Сабақ жоспары Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8 бөлім : Музыка, өнер және әдебиет



бет1/3
Дата23.05.2017
өлшемі322,75 Kb.
#16593
  1   2   3
Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:8 бөлім :Музыка, өнер және әдебиет

№4-5


Мектеп: Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:.2017ж.

Мұғалімнің аты-жөні:Турлыбекова С.К.

Кәсіби даму мақсаты

Оқушылардың шығармашылық қабілетін жазылым дағдысы арқылы қалыптастыру

Сынып: 8 А

Қатысқан оқушылар саны: 20

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Музыка, өнер және әдебиет

Оқу бағдарламасына сілтеме

О1. Ақпаратты түсіну

О3 Мәтіннің жанрлық ерекшелігін ажырату



Сабақтың мақсаты

Мәтіндік және графиктік (кесте, диаграмма, сурет, шартты белгілер) ақпаратты интерпретациялау.

Хроника, хабар, очерктердің және кеңсе құжаттарының, қызметтік жазбалардың құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату.



Жетістік критерийлері

Ақпаратты интерпретациялай алады.

Мәтіндердің жанрлық ерекшелігін ажырата біледі.



Тілдік мақсаттар

ПОПС формуласы

Сабақта қамтылатын құндылықтар

Өмір бойы оқу: білуге құштарлық, шығармашылық және оқылатын материалға сыни қарау арқылы оқуға құштарлыққа баулу

Пәнаралық байланыс

Экономика, тарих

АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақ барысында оқушылар Power Point бағдарламасынан тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдалану үшін интербелсенді тақтаны қолданады.

Осыған дейін меңгерілген білім

Мәтін тақырыбы, сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы негізгі ойды анықтау дағдылары қалыптастырылды.

Жоспар

Жоспар-

ланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Басы

5 минут

10 минут
10 минут

10 минут

5 минут

І сабақ

Қызығушылықты ояту.

Төреғали Төрәлі Анашым + КАРАОКЕ

Жаңа сабақтың оқу мақсаты мен жетістік критерийлері таныстырылады.

Үй тапсырмасын пысықтау.

«Мақалдың мәнін ұғайық!»

Сынып оқушыларын 4 топқа бөлу санамалау арқылы жүзеге асырылады.

Оқылым тапсырмасы.

Тақырыпқа қатысты берілген диаграммаларды мәтінге айналдырыңыздар. 30-40 сөз



1-топқа

2-топқа



3-топқа


4-топқа




Оқылымнан кейінгі тапсырма
«Диаграммаға негізделген жазу» әдісі

Ақпаратты түрлі формада интерпретациялап жазыңыздар. Берілген музыка жанрының орындаушыларының біріне (өздеріне таныс) бағытталған жазылым жұмыс түрлерін жазу тапсырылады.



1. Шақыру қағазы

Оқушылар мазмұнында кеш, үйлену тойы немесе басқа да жиындары бар әңгіме бойынша шақыру қағазын жазады.



2. Хат

Оқушылар әңгіменің кейіпкерлерінің біреуінің көзқарасы тұрғысынан хат жазады.



3. Ашықхат

Оқушылар әңгіменің кейіпкерлерінің біреуінің атынан кейіпкердің ата-анасына хат жазады.



4. E-mail

Оқушылар әңгіменің бір кейіпкеріне электрондық хат жазады.



5. Күнделік

Оқушылар әңгіменің бір кейіпкерінің көзқарасы тұрғысынан күнделік жазады.



6. Газет мақаласы

Оқушылар газет мақаласы түрінде әңгіме жазады.



ҚБ

Кері байланыс «Екі жұлдыз,бір тілек»



https://www.youtube.com/watch?v=7szG1KZeZyQ

Ортасы

минут
10 минут


10 минут

10 минут

ІІ сабақ

Ой шақыру:

- Астанадағы "Конгресс холл" сарайында қазақ эстрада жұлдыздарының концерті болады. Бәріміздің барғымыз келеді. Бірақ сабақ бар. Басшылықпен сөйесіп едім, өтініш хат жазыңдар деді. Әрқайсымыз жеке-жеке жазу керек. Жазуды бастаймыз...

Кері байланыс: Кім жаза алды?

Анықтама бұрышы сынып бұрышында ілініп тұрады.
Тапсырма:

  • Сынып 3 топқа бөлінеді. Әр топқа жеке-жеке тапсырма беріледі.

1-топ: Қазақстандық әншілердің жарнама плакаттарының тілін, жанрлық ерекшеліктерін талдаңыздар.

2-топ: Ақын-жазушылардың өмірбаяны мен шығармашылығы туралы хроникалық жаңалық мәтіндерінің тілдік ерекшелігін, жанрлық сипатын талдап жазыңыздар.

3-топ: Әдебиетке, өнерге қатысты кеңселік құжатты талдаңыздыр.

Қосымша мұғалімге.

Ресми құжаттарда:

1. Белгілі бір қалыптасқан үлгіде, баяндау тәсілімен жазылады.

2. Лексика-фразеологиялық құрамы (саяси-публицистикалық сипатта, әкімшілік терминдер мен күрделі терминдер, қысқарған сөздер) өзгеше болып келеді.

3. Ойдың логикалық жүйелілігін сақтау мақсатымен сөйлем күрделі құрылады.



Кейбір текстерде экспрессивті, эмоционалды бояуы бар тілдік құралдар да қолданылады. Мәселен, халықаралық ұйымдар мен жеке мекемелердің, белгілі қоғам қайраткерлерінің мүшел тойына арналған құттықтаулар болады. Құттықтау текстерінің қайсысы болса да жігер, қуатқа толы жақсы тілектер айтылып, жылы сезіммен жазылады. Сондықтан онда эмоци­ональды бояулы сөздердің қолданылуы занды құбылыс.
Қ/Б: Топтық бағалау.

Дағды


Жетістік критерийі

Ж

Т

1.Жанр түрлерін ажыратады.







оқылым


2.Жанр түріне дәлелдеме келтіреді.







3.Топта ынтымақтаса жұмыс жасайды.







Сауатты қорғайды. (интонация, кідіріс, логикалық екпінді дұрыс сақтай алуы)









Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет