Пән атауы:
|
Математика
|
Пән оқытушысы:
|
Сейдахметова Ш
|
Тобы:
|
ҚТ-Ж-13
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Логарифмдік теңдеу және оны шешу жолдары
|
Құзіреттілікті қалыптастырудағы сабақтың мақсат-міндеттері:
А) проблеманы шешу жолдары
|
Оқыту:
- Логарифмдік теңдеулер және теңдеулер жүйесін шешу үшін логарифмнің қасиеттері мен формулаларын пайдалана отырып, өрнектерді түрлендіру барысында қолдану әдістерін пысықтау. Ұлттық бірыңғай тестілеуде жиі қолданылатын логарифмдік теңдеулер мен теңдеулер жүйесін қолдану тәсілдерін қарастыру.
- есеп шығаруда кездесетін қателіктерді жою және тиімді жолдармен шығару жолдары;
|
Б) ақпараттық
|
- формулаларға сүйеніп нақты шешім қабылдай алу,
- өз бетінше мақсат қою және мақсатқа жету жолдарында қажетті ақпараттарды пайдалана білу;
- шешімді табу, талдау, таңдау жасау, түрлендіру, сақтау, тарату үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану;
- логикалық есептерді шешу (талдау, саралау, түсіну, құрылымын ұғыну, мәліметтерді жүйелеу)
|
В) коммуникативтік
|
- есептерді шешу үшін әртүрлі ауызша және жазбаша жұмыстарын жүргізу
- коммуникативті мәселелердің шешу жолдарын табу;
- жеке тұлға және қоғам қалыптастыруға бағытталған мәдени және шығармашылық жұмыстарға қатысу.
|
Сабақ типі:
|
Жаңа білімді меңгерту
|
Сабақта қолданылатын технологиялар:
|
- оқу материалдарын әдістемелік және дидактикалық кешендер арқылы меңгерту технологиялары: жеке дара ерекшеліктеріне деңгейлеп саралап оқыту технологиясы
- оқыту үрдісін тиімді ұйымдастыру және басқарудың педагогикалық технологиялары: АКТ, жеке және топтық оқыту әдістері, оқытудың дифференциалдық технологиялары
- оқытудың дамытушылық технологиялары: жазу және оқу арқылы ойлауды жан-жақты дамыту технологиялары, оқытуды дамыту технологиялары.
|
Оқыту құралдары:
|
Бор, тақта, формулалар, тест тапсырмалары
|
Сабақ барысы:
|
Оқытушы іс-әрекеті
|
Оқушы іс-әрекеті
|
Күтілетін нәтижелер
|
І. Ұйымдастыру кезеңі
|
А)Сәлемдесіп,аудиторияның тазалығына назар аудару, қауіпсіздік ережесіне сай сырт кейпі мен заттарының орнында болуын қадағалау
Б) Оқушыларды түгендеп, журналға белгі соғу
В)Кезекшінің жұмысын тексеру
Г) Оқушылардың назарын сабаққа аударып, сабақтың барысымен таныстыру
|
- Амандасу
- оқу-құраларын дайындау
- кезекшілік міндеттерін атқару;
|
- аудитория сабаққа дайын, кезекшілік атқарылды,
- мұғалім мен оқушының арасында ынтымақтастық қарым-қатынасы орнайды
|
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
|
- Ауызша сұрақтарды реті, жүйесі бойынша оқушыларға беру
|
- Қойылған сұраққа жауаптар береді:
- формулаларды жатқа білу
|
- Өтілген материалды есіне түсіреді.
|
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
|
- Қажетті формулаларды беру
- Мысалдар арқылы түсіндіру
|
- Жаңа формулаларды есте ұстау
- Жаңа тақырып бойынша оқытушыға сұрақ беру
|
Жаңа тақырыппен танысады.
|
IV. Жаңа білімді меңгерту
|
- Жаңа тақырыптағы формулалар бойынша оқушыға түсінгенін іс жүзінде қолдануды тапсыру, бақылау
- Оқушының тақтада және өз орнында оқулықтағы есепті шығаруына бағыт беру
- Есепті тексеріп отыру
|
- Оқулықтағы есептерді шығаруы
- Есептің дұрыстығын тексеруі
|
Тақырыпқа байланысты есептер шығарылады
Тақтамен, оқулықпен жұмыс жасаланады.
|
V. Жаңа білімді бекіту
|
- Тақырып бойынша тест тапсырмалары арқылы оқушылардың жаңа материалды игеру деңгейін анықтау
- Оқушыдан кеткен қателікті анықтау және талдау
|
- Тест тапсырмасын орындау
- Қателіктерін ұғыну
|
Тақырып толық меңгерілді.
|
VІ. Бағалау
|
Оқушыны бағалап, журналға баға қою
|
Сабақта алған бағасымен танысады.
|
Оқушы бағаланады, журналға баға қойылады.
|
VІІ. Үй тапсырмасын беру
|
- тест құрастыру
- есептер шығару
|
- Берілген үй тапсырмасын жазып алу;
Үй тапсырмасына байланысты сұрақтар қою, талқылау
|
Ақпараттық ізденісті жоспарлауда ұсынылған ақпараттардан қойылған міндеттерді шешуге қажетін бөліп алады;
Алған білімін тиянақтау
|
Логарифмдік теңдеулерді шешудің тәсілдеріне жеке-жеке тоқтолайық. Мысал келтірейік.