢІЗ: (Оқиға қай кезеңді қамтиды?) – «Ақтабан шұбырынды» заманындағы қазақ – қалмақ соғысын қамтиды.
4. ТАЛДАҢЫЗ: (Шығармадағы Құралай сұлудың анасының басынан өткен оқиғаға талдау жасаңыз) – қазақ – қалмақ тартысында қалмақтар алып қашып, 15 жасында қалмақ ханы Сейқынға әскерлері тарту еткен).
5. ҚОЛДАНЫҢЫЗ: (оқулықтан Құралай сұлудың ана өсиетін орындаудағы соңғы сөздерін тауып оқып беріңіздер)
6. ДӘЛЕЛДЕҢІЗ: («Армансыз адам – ормансыз бұлбұл»). Ойларыңызды дәлелдеңіздер.
Ендеше, сіздерді бағалау үшін, үй тапсырмасы бойынша ТЕСТ ТАПСЫРМАСЫН орындатқызамын.
Оқушылар берілген сұрақтарға жауап беру арқылы және шы және шығарманы композициялық құрылымына қарай талдау арқылы өткен білімдерін еске түсіре алады.
Оқушылар берілген кретерийлер бойынша үй тапсырмасын оқып, бағаланады.
Оқушылар «Кубизм» әдісімен өз ойларын ашық айтып, екі нұсқаға бөлініп, тест тапсырмасын орындап, берілген бағалау шкаласына қарай өздерін өзі бағалайды және үй тапсырмасын бекіте алады.
Мақтау.
«келісемін» не «келіспеймін» бағалау.
(бастарын изеу).
Мақтау – мадақтау
«дұрыс» не «бұрыс» әдісімен бағалай-ды.
Интербел - сенді тақта.
Оқулық.
Интерактивті тақта
Түркі сұрақтар, «Кубизм» әдісі.тест тапсырма-сы
Оқулық
Сергіту сәтіне арналған ән
Бейнежаз-ба, интербел-сенді тақта.
Оқулық.
Оқушыларды орындарынан тұрғызып, екі қодарын көтеріп, ауа жұтып тұрып: 1. «Мен бақытты баламын» - қолдарын көтереді 2. «Әлемнен күш аламын» - екі қолдарымен – күш жинайды. 3. «Өзіме өзім сенемін» - екі қолдарын кезектестіріп жинап жаяды, 4. «Өмірден орнымды табамын» - екі қолдарын жоғары көтеріп шайқайды.
Оқушыларға жаңа тақырыпты ашу үшін бейнежазбадан Қасым Аманжолов өмірі мен шығармашылығы туралы көрсетемін және «Түртіп алу» әдісімен негізгі деректерді дәптерлеріне түртіп алуды тапсырамын.
1. Біз кімді көрдік? Қасым Аманжолов туралы не білдік?сұрақтарын ұсынамын. сонымен қатар, біз жана сергіту сәтінде кім туралы айттық? (өзім туралы).
Оқушыларға сабаққа SMART мақсат қоюды ұсынамын..
Сынып 5 топқа (дуэт, трио, квартет) бөлінеді: «Өзім туралы» өлеңі бойынша:
Өзім туралы; (Қасым кім? Өзін қалай суреттеді?).
Өмір мен өлім туралы; (Ақын өмір мен өлімді қалай салыстырды? Ақынның келер ұрпақ дегені кімдер еді?).
Ақындық, оның мақсаты; ( Ақынның ақындығын қай жағынан байқай алдыңыздар?).
Болашаққа өсиет; (Болашаққа өсиеті не туралы болды?).
Ақынның табиғатпен үндестігі ( ақын өзін табиғатқа қалай теңеді?) - бөлімдерін бөліп
оқып, сұрақтар бойынша мағынасын ашып беру тапсырмасын ұсынамын.
Жалпы өлеңді СКТ жолымен өлең құрылысына қарай талдау тапсырмасын;
Сыныптың үш қатарына: 1 – қатар: өлең құрамынан ТЕҢЕУЛЕРДІ табуды; 2 – қатар: МЕТАФОРАЛАРДЫ табуды; 3 – қатар: ЭПИТЕТТЕРДІ табу тапсырмасын ұсынамын.
2. Өлеңнен теңеу, эпитет, метафора тапсырмасын;
Кейбіреулеріне:
1. РАФТ әдісі бойынша «Сен не еткен бақытты едің келер ұрпақ!? тақырыбына монолог ; ал қалған оқушыларға: Синквейн» (БЕС ЖОЛДЫ ӨЛЕҢ) әдісімен өлең құрастыру тапсырмасын ұсынамын.
Берілген өлең жолдарын қимылдар жасап, денелерін шынықтырып алады.
Оқушылар бейнежазбаны көріп, берілген сұрақтарға жауап беру арқылы сабақ тақырыбын анықтай алады. Берілген сұрақтарға жауап бере алады.
Оқушылар топтарға бөлініп, «Сөзмоншақ» әдісімен оқып, мағынасын аша алады. Басқа топтар қалыптастырушы бағалау бере алады.
Екі оқушы тақтада жұптаса отырып орындайды және қалған оқушылар қарынждашпен оқулықтағы өлеңді шумақтарға бөліп қояды.(1.2.3.).
1.СКТ
Авторы: Қасым Аманжолов.
Шумағы: 25 шумақ.
Тармағы: 100 тармақ.
Буыны: 11-12 буынды.
Ұйқасы: а,а,б,а – қара өлең ұйқасы.
Оқушылар әуелі әдеби теорияларды еске түсіре алады, өздеріне берілген тапсырма бойынша ТЕҢЕУДІ [] белгісімен; МЕТАФОРАЛАРДЫ () белгісімен; ЭПИТЕТТЕРДІ <> белгісімен белгілеп, бандай алады.
2.Өлеңнен көркемдегіш құралдарыды таба алады:
ТЕҢЕУ:(169 бет).Серінің семсеріндей сертке таққан; Өлеңнің бөбегіндей әлдилеген; Торқадай жамылып ап топырағын; Жалт беріп жоғалар ма нажағайдай; Мерт болған балапанның қанатындай; Өртке тиген дауылдай, т.б.
ЭПИТЕТ: (167бет).Дауыл күйді, шарлаған жолым жатыр, қайран сапар, жалынды жыр,Жалт – жұлт еткен мекенім, қысқа өмірім, т.б.
МЕТАФОРА: (168 бет). екі көз – екі жұлдыз маңайдағы; гүрілдеп жалын атқан кеудем – көрік; жүзім – жаз, көңілім – көктем кең пейілді, т.б.
1. РАФТ әдісі:
Рөл – Қасым.
Аудитория – ХХІ ғасыр ұрпақтары
Форма – монолог
Тақырып – «Сен не еткен бақытты едің келер ұрпақ!. 2. Бес жолды өлең.
Зат есім – Қасым
Сын есім – кең пейілді, дауылпаз.
Етістік – жазады, армандайды, өсиеттейді.
Елінің ақыны – Қасым аға!
Синоним – ақын. .
Мақтау
Мақтау, мадақ-тау.
«+» немесе
«-» белгілерімен бағалайды.
Үш рет шапалақ- тап бағалау.
Бағдар-шам белгілерімен бағалай-ды.
«Бас бармақтың» көмегімен бағалау.
Соңы
Рефлексия.
(2 мин)
Оқушыларға рефлексия жасамастан бұрын, бүгінгі СМАРТ мақсатқа жете алдық деп ойлайсыңдар ма? Қалай жете алдық деп ойлайсыңдар?деген сұрақтарды ұсынамын. Оқушыларға төмендегідей сөйлемдерді аяқтауды ұсынамын:
1 – қатар: Мен мынаны білдім.....
2 – қатар: Маған қызық болғаны.....
3 – қатар: Маған қиын болғаны.......
4 – қатар: Мен ......... тапсырмаларды орындай алдым....
5 – қатар: Менде мынадай жаңа ой пайда болды.....
6 – қатар: Алдағы сабаққа ұсынысым.......
Оқушылар берілген сауалдарға жауап беру арқылы рефлекси жүргізе алады.
Рефлексия сауалда-ры
Үй тапсырмасы:
(1 мин)
1.Ақын өмірі мен шығармашылығын оқу;
2. Өлеңнің 5-7 шумағын жатқа жаттап келу;
3. Әдеби тіл бірліктерін қайталау.
Қорытындылау:
«Соңғы сөзді мен айтайын...»
(1 мин)
Қасым Аманжолов – өзі айтқандай елінің ерке ақыны, Қанша ғасыр, қанша жыл өтсе де солай болып қала бермек! Аз ғана ғұмыр кешкен әдебиетімізге зор үлесін қосып кеткен дауылпаз ақынды ұрпағы мәңгі жадында сақтап, мәңгі мақтан тұтпақ, келісесіңдер ме?!
Оқушылар берілген СМАРТ мақсатқа жеткен жетпегендерін айтып өз ойларын дәлелдей алады және өз қатарларына берілген сөйлемдерді ауызша аяқтау арқылы рефлексия жасайды.
.
« Ия» немесе «жоқ» арқылы қолдарын біріне бірі қосып бағалай-ды.
Кері байланыс сауалдары.
Қосымша ақпараттар
Дифференциация
Қатысушыларға көмектесуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті дағдысы қалыптасқан қатысушыларға қандай тапсырмалар беруді жоспарлайсыз?
Бағалау-қатысушылардың білімін, прогресті қадағалауды қалай жоспарлайсыз?
Пән аралық байланыс
Осы сабағымда барлық оқушыны қатыстыру үшін түрлі әдіс – тәсілдермен оңайдан қиынға қарай тапсырмалар беру арқылы көмектесуді жоспарлаймын. Ал, қабілеті жоғары оқушыларға өздерінің жоғары білімі мен талғамын көрсетулері үшін қабілеттерін арттыратын, ауызша сөйлей алуға дағдыландыратын әдістерді кеңінен қолдануды жоспарлаймын.
Жалпы сабақ барысындағы барлық кезеңдерін орындатып болған соң, оқушылар бірін – бірі бағалай алады, мақтау – мадақтау арқылы бағаланады және жиынтық бағамен бағаланады.
қазақ тілі.
Рефлексия
Бұл орынды өз сабағыңыз бойынша бақылау барысын жазуға қолданыңыз. Сол жақ бағанда жазылған сұрақтарға жауап бере өз сабағыңыз бойынша жазыңыз.
1. Оқыту сабақтың мақсаттарына жете алдыңызба?
2.Бүгін қатысушылар нені үйренді?
3. Оқытуда атмосфера қалай болды?
4. Менің диффер- әдіс-тәсілдерін жұмыс барысында қаншалықты орындалды?
5.Мен кестеге сай жұмыс жасадым ба?
6. Мен өз жоспарыма қандай өзгерістер енгізуіме болады және неге?
1.Оқыту өз мақсатына жетеді деп жоспарлаймын.
2. Бүгін сабақта қатысушылар Қасым Аманжолов өмірі мен шығармашылығымен, «Өзім туралы» өлеңін оқып, негізгі идесын түсініп, ақын тұлғасын жан – жақты аша алады деп ойлаймын.
3. Оқыту атмосферасы жақсы болады деп ойлаймын. Әр кезеңде қатысушылар жақсы бағаланып отырса, сабақ атмосферасы да соған сай болады деп жоспарлаймын.
4. Сабаққа жоспарлаған әдіс – тәсілдер өз орнымен қолданылып, сабақ тақырыбын ашады деп ойлаймын.
5. Сабақ кестеге сай құрылды және орындалады деп жоспарлаймын.
6. Бұдан кейінгі сабақтарыма түрлі интербелсенді әдіс – тәсілдерді енгіземін, себебі сабаққа оқушы қызығушылығы артса, сабақ сапасы жақсы болады деп ойлаймын.
Қорытынды бағалау.
Сәтті болған екі жағдайды атаңыз /оқу мен оқыту/
1:
2:
Сабақты жақсартуға мүмкін болатын екі жағдайды атаңыз /оқу мен оқыту/
1:
2: Сынып / аудитория жайында мен қандай жаңалық білдім, сонымен қатар жеке қатысушылар туралы не білдім,менің келесі сабақты өткізуіме осы аталғандар қалай әсер етеді/ қандай көрініс табады?