Сабақтың соңы
Сабақтың соңында сабақты бекіту үшін барлық топқа ой қозғау әдісі бойынша тест тапсырмасын беріледі. Тапсырманы берілген уақытқа сай жылдам орындаулары керек.
Мақсаты: оқушылардың бүгінгі алған білімдерін жинақтау.
Тест тапсырмалары:
1.Антанта одағы қай жылы құрылды?
А. 1907 В. 1906 С. 1905 Д. 1902 Е.1903
2. Үштік одақ қай жылы құрылды?
А. 1885 ж. В. 1884 ж. С. 1882 ж. Д. 1884 ж.
3.Бірінші дүиежүзілік соғыс кезіңде Ұлыбритания мен Франция Гермаияның қандай жерлерін басып алуды көздеді?
А. Африкадағы отарын В. Қара теңізді С. Галиция өңірін
Д. Балқан түбегін Е. Адриатты
4. 1909 ж. Үштік одақтан алшақтаған қай мемлекет?
А. Франция В. Ресей С. Италия Д.Англия Е. Австрия-Венгрия
5.Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаныңда қай ел өзінің өнеркәсібі дамуы жағынан артта қалады?
А.Грмания В. Англия С.Италия Д. Франция Е. АҚШ
6. Германияның қуатты әскери – теңіз флот құру үшін бағдарлама жасауы қай елдің сыртқы саясатына өзгерістер енгізді?
А. Ресей В. Италия С. Англия Д. Сербия Е. Австро-Венгрия
7.Бірінші дүниежүзілік соғыс қай жылы басталды?
А. 1914 ж. В. 1912 ж. С. 1913 ж. Д. 1915 ж. Е. 1911 ж.
8. 1914 ж. 28 маусымда қай елдің басшысы қаза табады?
А. Ресей В. АҚШ С. Франция Д. Австро-Венгрия Е. Италия
9.Германия 1914 ж. 1 тамызда қай елге соғыс жариялады?
А. Ресей В. Италия С. Түркия Д. Австро-Венгрия Е. Жапония
10. Бірінші дүниежүзілік соғысқа неше мемлекет қатысты?
А. 35 В. 32 С. 38 Д. 37 Е. 36
Тест тапсырмасына оқушылар орындап жауап береді. Тапсырманы қалай орындалғаның білу үшін топтық бағалау жүйесін қолданамын.
Топтық бағалау: топ басшысы тест таапсырмасын жинап алып тексереді. Бағалау баллдық жүйе бойынша қойылады. Оқушы 9-10 сұраққа дұрыс жауап берсе – «5» деген баға, 7-8 сұраққа дұрыс жауап берсе – «4» деген баға, 6-4 сұраққа дұрыс жауап берсе «3» деген баға қойылады. Топ басшысы тапсырманы тексеріп болған соң, тапсырманы жинап аламын.
Сабақ бойынша оқушылар нені меңгергендігін және кері байланыс үшін ББҮ кестесін беремін.
«ББҮ кестесі» әдісі
Мақсаты: Оқушылардың тақырып бойынша не білгендерің айқындау.
Білемін
|
Білгім келеді
|
Үйрендім
|
|
|
|
ББҮ кестесінде оқушылар не білетіндерін ойланады, сұрақтар құрастырады, сұрақтарға жауап іздеу арқылы тақырыпты толық қорытындылап жазады. Саралау тәсілінің «Диалаог және қолдау көрсетуді» басшылыққа алып, кері байланыс орнатып, тақырыпты аяқтаймын.
Бағалау: оқушылардың алған білімдерін жинаған әр түрлі фишкалар арқылы және топтық бағалау арқылы бағалаймын.
Ұпай сандарың айтқан соң, оқушыларды алған бағалары бойынша мадақтаймын.
Бағалау аяқталғаннан кейін, үйге тапсырма беремін.
Үйге тапсырма беру: бірінші дүниежүзілік соғыстың себептері мен алғышарттарын мазмұндап келу.
|