Ширату жаттығулары. Оқушылардың алдыңғы жинақтаған білімдерін тексеру мақсатында «Қадамнан қадамға» әдісін қолданамын. Оқушылардың өткен тақырып бойынша алған білімі қадам бойынша анықталады.
-сандық тізбек дегеніміз не?
-тізбектер қай елдің әліпбиімен белгіленеді?
-тізбектің рекурентті түрде берілуін түсіндір!
-тізбектің қандай түрлерін білесің?
-тізбектің белгіленуі қандай?
-ақырлы сандар тізбегі дегеніміз не?
-шексіз сандар тізбегі дегеніміз не?
-өспелі сандар тізбегі дегеніміз не?
-кемімелі сандар тізбегі дегеніміз не?
-тізбектердің берілу тәсілдерін ата!
-тұрақты тізбек дегеніміз қандай тізбек?
Оқушыларды көңіл-күй смайликтері арқылы бағалаймын.
Оқытудың тиімді әдістері (Жуманова Р.М, шымкент-2019ж.)