Қысқа мерзімді жоспар
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
Координация және реттелу
|
Мектеп: Nazarbayev Intellectual School, Aktаu
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сынып:
|
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
|
|
Сабақ тақырыбы
|
Жануарлардың жүйке жүйелерінің типтерін салыстыру (Диффузды (торлы); Бағаналы; Түйінді; Түтікті).
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
- жануарлардың жүйке жүйелерінің типтерін салыстыру
|
Сабақ мақсаттары
|
Жүйке жүйесінің типтерін анықтау
Жануарлардың жүйке жүйесінің түрлерін сипаттау және салыстыру
|
Бағалау критерийлері
|
Жүйке жүйесінің типтерін анықтайды және сипаттай алады (әр жүйке типіне кем дегенде 1 мысал келтіреді)
Жануарлардың жүйке жүйесінің түрлерін салыстырады
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар:
Оқушылар жануарлардың жүйке жүйесінің типтерін анықтайды (оқылым, жазылым, айтылым дағдылары)
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
нейрон, импульс, рефлекторлық әрекет, ерікті жауап
психика, ми, диффузды (торлы), сатылы, түйінді, түтікті, жүйкелер.
Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:
1) Жүйке жүйесі қажет……...
2) Жүйке жүйесі құралады ...
|
Құндылықтарды дарыту
|
құрмет: топтық және жұптық жұмыс кезінде барлық пікірмен санаса білу; өзгелердің пікірін тыңдай білу; орынды ұсыныстар айта білу.
ынтымақтастық: бірігіп іздену; бірге талқылау, талдау;
жауап нұсқаларынан дұрысын таңдауда ынтымақтастық таныту.
ашықтық: өз ойын ашық әрі тиянақты, түсінікті түрде жеткізе білу; ұсынған жауаптарына нақты дәлелдемелер келтіру; қарам-қайшылықтың шешімін іздеуде ұстамдылық тану;
еңбек және шығармашылық:
тақырып көлемінде шектеліп қалмау; қосымша дереккөздерін ерінбей іздеу; өз білімін тереңдетуге күш салу.
|
Пәнаралық байланыстар
|
Салауаттану пәнімен байланыс мінез-құлықтағы ерекшеліктерді сипаттау барысында, адамның жас ерекшеліктеріне байланысты
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Сабақта оқушылардың АКТ құзыреттіліктері ноутбуктер арқылы интернет желісінен ақпараттар, графиктер қарау арқылы жүзеге асырылады.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
0-5 минут
|
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1.Бейнеролик көрсету арқылы проблемалық ситуацияға оқушылар пікірін тыңдау.
2.Оқу мақсатымен таныстыру
|
https://www.twig-bilim.kz/film/the-nervous-system-5830/
|
6-36 минут
|
Нейрон – жүйке жасушасы
Аксон – нейронның ұзын өсіндісі
Дендрит – нейронның қысқа өсіндісі
Рецепторлар – сезімтал аксонның талшықтары
Рефлекс – орталық жүйке жүйесімен іске асырылатын және басқарылатын,сыртқы немесе ішкі тітіркенгіштерге жауап реакциясы.
Оқушыларға тірі ағзалардың суреттері беріледі. Оқушылар сурет бойынша 4 топқа бөлінеді. Әрбір сурет пікірлермен бірге беріледі (қандай тірі ағзаларға тән және оның ерекшеліктері). Дидактикалық материал ұсынуға болады.
Тапсырма 1: әр топқа берілген суреттер бойынша жүйке типін анықтау.
Тапсырма 2: осы тірі ағзалардың эволюциясы бойынша жүйелі тізбегін құрастыру.
Тапсырма 3: осы берілген суреттердің сыртқы бетінде жазылған жүйке жүйесінің типтеріне сипаттама беру.
(ол қандай тірі ағзаларға тән, оның ерекшеліктері неде).
Тапсырма 4: осыдан кейін әр топ оқушылары тірі ағзалардың жүйке жүйесі типтерінің пайда болуына қарай «эволюция ағашын» құрастыру.
«Джигсо» әдісі бойынша топтар бір-бірінің жұмыстарын бағалайды. Жұмыс барысныда кестені толтырады.
Жүйке жүйесінің типтері:
Диффузды (торлы)(гидра);
Бағаналы (ақ сұлама, бағаналы);
Түйінді (ұлулар, буылтық құрттар, буынаяқтылар);
Түтікті (омыртқалылар).
Торлы ж.ж
|
Сатылы ж.ж
|
Түйінді ж.ж
|
Түтікті ж.ж
|
Сипаты:
Өкілдері:
|
Сипаты:
Өкілдері:
|
Сипаты:
Өкілдері:
|
Сипаты:
Өкілдері:
|
Бағалау: кестені таныстыру барысында оқушылар бір-бірін «2 жұлдыз, 1 тілек» әдісі арқылы бағалайды.
|
https://www.twig-bilim.kz/film/glossary/involuntary-5306/
www.youtube.com/watch?v=90cj4nx87yk&feature=related
Оқулық 6 сынып Жунусова К. және т.б. (Алматы, «Атамұра», 2011), §49
https://youtu.be/os1dduNJjJk
таныстырылымдар http://www.infourok.com/click.html?x=a62e&lc=ws&mc=B&s=BelT&u=3&y=2&
Видеосабақтар сайты:
info@infourok.ru
Видеосабақтар
Биология 7 класс №53
|
36-40 минут
|
Рефлексия
Жыл мезгілдерін таңдау арқылы, оқушылар сабақтан алған әсерлерімен бөлісті.
|
|
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
|
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
Барлық оқушылар мынаны жасауы керек: Жүйке жүйесінің типтерін атайды
Көптеген оқушылар мынаны жасауы керек: Жүйке жүйесінің типтерін сурет бойынша анықтайды, кейбір типтеріне анықтама береді
Кейбір оқушылар мынаны жасауы керек: Жүйке жүйесінің типтеріне мысал келтіре алады, анықтама береді
|
Бір-біріне түсіндергенде, пікір алмасқанда,
кесте толтырған кезде
|
Бірегейлік және сындарлық оқушылардың тәжірибеден алған деректерді өңдеу кезінде оқушылар тәсілінде байқалады. Жұптасып және топта жұмыс, сондай-ақ бір бірімен және мұғаліммен жұмысты талқылау басқалар пікірін құрметтеуді және бір-бірімен және мұғаліммен тиісті үлгіде араласу қасиетін дамытуы керек.
|
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?
|
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
|
|
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
|
Достарыңызбен бөлісу: |