Оқушылардың білімін арттыру мақсатында бірнеше әдістерді қолдандым. Олардың бірі «9 ромб» әдісі. Бұл әдісте оқушылардың тілдік дағдысы қалыптасады. Үйге берілген тапсырманы еске түсіріп, терминдермен жұмыс жүргіздік. Жеке оқушыларға «Мюнстерберг» әдісі бойынша адасқан әріптер жазылған парақшалар таратылады.Жаңа тақырып бойынша өтілген терминдер мен сөз тіркестерін табады. Бұл әдіс балалардың есте сақтау қабілетін арттырады.
|
Оқушыларға сабақ соңында кері байланыс ретінде «Таразы» әдісін пайдаландым. Оқушыларға сабақта түсінгендерін, ұнамды тұстарын күн бейнеленген парақшаға, түсініксіз және ұнамсыз тұстарын бұлт парақшасына жазып шығады. Сол кезде таразы басы қай жаққа бағытталса, сабақ өз деңгейін көрсетеді
|
Топтасқан кезде оқушылар жылдам қозғалады.
Жұптық жұмыс кезінде «Суретті әңгімеле» әдісінде берілген суреттегі жануардың атын тауып, іс – қимылмен көрсетеді. Бұл жерде дене еңбегі орындалады.
|