Сабақ жоспары Түсіпова Гүлназ Сайлаубекқызы «Көкбай атындағы орта мектебі» кмм-нің



Дата13.02.2017
өлшемі208,78 Kb.
#9159
Қысқа мерзімді сабақ жоспары Түсіпова Гүлназ Сайлаубекқызы

«Көкбай атындағы орта мектебі» КММ-нің

бастауыш сынып мұғалімі, Көкбай ауылы, Абай ауданы, ШҚО

Мерзімі:5.10.2015 ж.

Сыныбы: 3 а

Пәні: әдебиеттік оқу

Тақырыбы: Шегіртке мен құмырсқа.(Абай, И.Крыловтан).

Жалпы мақсаты:

Өлең мазмұнын оқып, түсіну арқылы оның тақырыбы мен идеясын ашуға, өмірмен байланыстыруға үйрету. Өз көзқарасын, пікірін айтуға үйретіп, сол арқылы шығармашылық тапсырмаларды орындату. Абайдың аударған мысалындағы айтылған үлгі – өнегені үйрету.

Оқыту нәтижесі:

1.Мысалдағы жәндіктердің мінез – құлықтары арқылы адам бойындағы жақсы – жаман қасиеттерді танып баға беруді үйренеді.

2. Автор туралы мағлұмат алады. Мысалды талдау арқылы мазмұнын әсерлі жеткізе білуге дағдыланады, шығармашылық қабілеттері артады.

3. Өлеңде айтылған үлгі – өнегені үйренеді.


Әдіс-тәсілдері:

Топпен, жеке жұмыс, , диалогтік оқыту, СТО әдістері( топтастыру, салыстыру, 5 жолды өлең), АКТ.

Көрнекілігі:

Интерактивті тақта, бағалау парағы, үлестірмелі карточкалар, аудиомәтін).

Сабақтың барысы:


Кезеңдері

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

І Ұйымдастыру

2 минут

Сыныппен сәлемдесіп, түстер арқылы 4 топтарға бөлу.

Мұғаліммен сәлемдесу.

Оқушылар түстер арқылы 4 топқа бөлінеді.






ІІ

Қызығушылық

ты ояту

8 минут

  • Баларлар, тақтадан кімдерді көріп отырсыңдар?

  • Абай Құнанбаев жайлы не білесіңдер?

  • Тақтадан кімді көріп отырсыңдар?

  • Бұл екі ақынның арасында қандай байланыс бар?




2-3 сыныпта оқығандарын естеріне түсіреді. Оқушылар сұрақтарға жауап береді.




ІІІ Мағынаны тану

20 минут

а) 1. Мысалды диктафоннан тыңдату.

2. Іштей оқыту.

ә) Өлең мазмұнын талдауға дайындау.

Ауызша сұрақ – жауап әдісі.



  • Қалай ойлайсыңдар, өлеңнің басында шегіртке қандай жағдайда өмір сүрді?

  • Ол құмырсқаға не үшін келді?

  • Құмырсқа шегірткені үйіне кіргізді ме?

  • Құмырсқаның орнында сен болсаң не істер едің?

б) Топтық жұмыс. Шегіртке мен құмырсқаға мінездеме жазу. Флипчартқа диаграмма салып, топтағы оқушыларға таратып беру.

Жеке жұмыс.

Оқулықтың 49- бетіндегі 5 – тапсырманы орындату. Өлеңде жасыл түспен жазылған сөздерді екі топқа бөліп жазуы керек: а) жаз мезгіліндегі шегіртке;

ә) қыс мезгіліндегі шегіртке;

4 топқа мына сұрақтар беріледі:

-Жаз мезгіліндегі және қыс мезгіліндегі шегірткенің көңіл күйі қандай болған екен?

-Шегірткенің қарны ашып, суыққа тоңып жығылуына не себеп болды деп ойлайсың?

-Өмірдегі іс- әрекеті шегірткеге ұқсас адамдар бар ма?

-Шегіртке сияқты қиналып қалмау үшін не істер едің?



а) Аудиомәтінді тыңдайды

ә) Өлең мазмұнын талдауға дайындалады.

Ауызша сұрақ – жауап әдісі арқылы сұрақтарға әр топтан 1 оқушы жауап береді..


б) Топтық жұмыс жасайды.

Флипчарттағы диаграммаға шегіртке мен құмырсқаны жазады.


Шегіртке Құмырсқа


Жариялау. Топтың ішінен бір оқушы құмырсқа мен шегірткеге берген мінездемесін оқиды.
Жеке жұмыс жасайды.

Оқулықтағы 49- беттегі

5- тапсырманы орындайды.

Сұрақтарға жауап береді. (Оқушылар ақылдасып, жауабын тапқан соң біреуі жауап береді)


« Өте жақсы!»

« Жарайсыңдар!» сөздерімен мадақтау

Топтың бірін – бірі бағалауы.

(«Басбармақ» арқылы бағалау)


ІV Сергіту сәті

2 минут

Интербелсенді тақтадан көрсету арқылы сергіту сәтін жасату.

Оқушылар интербелсенді тақтадан көргендерін қимыл-қозғалыспен көрсетіп жасап көрсетеді.




V Ой толғау.

VІ Рефлексия

8 минут

3 минут


Топтық тапсырма.

Екі топқа шегіртке туралы, қалған екі топқа құмырсқа туралы 5 жолды өлең құрастыру тапсырылады.

Төмендегі жазулар тақтада жазулы тұрады.

Зат есім. Шегіртке.

Сын есім. Шегіртке қандай? (сын есім 2 сөз) ...

Етістік. Шегіртке не істеді? қайтеді? ( етістік 3 сөз) ...

Ой қортындысы: Шегіртке туралы 4 сөзден тұратын сөйлем құрау. ...

Синоним: Шегірткені басқаша қалай атауға болады? ...
Кесте таратып беру.


Басты кейіпкерлер

авторы




Мысалдың аты



түйінді ойы

Тәрбиелік мәні



  • Бүгінгі сабақ ұнады ма?

Смайликтер таратып беру.

Тапсырманы топтаса отырып ойланып талқылайды, білгендерін ақылдаса отырып жазады.Топтан бір оқушы шығып жұмыстарын қорғайды.

.
Кестені топта ақылдаса отырып толтырады. Кестеге сәйкес 4 тақырып бойынша төрт оқушы сөйлейді.

Оқушылар бүгінгі сабақтағы көңіл күйін, ұнаған –ұнамағанын смайликтер арқылы көрсетеді.


Оқушылар бірін –бірі бағалайды.

Топтық бағалау.


Смайликтер арқылы бағалау




VІ Үйге тапсырма

2 минут

Мыса өлеңді жаттап келу.


Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазады.







Қысқа мерзімді сабақ жоспары Түсіпова Гүлназ Сайлаубекқызы

«Көкбай атындағы орта мектебі» КММ-нің

бастауыш сынып мұғалімі, Көкбай ауылы, Абай ауданы, ШҚО

Мерзімі:2.12.2015 ж.

Сыныбы: 3 а

Пәні: математика

Тақырыбы: 243 + 526 және 769 – 526 түріндегі жазбаша қосу және азайту.

Жалпы мақсаты:

Амалдар алгоритмін қолдана отырып, жазбаша қосу мен азайту біліктерін бекіту. Үлесті табу тәсілдері жайлы білімдерін бекіту. Оқушылардың логикалық ойы мен математикалық тілін дамыту.

Оқыту нәтижесі:

1.Амалдар алгоритмін қолдану біліктерін бекітеді.

2.Үлесті табу тәсілдері жайлы білімдерін бекітеді.

3. Алған білімдерін жинақтай отырып, қорытындылайды.

4. Топта бірлесе еңбектенеді, өзара әрекеттеседі, өздерін шынайы бағалай біледі.



Табыс критерийлері:

Сұрақтарға сын тұрғысынан ойланып жауап береді, пікірлерін айтады, амалдар алгоритмін қолдана біледі, топпен жұмыс істеуді үйренеді.

Әдіс-тәсілдері:

Жеке, жұппен, топпен жұмыс, диалогтік оқыту, сұрақ-жауап, топтастыру, АКТ.

Көрнекілігі:

Интерактивті тақта, қима қағаздар, А3 қағазы, маркер, смайликтер, оқулық, жұмыс дәптері.

Сабақтың барысы:

Кезеңдері

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

І Ұйымдастыру

3 минут

Сынып оқушыларын сандар жазылған фигуралар арқылы 4 топқа бөлу.

Психологиялық дайындық.

1-слайд.Шырылдады қоңырау,

Біз сабақты бастаймыз.

Партамызға отырып,

Табыс тілеп көзбенен

Жаңа білім алуға,

Алға қадам бастаймыз.



  • Балалар, көңіл күйлерің қандай?

  • Балалар бүгінгі сабақта «Математика әлеміне саяхат» жасаймыз.

Оқушылар сандар жазылған фигураларды алып, ондағы сандар бойынша топқа бөлінеді.

Слайдтан өлеңді хормен оқиды көңіл –күйлерін көтереді.

Көңіл күйлерін бас бармақтары арқылы көрсетеді.





ІІ Өткен білімді ескеске түсіру

7 минут

-Саяхатқа шықпас бұрын өткен сабақта алған білімімізді еске түсірейік.

1, 2-топ: Берілген қима қағаздағы жазуларды пайдалана отырып, тік төртбұрыштың(шаршының ) периметрі мен ауданына қатысты жазуларды топтастыр.

-Неге олай топтастырдың?

-Себебін айта аласыз ба?

3,4- топ: «Серіппелі сауалдар» әдісі арқылы кестелік көбейту мен бөлуді тексереді.

1,2- топ: Берілген қима қағаздағы жазуларды пайдалана отырып, кестеге топтастырады,жапсырмалайды.



Тік төртбұрыштың

(шаршының)

Периметрі ( Р)


Тік төртбұрыштың

(шаршының)

Ауданы (S)


а+в+а+в

а*в

2*(а+в)

в*а

2*а+2*в




4*а

а*а

а+а+а+а




Жұмыс қорытындысын топтан 2 оқушы шығып жариялайды.

3 және 4 топ оқушылары бір –бірінен көбейту мен бөлу кестесін сұрайды.

«Басбармақ» арқылы бағалау



ІІІ Қызығушылық

ты ояту.

3 минут


Миға шабуыл. 2- слайд.

  1. Берілген үш таңбалы сандардың разрядтық құрамын жазып көрсет. 456, 962, 520.

  2. 59, 700, 999 сандарынан кейін келетін сандарды ата.

  3. 40, 790, 800 сандарының алдынан кейін келетін сандарды ата.

  4. 100, 851 сандарымен көршілес сандарды ата.

-Дұрыс, ендеше бүгінгі сабақтың тақырыбы «243+ 526 және 769- 526 түріндегі жазбаша қосу және азайту».

Сабақтың мақсатын айтып өту.


Оқушылар жұмбақты шешеді.

Түйе малы туралы білетіндерін айтады. Видео-ролик және презентация арқылы түйе туралы білімдерін толықтырады. Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсінеді.



Өте жақсы!

Керемет жауап! Сөздері арқылы мадақтау



ІV Мағынаны тану

15 минут

Оқулықпен жұмыс жүргізу.

« Амалдар шаһары» 1-тапсырма.

а) бөлігі оқулықтағы түсіндірме мәтін бойынша ұйымдастырылады.

« Ойлан- жұптас-талқыла»

ә) бөлігі жұппен орындалады.

1- топ: 1-баған 2-топ: 2-баған

3- топ: 3- баған 4- топ: 1- баған



«Теңдеулер елі» 2-тапсырма

Теңдеулерлерді шеш.

Х +213 = 894

Х = 894 – 213 -894

Х=681 213

681 + 213 = 894 681

894 =894

«Есептер елі» 3- тапсырма.

1, 2 топ: а бөлігіндегі есепті оқып шығару тапсырылады.

Болды – 964 п.

Жұмсалды- 3 қ.- 80 п. және 5 қ.- 60 п.

Қалды-?


  1. 80* 3= 240

  2. 60*5= 300

  3. 240+300=540

  4. 964-540=424

Жауабы: 424 парақ қалды.

3,4- топ: ә бөлігіндегі есепті оқып шығару тапсырылады.

Болды- 672т.

1-күні- 40 т.

2- күні- ?, 3 есе артық

Қалды -?


Ш: 1. 40*3=120

2. 40+120=160

3. 672 – 160=512

Ж: 512 телевизор қалды.



«Үлестер шаһары» 5- тапсырмасының а бөлігі.

Суретін сал және салыстыр:

Әр топқа 1 салыстырудан беріледі.


1-тапсырма. а) бөлігіндегі сандар оқылады. Жүздікті, ондықты, бірлікті білдіретін цифрларды және жазылу ретін анықтайды. Үш таңбалы санды жазбаша қосу және азайту алгоритмін ашады.

ә) бөлігін жұппен орындайды. Оқушылар мысалдарды шығарады да, алгоритмін бір –біріне айтады.


Теңдеулерді шешуді түсіндіріп тақтада орындайды.

Оқушылар есепті ұжымды түрде талдайды, қысқаша флипчартқа жазады, шешуін табады. Жауабын бөліп көрсетеді.


Жұмысты топта топ басшысы жариялайды.

«Үлестер шаһарында» 5-тапсырманың а бөлігін орындайды. Әр топ берілген үлестің суретін салып, салыстырады. Жұмысты бірігіп орындайды. Топта жауабын жариялайды.


Смайлик арқылы бағалау.

Смайлик арқылы бағалау

Топтың бірін –бірі бағалауы


Өте жақсы!

Жарайсыңдар! мадақтау


V Сергіту сәті

2 минут

Логикалық тапсырмалар

1.Үстелдің 4 бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш болады?

2.Төрт бала 4 сағат шахмат ойнады. Әрқайсысы неше сағат шахмат ойнады?

3.Бір топ үйрек ұшып барады. Олардың барлығы бесеу. Біреуі жерге қонса нешеуі қалады?

4. Пар ат 5 км жүгіріп өтті. Аттың әрбіреуі неше км жүгірді?

5. Әтеш екі аяғымен тұрғанда 4 кг, ал бір аяғымен тұрғанда салмағы қанша?

6. Үш түйеқұс ұшып келе жатқанда біреуін аңшы атып алады. Неше түйеқұс қалды?


Оқушылар логикалық тапсырмаларды шешіп, ойын серігітеді.







VІ Ой қорыту

10 минут



Деңгейлік тапсырма.

1,3- топқа: 2, 4 - топқа:

А деңгей. Түрлендір: А деңгей. Түрлендір:

7 дм 2 см = ... см 25 см = ... дм ...см

1дм 4 см = ... см 82 дм = ...м ...см

84 дм = ... м ... дм 30 см = ... дм

В деңгей. Қабырғалары 6 см және 4 см тік төртбұрыштың ауданын және периметрін тап.

С деңгей. Мысалдарды шығар:

26 + 6*7 – 45 : 5 9*6 – 3* 6 + 18 – 27 : 3

6* 4 : 3 : 2 * 7 48: 6: 2- 6: 3 * 2

Бағалау парағы. Оқушының аты – жөні:



А деңгей

В деңгей

С деңгей

Ұпай саны






































Деңгейлік тапсырмаларды орындайды.

Жұмыс қорытындысын топ басшылары бағалау өлшемдері арқылы анықтап бағалайды. Бағалау парағына жазады.

Бағалау өлшемдері:

1.Түрлендірудің қатесіз орындалуы: 3 ұпай

2. Тік төртбұрыштың периметрі мен ауданын дұрыс табу: 4ұпай

3. Мысалдардың қатесіз орындалуы:4 ұпай
11 ұпай- «5»

7 ұпай- «4»

3 ұпай «3»

Бағалау парағы арқылы топ басшысының бағалауы.



Рефлексия

3 минут

Смайликтер арқылы сабақты бағалату

« өз жұмысыма ризамын»

«онша риза емеспін »

« мүлдем риза емеспін»

Оқушылардың ойын тыңдау, кері байланыс жасау.


Смайликтерден таңдағанын алады.

Өз ойын қорытындылайды.



Мұғалімнің бағалауы

VІІІ Үйге тапсырма

2 минут

№3ә; №5 ә

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазады.




Қысқа мерзімді сабақ жоспары Түсіпова Гүлназ Сайлаубекқызы

«Көкбай атындағы орта мектебі» КММ-нің

бастауыш сынып мұғалімі, Көкбай ауылы, Абай ауданы, ШҚО

Мерзімі:25.01.2016 ж.

Сыныбы: 3 а

Пәні: қазақ тілі

Тақырыбы:Түбірлес сөздер.

Жалпы мақсаты:

Түбірлес сөздер жайында алған ұғымды кеңейту; оқушылардың сауатты жазу дағдыларын жетілдіру;

сыни ойлау арқылы тұжырым жасауға үйрету;



Оқыту нәтижесі:

Оқушылар берілген тапсырмаларды орындай отырып, түбірлес сөздер жайлы алған білімдерін кеңейтеді; сыни ойлау арқылы өз бетінше тұжырымдама жасай алады; сөздік қоры молаяды; әрекетті сыни бағалай алады; сауатты жазу дағдылары артады; топпен жұмыс жасауға төселеді.

Әдіс-тәсілдері:

Топпен, жеке жұмыс, диалогтік оқыту, СТО әдістері( топтастыру, «Ыстық орындық» стратегиясы, 5 жолды өлең, «Эссе жазу»), АКТ.

Көрнекілігі:

Интерактивті тақта, бағалау парағы, А-3 қағаздар,тірек- сызбасы(терек ағашы), тест тапсырмалары, бағалау парақшалары, стикерлер, смайликтер.

Сабақтың барысы:


Кезеңдері

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

І Ұйымдастыру кезеңі.


2 минут


1.Психологиялық дайындық.

-Балалар, қазір қай сабақ?

-Көңіл күйлерің қандай?

2.Топқа бөлу. «Жасырын сөздер» арқылы

4 топқа бөлу


1.Психологиялық дайындық.

Оқушылар көңіл күйлерін «Смайлик» арқылы көрсетеді.

2.«Түбір», «Жұрнақ», «Жалғау», «Туынды сөз»болып 4 топқа бөлінеді.




ІІ. Қызығушылықты ояту



7минут


1.«Ыстық орындық» стратегиясын пайдаланып әр топтан ереже сұрау.

2.Топпен жұмыс.

«Түбір» тобы: Түбір сөздерді топтастыр.


«Жұрнақ» тобы: Берілген жұрнақтардан сөз жаса.

(Сызба арқылы туынды сөздер жасау)


«Жалғау» тобы: Сөз құрамына талдап, кестені толтыр.
«Туынды сөздер» тобы: Туынды сөздерді тауып топтастыр.

«Ыстық орындық» стратегиясы арқылы әр топтан бір оқушы шығарып, өз тобының атауы бойынша ережесін айтады.

Топпен жұмыс .

Әр топ өзіне берілген тапсырмалар бойынша топпен жұмыс жасайды.



Жариялау. Топтан бір оқушы шығып, постерді қорғайды

«Бағдаршам» арқылы топтың бірін –бірі бағалауы.



ІІІ. Мағынаны тану.



5минут

3минут


3 минут

5 минут




2-слайд.

Оқулықпен жұмыс.

3. Сызбаны пайдаланып түбірлес сөз жасау.

(47-ж.)

«Түбір» тобы: бас сөзіне бірнеше түбірлес сөз жаса.



«Жұрнақ» тобы: жаз сөзіне бірнеше түбірлес сөз жаса.

«Жалғау» тобы: көр сөзіне бірнеше түбірлес сөз жаса.

«Туынды сөз» тобы: ой сөзіне бірнеше түбірлес сөз жаса.

Модуль: АКТ-ны пайдалану

Модуль: Сыни тұрғыдан ойлау
4.46- жаттығу. Жаңылтпашты көшіріп жаз.

Түбірлес сөздерді тап, олардың мағынасын түсіндір.

Модуль: Сыни тұрғыдан ойлау


3-слайд.

5.«Ойлан, тап» ойыны.(48-ж.)

Оқу, оқушы, оқулық, оқуға.

Қай сөз түбірлес сөздер тобына жатпайды.

-Неліктен деп ойлайсыңдар?

6.Терме диктант. (49-ж.)

Сөздерді оқы. Бәрі түбірлес сөз бола ала ма? Тек түбірлес сөздерді көшіріп жаз. Әр сөздің түбірін тиісті белгімен белгіле.

Модуль:Оқытудағы жаңа тәсілдер(Диалогтік оқыту)



3. Топпен жұмыс жасайды.

Сызбаны пайдаланып, түбірлес сөздер жасайды.

Бір оқушы тақтаға жазады, қалғандары дәптерге орындайды.

Оқулықтан 46- жаттығу.

Жаңылтпашты көшіріп жазады.

Түбірлес сөздерді табады, сөз құрамына талдайды.



«Ойлан, тап» ойыны арқылы қай сөз түбірлес сөздер тобына жатпайтынын анықтап дәлелдейді

  • оқуға сөзі.

Себебі, оқу деген түбір сөзге жалғау жалғанған. Ол туынды сөз емес.

Терме диктант жазады. (49-ж.)

Сөздерді оқып, тек түбірлес сөздерді көшіріп жазады. Әр сөздің түбірін тиісті белгімен белгілейді. (49-ж.)



Жариялау. Әр топ бір оқушыдан оқиды.

«Басбармақ» арқылы топтың бірін –бірі бағалауы

«Жарайсың!», «Өте тамаша!»

мадақтау

Смайлик арқылы бағалау




ІV Сергіту сәті

2 минут

Интербелсенді тақтадан «Кірпі» қаражорға сергіту сәтін жасату

Модуль:АКТ-мен жұмыс



Оқушылар интербелсенді тақтадан көргендерін қимыл-қозғалыспен көрсетіп жасап көрсетеді.




V. Ой қорыту.



7 минут

5минут




4-слайд. 51 –жаттығу. Жұмбақты шеш.

«Түбір» тобы: Мақта сөзіне дыбыстық талдау.

«Жұрнақ» тобы: Түбірлес сөздерді тауып, сөз құрамына талдау.

«Жалғау» тобы: «Бес жолды өлең» құрау.

«Туынды сөз» тобы:«Мақтаның пайдасы» эссе жазу.

Модуль: Сыни тұрғыдан ойлау.

Модуль: Талантты, дарынды оқушылармен жұмыс.
5-слайд.Тест тапсырмасын алу.

1.Түбір сөзді тап.

а) аға ә)ағайын б)ағалар в)ағайындас

2.Қосымша деген не?

а)түбір, жұрнақ ә) түбір, қосымша

б) түбір, жалғау

в) жұрнақ, жалғау

3. Түбірлес сөздерді тап.

а) балықшы, әнші ә) күйші, ақын б)сыйлы, сыйлық в) қала, сабақ

4. Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған сөз .

а)бірнеше түбірден ә)туынды сөз

б) бір түбірден в) дара сөз

5. Түбірлес сөздер қалай жасалады?

а)бірнеше түбірден ә) екі түбірден

б) бір түбірден в) әртүрлі түбірден


Әр топ берілген тапсырма бойынша топпен, жұппен, жеке орындайды.

Жариялау: әр топтан оқушылар орындаған жұмыс қорытындысымен таныстырады.

Жеке жұмыс.

Тест тапсырмасын орындайды.

Жауап парақшасына белгілейді, жалпы ұпай санын анықтайды.


«Басбармақ» арқылы топтың бірін –бірі бағалауы

Топ басшысының бағалауы

Суммативті бағалау


VІ. Рефлексия.

VІІ. Бағалау.

VІІІ. Үйге тапсырма


2 минут

3 минут
1минут



Стикерге сабақтан алған әсерлерін жазғызу, кері байланыс жасау.
Топ басшыларына бағалау парағына критерий арқылы бағалату.
50-жаттығу.129- бет


Стикерге сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, білім ағашына жапсырады.
Топ басшылары критерий арқылы топ мүшелерінің бағасын айтады.

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазады.








Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет