№ 6 сабақ жоспары
Пән: Еңбекжәне Ә ҚҚ құқық
Тараудың тақырыбы:6- тарау Жұмыс уақыты
Сабақтың тақырыбы: Жұмыс уақытының құқықтық реттелуі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Жұмыс уақытының құқықтық реттелуі мен түрлеріне түсінік беру, және оларды ашып көрсету.
Тәрбиелік: Жұмыс уақытын түсіндіре отырып, еңбек заңдары мен ережелерді сақтауға тәрбиелеу.
Дамытушылық:Студенттердің ой-өрісін кеңейтіп, ойлау қабілеттерін пәнге деген қызығушылығын ояту.
Сабақтың типі: аралас
Қолданылатын әдіс-тәсілдер, технологиялар: тест сұрақтары, карточкалар
Пән аралық байланыстар:ҚР Құқық негіздері, Әкімшілік құқық.
Сабақтың жабдықталуы: бор, тақта, қалам, дәптер.
Қолданылатың әдебиеттер:Джанпейсов Д.Ә. Джанпейсов Д.Ә. «Еңбек құқығы және ӘҚҚ» . ҚР-ның «Еңбек кодексі»
Қосымша әдебиеттер:В.Уваров "Еңбек құқығы" оқулық
Сабақтың жоспары:
1.Ұйымдастыру кезеңі-3мин
-Оқушылармен амандасу:
-оқушыларды түгендеп, журнал толтыру;
-сабақтың тақырыбын таныстырып мақсатын қою; сабақ барысымен таныстыру.
2.Үй тапсырмасын сұрау-15мин (Құзыреттілік)
-Өткен тақырып бойынша оқушылардың дайындығын тексеру үшін топты 3 топқа бөліп өз ара сұрақтар қойу арқылы сұрау:
-Қайталау
3.Жаңа тақырыпты түсіндіру-30мин
1. Жұмыс уақытының ұғымы және оның құқықтық реттелуі.
2. Жұмыс уақытының тәртібі және есебі
3. Мерзімнен тыс жұмыстардың ұғымы және оларды рұқсат ету тәртібі
4. Толық емес және қалыпты жұмыс уақыты
Жұмыс уақыты – бұл жұмысшының жұмыс берушінің актілеріне және еңбек келісім-шартына сәйкес қызметтік міндеттерін атқаратын, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіндегіжұмыс уақытына қатысты басқа да уақыт кезеңі
Жұмысуақытыныңұзақтығы:
қалыпты (аптасына 40 сағаттанаспауытиіс)
артылған
толықемес
Жұмысуақытынамыналаржатады:
дайындалу-қорытындыжұмыстар (тапсырмаалу, материалдар, құралдар, техникалармен, құжатамаментанысу, жұмыс орнын дайындау және тазалау, дайын өнімді өткізу және басқалары)
технология, еңбек ұйымы, еңбекті нормалау және қорғау ережелерінде қарастырылған үзілістер, жұмыс орнындағы немесе жұмысшының өз уақытын дұрыс қалыптастыра алмағандағы күту уақыттары, мейрам және демалыс күндеріндегі кезекшілік
еңбек, ұжымдықкелісім-шарт, жұмыс берушінің актілерімен немесе Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен анықталған үйде кезекшілік ету және басқа да кезеңдер
Жұмысуақытынқысқартутөмендегітұлғаларүшінбекітіледі:
он сегіз жасқа жетпеген жұмысшылар
ауыр жұмыстарда, зиянды (ерекшезиянды) және (немесе) қауіпті еңбек жағдайындағы қызметкерлерге
бірінші және екінші топтағы мүгедектерге
Толық емес жұмыс уақыты:
толық емес жұмыс күні
толық емес жұмыс аптасы
күнделікті жұмыс уақытының нормасын бірмезгілде азайту (жұмыс ауысымы) және жұмыс аптасындағы жұмыс күндерін қысқарту
Назар аударыңыз!
Толық емес жұмыс уақытымен жұмыс істеген қызметкердің жыл сайынғы еңбек демалысы төлемінің шектелуіне әсер етпейді.
Жұмысаптасыныңтүрлері:
Екі демалыс күні бар бес күндік жұмыс аптасы
Бір демалыс күні бар алты күндік жұмыс аптасы
Күнделіктіжұмысуақыты (жұмысауысымы):
Бес күндік жұмыс аптасы кезінде – 40 сағаттық апталық норма бойынша 8 сағаттана спауы тиіс, 36 сағаттық апталық норма кезінде 7 сағат 12 минуттан және 24 сағаттықа пталық норма кезінде 5 сағаттан аспауы тиіс
Алты күндік жұмыс аптасында – 40сағаттық апталық норма кезінде 7 сағаттан, 36 сағат апталық нормада 6 сағаттан және 24 сағат апталық норма кезінде 4 сағаттан аспауы тиіс
Өнер және мәдени саланың кәсіби ұйымның шығармашылықпен айналысатын қызметкерлеріне, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлеріне, спортсмендер, жаттықтырушыларға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен, жұмыс берушінің актілері мен, ұжымдық және еңбек келісім-шарттарға сәйкес басқа жұмыс уақыты бекітіледі
Түнгі уақыт сағат 22.00 -06.00 аралығы болып саналады.
Үстеме жұмыстар:
әрбір жұмысшы үшін тәулігіне екі сағаттан, ал ауыр жұмыстарда, қауіпті (аса қауіпті) және зиянды жұмыстарды атқаратын қызметкерлерге тәулігіне бір сағаттан аспауы тиіс
айына он екі сағаттан және жылына жүз жиырма сағаттан аспауы тиіс
Үстеме жұмысқа жұмылдыру тек жұмысшынының жазбаша келісуі арқылы, басқа жағдайда Еңбек Кодексі бойынша жүзеге асырылады.
Жұмысшының келісімінсіз үстеме жұмыс мына жағдайда беріледі:
елдің қорғанысына қажетті жұмыстарды өндіруде, сонымен қатар төтенше жағдайлар, табиғи апаттар мен өндірістік апаттардың алдын алуға немесе оларды жоюға байланысты жұмыстар кезінде
су құбырлары, газ құбырлары, жылу құбырлары, энергия құбырлары мен басқа да жүйелердің қалыпты қызметін бұзатын басқа жағдайларға жол бермеу
ауысымдағы қызметкер келмеген жағдайда, егер жұмыс міндетті түрде адам ауыстыру арқылы үзіліссіз жүруді талап етсе жұмысты жалғастыу кезінде
Үстеме жұмысқа мыналар жатпайды:
жүкті әйелдер
он сегіз жасқатолмаған қызметкер
Жұмыс уақытына мыналар кіреді:
күнделікті жұмыс уақыты (жұмысшының өтеген және өтелмеген уақыттары кіреді)
үстеме жұмыстар, түнгі уақыттағы жұмыстар, демалыс күндері, мейрам күндері, іс сапарлар
төленетін және төленбейтін уақыттар, сонымен қатар жұмысшының немесе жұмыс берушінің кесірінен жұмыс уақытынан айырылу
жұмыс уақытында жұмысшыны басқа орындақызметке жұмылдыру, сол уақыт мерзімін бекітілген еңбек келісім-шартына сәйкес есеп құжаттарына толық жұмыс уақыты ретінде белгілеу
4.Сабақты бекіту-10мин
тест
1. Жұмыс уақытының аптадағы қалыпты ұзақтығы:
А) 35 сағат;
Ә) 37 сағат;
Б) 40 сағат;
В) 45 сағат;
Г) 50 сағат;
2.Еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда аптасына жұмыс уақыты неше сағаттан аспау керек?
А) 24 сағат;
Ә) 30 сағат;
Б)36 сағат;
В)38 сағат;
Г)40 сағат;
3. Апталық норма 40 сағат болғанда, күнделікті жұмыстың ұзақтығы неше сағаттан аспау керек?
А)6 сағат;
Ә) 8 сағат;
Б) 9 сағат;
В) 10 сағат;
Г)12 сағат;
4. Әр қызметкерге бір күнтізбелік күн ішіндегі мерзімнен тыс жұмыстар аспау керек
А)30 минуттан
Ә) 1 сағаттан
Б) 1,5 сағаттан
В) 2 сағаттан
Г)3,5 сағаттан
5. Мерзімнен тыс жұмыстарға қандай қызметкерлер жіберіледі?
А)14 жастағы
Ә) 15 жастағы
Б) 16 жастағы
В) 17 жастағы
Г)18 жастағы
6. Қызметкер жұмыс берушінің актілері мен жеке еңбек шартының талаптарына сәйкес еңбек міндеттерін орындайтын уақыт
А)Жұмыс уақыты
Ә) Демалыс уақыты
Б) Еңбек стажы
В)Демалыс күні
Г)Дұрыс жауабы жоқ
7. Вахта ұзақтығы неше күннен аспауы керек?
А)10 күн
Ә) 15 күн
Б) 30 күн
В) 45 күн
Г)60 күн
8. 16-дан 18 жасқа дейінгі қызметкерлерге аптасына жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы
А)20 сағат
Ә) 24 сағат
Б) 36 сағат
В) 40 сағат
Г)Дұрыс жауабы жоқ
9. Түнгі уақыттағы жұмысқа қай жастан төмен тұлғалар жіберілмейді:
А)14 жастан
Ә) 15 жастан
Б) 16 жастан
В) 17 жастан
Г) 18 жастан
10. Мерзімнен тыс жұмыстарға қызметкердің келісімінсіз қандай жағдайларда жол беріледі:
А) белгіленген жосарды орындамағанда;
Ә) елдің қорғанысы үшін қажетті жұмыстарды жүргізу кезінде;
Б) халық тұтына тын тауарларды өндіру;
В) сигареттер өндіру;
Г) нанды өндіру.
-ситуациялық сұрақтар топпен шешу
Тапсырма
Бухгалтериядан бухгалтер Арынова басқа участкеге сол лауазым, сол жалақысымен зауыт директорының бұйрығымен ауыстырылды.Арынова бұйрыққа келісімін берген жоқ.
Зауыт әкімшілігі бұл жағдайды басқа жұмысқа ауыстыру емес, орын ауыстыру болып тұрғандықтан қызметкердің келісімі керек жоқ деді.
Осыған байланысты дау туып, Арынова қызметін қаладаорналасқан сол өндірістің бухгалтериясына қайтаруды өтінді.
Сұрақтар:
1)Жұмысқа ауыстыру мен басқа жұмыс орнына ауыстырудың айырмашылығын көрсетіңіз.
2)Арынованың талабы негізді ме?
Тапсырма
Құрылыс басқармасына Исаков айына 30000 теңге жалақы белгіленген экономист лауазымына жұмысқа алу туралы өтініш берді. Исаков кітапхана институтын бітіргенін растайтын диплом көшірмесін және автобазада үш жыл экономист бопістегенін растайтын еңбек кітапшасын ұсынды. Исаковтың арнаулы білімі мен құрылыстыта тәжірибесі жоқтығынан құрылыс басқармасынаң әкімшілігі оны жұмысқа қабылдаудан бас тартты.
Сұрақ:
Жұмысқа қабыфлдау қалай жүзеге асырылады?
Әкімшілік қызметкерлерді жұмысқа қабылдар алдында талаптар қоюға құқылы?
Жұмысқа қабылдау бос орын лауазымы болуына байланысты бас тартуы мүмкін бе?
Тапсырмада Иссковты жұмысқа қабылдаудан бастарулары заңды ма?
Тапсырма
14 маусым 2006ж.Экономист Ахметов жұмыстан өз еркімен босату туралы өтініш берді. 10 шілде 2006ж. Бұйрық дайын болған кезде Ахметов әкімшілікке жаңа өтінішпен келеді, онда ол жұмыстан босатылудан ойланғанын және өзінің алдыңғы өтінішін жоюды сұрады. Ахметов жұмыстан босатылғаннан кейін өз лауазымы орнына тәртіп бойынша басқа қызметкер орналасқанын білгеннен кейін, әкімшілік құқығымды бұзды деп сотқа арыз берді.
Сұрақтар:
Қызметкердің бастауымен жұмыстан босатылудың тәртібі қандай?
Жұмыстан босату туралы өтініш берген қызметкер оны қайтадан қайтып алуға құқығы бар ма?
Ахметовтың арызы бойынша сот қандай шешім қабылдау керек?
Рефлексия сөйлемді аяқтау.
-Мен сабақта білдім...............
-Маған ұнады.........................
-сабақтан алған әсерім..........
-мен үйрендім........................
5.Білімдерін бағалау-5мин
Сабаққа қатысып отырған балалар мен берілген тапсырманы орын даған балаларды сабақ соңында бағалау
6. Үйге тапсырма-2мин
1. Джанпейсов Д.Ә. Джанпейсов Д.Ә. "Еңбек құқығы және ӘҚҚ" оқулық 74 бет.
2. Жұмыс уақытын құқықтық реттеу туралы қосымша конспектіні толықтыру.
3. ҚР Еңбек кодексінің 76-91 дейінгі баптарды жаттап, есептер құрастырып келу.
Пән оқытушысы: Абдрахманова М.Б.
Достарыңызбен бөлісу: |