Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы : АДАМ. ЖЕР. ҒАЛАМ
Мектеп : №96 М.Әуезов атындағы ЖОМ
Күні: 05.05.2017ж.
Мұғалімнің аты-жөні: Сейтханова Фатима Жақсыбайқызы
Сынып: 5 «а, ә» Қатысқандар: Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Адамдар неге әртүрлі?
|
Осы сабақта қол
жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес)
|
5.2.7.1 Дүние жүзі халықының нәсілдік құрамын және негізгі нәсілдер мен нәсіларалық топтардың таралу аймақтарын анықтау
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлық оқушылар:
Әлем халқының нәсілдік құрамы мен негізгі нәсілдер және нәсіларалық топтардың таралу аймақтарын анықтау.
|
Басым көпшілігі:
Нәсілдік белгілердің қалыптасу факторларын түсіндіру, ұғымдарды саралау, дерек көздермен жұмыс жасай алу.
|
Кейбірі:
Нәсілдердің теңдігін дәлелдеп, олардың таралу аймақтарын ажырата білу.
|
Бағалау критерийі
|
Нәсілдердің шығу тарихы туралы айтады;
Нәсілдердің қалыптасу себептерін түсінеді.
Нәсілдердің таралу аймағын, нәсіларалық топтар жөнінде өз пікірін негіздеп қорытындылайды;
Нәсілдердің теңдігін дәлелдейді.
Ұғымдарды саралап, дерек көздермен жұмыс жасай алады.
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқылым-айтылым: Мәтіндегі негізгі ойды бірлесе оқиды, тапсырмаларды орындау барысында оқушылар топтық талқылаулар арқылы бір бірімен пікір алмасады, пікірталас, диалогке қатысады.
Тыңдалым-жазылым: Ойларын ортаға салады, дәлелдейді, зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
Пәнге тән лексика мен терминология: Адамзат популяциясы, нәсіл, этнос, ұлт, теңдік
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
Не себепті нәсілдер дүниежүзінде әркелкі таралған?
Нәсілдерді сыртқы келбетінің әртүрлі болуына климаттың әсері бола ма?
|
Құндылықтарға баулу
|
Жалпы адамзаттық құндылықтар: Отансүйгіштік, адамгершілік
Ұлттық құндылықтар: Ұлттық бірлік, тілдің біртұтастығы, ұлт тарихы мен салт-дәстүр, ұлттық қауіпсіздік, меймандостық.
|
Пәнаралық байланыс
|
Тарих – нәсілдердің пайда болу және таралу тарихы.
Биология – нәсілдердің биологиялық тұрғыдан топтарға бөлінуі.
Қазақ тілі – тапсырма орындауда мәтінмен жұмыс.
|
Алдыңғы білім
|
5.2.6.2 Материктер және мұхиттар" бөлімінде материктер және сонда мекендеген байырғы халықтардың тарихын зерттеді. Оқушылар осы бөлімнен материктердің климаттық ерекшеліктерімен белгілі бір дәрежеде танысты.
|