Тәрбиелік мақсаты:Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын ояту, ойын арқылы оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, ұлт жандылыққа, тапқырлыққа, ойшылдыққа тәрбиелеу
Дамытушылық мақсаты:Ойын арқылы оқушылардың ой-өрісін кеңейту, ойлау, қабілеттерін арттыру, бұрынғы математикалық ұғым-түсініктерін жаңа ұғымдармен толықтыру, оны одан ары дамыту.
Түрі:Сайыс.
Әдісі:Ой қозғау әдісі.
Көрнекілігі:1)Үш қақпа:тас қақпа, күміс қақпа, алтын қақпа;
2)Математикалық мазмұнды нақыл, даналық сөздер.
3)Алтын сандық.
4)Слайдтар.
Барысы:ІҰйымдастыру .
Ойынға қатысушыларға нөмірлер беріледі.Ойын өтетін бөлме безендіріледі(шар, көрнекіліктерімен);
ІІ.Негізгі бөлім:Ойын сұрақ қойылып , соған жауап берген оқушының ортаға шығуымен басталады.Содан соң үш сұрақ қойылып , оған дұрыс жауап алынумен сәйкес үш қақпа ашылады.Алтын сандықты ашу үшін сұрақ қойылады.Жауап берген оқушы алтын сандықтың ішіндегі сый-сияпатқа ие болады.
І.Кезең:
Уа,халайық!
Бәріне бірдей жар салайық,
Математика тілін үйренем деушілерге,
Математика тілін білмек ойы барларға,
Бүгін болатын кешімізді арнаймыз.
Ғылымдардың патшасы атанғансың,
Евклид, Пифагордан бата алғансың ,
Төзбейтін өтірікке, жалғандыққа,
Жасықтан емессің сен, қаталдансың,
«Ақыл ойды тәртіпке» келтіретін
Нағыз пән- математика атанғансың!
Достарыңызбен бөлісу: |