1-деңгей
Айнымалы ток тізбегінің тармақталмаған бөлігі активті, индуктивтілік және сыйымдылық кедергілерден тұрады, олардың мәндері сәйкесінше R = 3 Ом, XL = 6 Ом, XC = 2 Ом. Тізбектіңжалпыкедергісін анықтаңдар.
2-деңгей
45-суреттегі сұлбада активті кедергі R = 2 Ом, шарғының индуктивтілігі L = 50 мГн, конденсатордың сыйымдылығы С = 25 мкФ. Тізбектің толық кедергісін және 50 Гц айнымалы ток жиілігінде ток пен кернеу арасындағы фазалық ығысуды анықтаңдар.
3-деңгей
51-суретте көрсетілген тізбек бөліктері үшін векторлық диаграмма тұрғызыңдар. Ом заңын жазыңдар, толық кедергіні анықтаңдар.