Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
5.1В Натурал сандардың бөлінгіштігі
Мектеп: М.Ғабдуллин атындағы №70 ЖББОМ
Күні:13.10.21
Мұғалімнің аты-жөні: Қазиева М
Сынып: 5 «Г»
Қатысқандар саны
Қатыспағандар
Сабақ тақырыбы:
Ең үлкен ортақ бөлгіш. Өзара жай сандар. Ең кіші ортақ еселік
Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
5.1.1.7
Ортақ бөлгіш,ортақ еселік,ең үлкен ортақ бөлгіш (ЕҮОБ),ең кіші ортақ еселік (ЕКОЕ) ұғымдарының анықтамаларын білу;
5.1.2.12
екі және одан артық сандардың ЕҮОБ-ін және ЕКОЕ-ін табу
5.1.1.8
Өзара жай сандарды анықтай алу
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар:
Ортақ бөлгіш,ортақ еселік,ЕҮОБ және ЕКОЕ,өзара жай сандардың анықтамаларын,ЕҮОБ пен ЕКОЕ-ті табу алгоритмін қолдана біледі.
Оқушылардың басым бөлігі:Есептерді шығаруда алған білімдерін қолдана отырып, есептей алады.
Кейбір оқушылар:
Алған білімдерін пайдалана отырып, шығармашылық тапсырмаларды өз бетінше орындайды.
Бағалау критерийлері
Ортақ бөлгіш,ортақ еселік,ЕҮОБ пен ЕКОЕ,өзара жай сандар ұғымдарының анықтамаларын біледі
Екі немесе бірнеше санның ЕҮОБ-і мен ЕКОЕ-ін табу алгоритмін есептер шығаруда қолдана алады.
Тілдік мақсаттар
Бөлгіш-делитель
Еселік-кратное
ЕҮОБ-НОД
ЕКОЕ-НОК
Диалогқа қажетті тіркестер;
ЕҮОБ-берілген сандардың әрқайсысы бөлінетін ең үлкен натурал сан;
ЕКОЕ-берілген сандардың әрқайсысына бөлінетін ең кіші натурал сан.
Өзара жай сандар-1-ге тең бір ғана ортақ бөлгіші бар натурал сандар
Құндылықтарды дарыту
Жақсы қарым қатынас орнату,ынтымақтастық дағдысын қалыптастыру, оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау, іздену қабілеттерін арттыру
Пәнаралық байланыстар
Информатика,тарих
Бастапқы білім
Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеу
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған жаттығу
түрлері
Ресурстар
Сабақтың басы
Сәлемдесіп, сынып ішіндегі тазалық пен сынып оқушыларының сабаққа қатысымына шолу жасаймын . Оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру жаттығуларын орындаймын..
/1-3/Реттік санау арқылы сыныпты 3 топқа бөлемін.
«Тыңдап отырған үштік» әдісі арқылы үй жұмысын бір-бірінен сұрату:
Жай сандар дегеніміз не? Құрама сандар дегеніміз не? Құрама сандарды жай көбейткіштерге қалай жіктейміз?
№684,687 есептерді тексеру (слайд бойынша)
Оқушылар слайдтағы жауап арқылы өзін-өзі тексереді
«Ширату жаттығулары»:
Жаңа тақырыпты меңгеруге қажетті қайталау тапсырмалары:
1.Дәреже түрінде жазыңдар:
4;25;8;49;81.
2.Жай көбейткіштерге жіктеңдер:
16;50;21;86.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын таныстыру және талқылау.
Оқушылар біз нені қайталадық?Қалай ойлайсыңдар,бүгінгі сабағымыздың тақырыбы неге байланысты?
1-слайд
Сабақтың ортасы
Сабақтың соңы
«Джигсо әдісі» бойынша:
1-топ. Ортақ бөлгіш, ЕҮОБ-ті табу алгоритмін жеке, жұппен, топпен түсіндіреді.
2-топ. Ортақ еселік, ЕКОЕ-ті табу алгоритмін жеке, жұппен, топпен түсіндіреді.
3-топ. ЕҮОБ пен ЕКОЕ-ті табу тәсілдерін және өзара жай сандар ұғымын жеке, жұппен, топпен түсіндіреді. Топта талқылап болған соң, келесі топта талқылайды.
Слайд бойынша
Берілген натурал сандардың ең үлкен ортақ бөлгіші деп сол сандардың әрқайсысы бөлінетін ең үлкен санды айтады.
ЕҮОБ-ті табу үшін:
1)Берілген сандарды жай көбейткіштерге жіктеу керек;
2)Жіктелулердегі барлық ортақ жай көбейткіштерді теріп жазу керек;
3)Ортақ жай көбейткіштердің көбейтіндісін табу керек.
Мысалы:1)ЕҮОБ (18,30)=6
2)ЕҮОБ(462,630)=2*3*7=42
Егер сандардың ең кішісі үлкендерінің бөлгіші болса,онда сол ең кіші сан берілген сандардың ЕҮОБ-і болады
Мысалы:
ЕҮОБ(5;25)=5, ЕҮОБ(10;20;40)=10
Оқулықпен жұмыс:№694,698(жұп)
«Айналмалы бекет» бойынша топтарға тапсырмалар беріледі.Тапсырмалардың жауабы 26 саны шығады.26 санына сипаттама бер(Тәуелсіздігімізге 26 жыл)
1-топ.ЕҮОБ(52,130)
2-топ.ЕҮОБ(104,78)
3-топ.ЕҮОБ(78,130)
«Басбармақ» әдісімен топтық бағалау жүреді
Сергіту сәті:
Жауабын үш тілде жазуға арналған жұмбақтар қойылады.
1.Жоқ өзінде бас та,қас та,мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында
(сызғыш,линейка,ruler)
2.Қабат-қабат қаттама
Ақылың болса аттама
(кітап,книга,book)
3.Жұт ........ ағайынды
(жеті,семь,seven)
4.Өзі сөйлей білмейді,
Салған ізі сөйлейді
(қалам,ручка,pen)
«Ойлан-жұптас-бөліс» тәсілі бойынша қалыптастырушы бағалау мақсатында үлестірмелі парақшаларға жазылған есептер әр оқушыға таратылып беріледі:
1.Сандардың ЕҮОБ-ін табыңдар:
а)8және 16 б)120және 42
ә)7және 12 в)2520және 1050
2.Сандардың ЕКОЕ-ін табыңдар:
а)5және 20 б)48және 56
ә)9және 8 в)60және 42
Дескриптор:
-құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктейді;
-сандардың жіктелуіндегі ортақ жай көбейткіштерді анықтайды;
-екі санның ЕҮОБ-ін табады.
-екі санның ең кіші ортақ еселігін табады.
Сабақ мақсаттарын қайталай отырып, оқушылардың қандай деңгейде екендігін талдап өтемін.
«Сәйкестендіру» тапсырмалары деңгей бойынша беремін
І деңгей
ІІ деңгей
ІІІ деңгей
Оқушыларға «Бағалау парағы» таратылады.Олар дескрипторға қарап, өзін-өзі бағалайды,өзінің үйден не оқып келетінін өзі анықтап,жазып кетеді.
Кері байланыс жүргізіп болған соң,
Мен жақсы түсіндім
Менің сұрағым бар
Мен түсінген жоқпын,өйткені... оқушылар өздері рефлексия жасайды.
№693,694есептерді шығаруды және тақырыпты оқуды тапсырамын.
2-3слайд
Қосымша-1
Есептер жазылған карточкалар
Өзіндік жұмыс
Саралау-оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Үлестірмелі кеспелермен деңгейлік тапсырмаларды орындайды.
«Бағалау парағы» әдісі арқылы өзін-өзі бағалайды.
Сергіту сәтін дене қимылдарын қозғалту арқылы өтемін
Сабақ бойынша рефлексия
1.Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?
2.Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
3.Жеткізбесе,неліктен?
4.Сабақты саралау дұрыс жүргізілді ме?
5.Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
6.Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды,неліктен?
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да,оқу туралы да ойланыңыз?)
1.
2.
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да,оқу туралы да ойланыңыз?)
1.
2.
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдіңіз? Келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?