Логикалық амалдар
Логика алгебрасында логикалық амалдармен ауыстырылатын күрделі пікірлер табиғи тілде жалғаулықтардың көмегімен құрылады.
Логикалық амалдар-қарапайым пікірлерден жаңа пікірлер алу мүмкіндігін тудыратын пікірлермен орындалатын амалдар.
Маңызды амалдар:
Конъюнкция (˄белгіленеді)
Дизъюнкция (˅)
Теріске шығару (бір пікірге арналған амал ⌐ белгісімен немесе пікірдің алдына ойылатын сызықпен көрсетіледі).
Күрделі пікірлердің ақиқаттылығын анықтау үшін ақиқат кестесі қолданылады. Күрделі пікірлер құрамындағы қарапайым пікірлердің барлық мүмкін болатын мәндерін ақиқат кестеде көруге болады.
Конъюнкция (логикалық көбейту). Осы амалдың нәтижесінде «ЖӘНЕ» біріктіру жалғаулығымен күрделі пікір алынады. Оның ішіндегі пікірлер мәні ақиқат болса, оның да мәні ақиқат болады.
-
А
|
В
|
А˄В
|
1
|
1
|
1
|
1
|
0
|
0
|
0
|
1
|
0
|
0
|
0
|
0
|
Мысалы, «Найзағай жарық етті және күн күркіреді» күрделі пікірі, екі қарапайым пікірдің конъюнкциясы болады: «найзағай жарық етті», «Күн күркіреді».
Дизъюнкция (логикалық қосу). Осы амалдың нәтижесінде «НЕМЕСЕ» біріктіру жалғаулығымен күрделі пікір алынады. Оның ішіндегі пікірлердің кем дегенде біреуінің мәні ақиқат болса, оның да мәні ақиқат болады.
-
А
|
В
|
А˅В
|
1
|
1
|
1
|
1
|
0
|
1
|
0
|
1
|
1
|
0
|
0
|
0
|
Мысалы, «ол ағылшын тілін немесе неміс тілін оқиды» күрделі пікірі екі қарапайым пікірдің дизъюнкциясы болады: «Ол ағылшын тілін оқиды», «Ол неміс тілін оқиды».
Теріске шығару (инверсия)-пікірдің мағынасын қарама-қарсы мәнге ауыстырады, табиғи тілде «ЕМЕС» жалғаулығына сәйкес болып, А-мен белгіленеді.
Логикалық амалдар Эйлер-Венн диаграммаларының көмегімен графикалық түрде де көрсетілуі мүмкін:
Достарыңызбен бөлісу: |