бЕКІТЕМІН:
пЦК жетекшісі
_______ Сәрсен Г
Сабақ жоспарының конспектісі
Курс:
|
2 курс
|
Топ:
|
ДЗ-Ө-15
|
Сабақ нөмірі:
|
№12
|
Пән атауы:
|
Математика
|
Оқытушы аты-жөні:
|
Сейдахметова Шарапат
|
Мамандығы/
Біліктілігі:
|
0402000 – «Дизайн»;
0402013 – «Дизайнер»
|
Уақыты:
|
21.11.2016 жыл
|
Өткізілетін орны:
|
220 аудитория
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Көпжақтар Призма
|
Сабақ мақсаты: 1. Көпжақтар туралы жалпы ұғым
2. Көпжақтардың түрлері:
а) Призма
б) Параллелепипед
в) Пирамида
| |
Оқушының көпжақтар және олардың көлемдерін табудағы білімдерін жүйелеу және кеңейту;
| |
Оқушыларды еңбекке баулу, сыйластыққа және ұйымшылдыққа, алдарына қойған мақсатқа жетуге тәрбиелеу;
| |
Оқушылардың есеп шығару дағдыларын арттыру, ой -өрісін дамыту, жаңашылдық, ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалана білуге үйрету;
|
Сабақ түрі:
|
Практика сабақ
|
Сабақ типі:
|
Білімді, іскерлікті, дағдыны жетілдіру
|
Оқыту әдістері, тәсілдері, оқыту технологиялары:
|
Дамыта оқыту, тірек-сызбалар, сұрақ-жауап әдісі, баяндау әдісі, ақпарат құралдарынан жинақталған мәліметтер, түсіндіре-баяндау, миға шабуыл, ой қозғау, салыстыру, талдау, ақпарат беру әдістері
|
Қолданылатын дидактикалық материалдар, техникалық құралдар:
|
Тірек-сызбалар, дидактикалық материалдар, сөзжұмбақ, сызба кесте, тест, таратпа материалдар т.б. Оқулықтар, сұрақтар мен тапсырмалары бар кеспелер
|
Қолданылатын негізгі әдебиеттер
1. А.Е. Абылқасымова, К.Д. Шойымбеков. Алгебра және анализ бастамалары. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10 сыныбына арналған оқулық. Алматы: Мектеп, 2006
2. А.Е. Абылқасымова, К.Д. Шойымбеков. Алгебра және анализ бастамалары. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11 сыныбына арналған оқулық. Алматы: Мектеп, 2007
4. В.Гусев, Ж Қайдасов. Геометрия. Қоғамдық гуманитарлық бағыт. 11 сынып оқулық. Алматы: Мектеп, 2011
Электрондық оқулық 10-11 сынып. Ұлттық автоматтандыру орталығы, 2008
5. Дидактикалық материалдар. Есептер жинағы
|
Қосымша әдебиеттер:
1. Негізгі – «Алгебра және анализ бастамалары», 2007 ж. А.Е.Әбілқасымова;
2. «Шың» Математика -2, Исмаил Акйол 2006 жыл Алматы.
Погорелов А.В. 7-11 сынып геометрия,
Морозов А.В. Домашняя работа по геометрии за 11 класс,
Атанасян Л.С., Базылев В.Т. Геометрия, Альсейтов А.Г. Математика.
|
Сабақ барысы
|
Уақыты
|
Сабақ барысындағы оқытушы іс-әрекеті
|
Сабақ барысындағы студенттің іс-әрекеті
|
Қажетті оқу-ресурстық құралдар
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
І.Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру, мотивация
|
1 мин
|
Мұғалімнің амандасуы
Жоқ оқушыларды түгендеу
оқу-құралдарының дайындығын
кезекшінің жұмысын тексеру.
|
Амандасу
оқу-құралдарын дайындау
кезекшілік міндеттерін атқару;
|
Оқу құралдары
|
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау (өткен сабақпен байланыс)
|
8 мин
|
|
|
Таратпа тапсырмалар
|
ІІІ. Жаңа материалды меңгерту
|
20 мин
|
Көпжақ – беті саны шектеулі жазық көпбұрыштардан құралатын дене.
Көпжақтардың компоненттері:
Жазықтық пен дөңес көпжақтың бетінің ортақ бөлігі жақ деп аталады.
Жақтардың қабырғалары - көпжақтың қырлары деп аталады
Жақтарының төбелері - көпжақтың төбелері деп аталады
Призма деп - әр түрлі жазықтықтарда жататын және параллель көшіргенде бір- біріне келіп беттесетін екі көпбұрыштан және осы көпбұрыштардың сәйкес нүктелерін қосатын барлық кесінділерден тұратын көпжақты атайды.
Призманың құрам бөліктері:
Көпбұрыштар - призманың табандары деп аталады
Сәйкес төбелерді қосатын кесінділер призманың бүйір қырлары деп аталады.
Призманың биіктігі - деп табандарының арақашықтығын айтады.
Призманың бір жағына тиісті емес екі төбесін қосатын кесіндіні призманың диагоналы деп атайды.
Призманың құрам бөліктерінің қасиеттері:
табандары тең
табандары параллель жазықтықтарда жатады
бүйір қырлары параллель және тең
Призма түрлері:
Тік призма- бүйір қырлары табандарына перпендикуляр
Көлбеу призма- бүйір қырлары табандарына перпендикулар болмайды
Дұрыс призма- тік призманың табандары дұрыс көпбұрыш
|
- Мұғалімнің түсіндірмесін тыңдайды;
- Негізгі ұғымдарға берген анықтамаларын талдайды, өз пікірлері мен ұсыныстарын білдіреді;
|
Хронологиялық кесте толтыру
Тірек-сызба
|
ІҮ. Білім, іскерлік, дағдыларды қалыптастыруға керекті білімдер
|
20 мин
|
№11. Көлбеу призманың бүйір қыры 15 см және табан жазықтығына 30 бұрыш жасай көлбеген. Призманың биіктігін табыңдар.
№12. Үшбұрышты көлбеу призманың бүйір қырларының ара қашықтығы 37 см, 13 см және 40 см-ге тең. Үлкен бүйір жағы мен қарсы жатқан бүйір қырының ара қашықтығын табыңдар.
№17 Төртбұрышты дұрыс призманың табан ауданы 144 см2, ал биіктігі 14 см. Призма диагоналын табыңдар.
|
- Оқушылар ақынның әнін тыңдап болған соң, алған әсерлерімен бөліседі.
- өлеңдерін тыңдай отырып, ары қарай жалғастырады;
|
Көрнекі құралдар, тірек-сызбалар глоссарий Ақпарат көздері Әдебиеттер тізімі
|
Ү.Білімді бақылау, бағалау
|
15 мин
|
№10 Үшбұрышты тік призманың табан қабырғалары 10 см, 17 см және 21 см-ге тең, призманың биіктігі 18 см. Бүйір қыры мен табанының кіші биіктігі арқылы жүргізілген қиманың ауданын табыңдар.
№20 Үшбұрышты дұрыс призманың барлық қырлары тең. Бүйір беті 12 м2-ге тең. Биіктігін табыңдар.
|
- Оқушылар ақын өлеңдерін берілген тақырып бойынша қойып шығады;
- Тест тапсырмаларын орындайды және оқушы бағаланады.
|
Деңгейлік тапсырмалар
|
ҮІ. Қорытынды (рефлексия)
|
8 мин
|
№21 Төртбұрышты дұрыс призманың бүйір беті 32 м2-ге тең, ал толық беті 40 м2. Биіктігін табыңдар.
|
- Кері байланыс парағы арқылы оқушылар сабақтан алған әсерлерімен бөліседі;
-Ұяшықтардағы сұрақтарға жауап береді
|
«Білемін, білгім келеді, үйрендім» кестесі
|
ҮІІ. Үй тапсырмасын беру
|
3 мин
|
Үйге тапсырма береді, орындалу жолын түсіндіреді Тапсырмалар: №23, №25
|
1. Үйге берілген тапсырманы жазып алады 2. Сұрақтар қояды
|
Активатор таратпасы
|
Теориялық тапсырма
Шығармашылық тапсырма
|
10 мин
|
1. Екіжақты бұрыш деп нені айтады?
(Ортақ бір түзумен шектелетін екі жарты жазықтықтан жасалған фигураны айтады)
2. Көпжақ дегеніміз не?
(беті саны шектеулі жазық көпбұрыштардан құралған дене)
3. Дөңес көпжақ деп қандай көпжақты айтамыз?
(Өзінің бетін құрайтын әрбір жазық көпбұрыш жазықтығының бір жағына орналасқан көпжақты айтады)
4. Призма дегеніміз не?
(Әртүрлі жазықтықтарда жататын және параллель көшіргенде дәл келіп беттесетін екі көпбұрыштан және осы көпбұрыштардың сәйкес нүктелерін қосатын барлық кесінділерден тұратын көпжақ)
5. Призманың түрлеріне тоқталыңыз.
(Тік призманың бүйір қырлары табандарына перпендикуляр болады, бүйір қырлары перпендикуляр болмаса көлбеу призма болады)
6. 1-теорема айтыңыз.
(Тік призманың бүйір беті табанының периметрін призманың биіктігіне, яғни бүйір қырының ұзындығына көбейткенге тең)
7. Параллелепипед дегеніміз не?
(Табаны параллелограмм болатын призма)
8. 2-теорема айтыңыз.
(Параллелепипедтің қарама-қарсы жатқан жақтары параллель және тең)
9. 3-теорема қалай айтылады?
(Параллелепипедтің диагональдары бір нүктеде қиылысады және қиылысу нүктесінде қақ бөлінеді)
10. 4-теорема қалай айтылады?
(Тік бұрышты параллелепипедтің кез келген диагоналының квадраты оның сызықтық үш өлшеуішінің квадраттарының қосындысына тең)
|
Өтілген тақырып бойынша теориялық, шығармашылық бағыттар бойынша тапсырмалар беріледі
Топтық, жұптық жұмыстар арқылы оқушылар өзара қолдау көмек көрсетуді жүзеге асырады.
|
Ақпарат көздері
Әдебиеттер тізімі
|
Студенттердің білім көрсеткіші:
|
5 мин
|
Өзін - өзі бағалай білу Өткен сынып матералдарын еске түсіруі
Формулаларды дұрыс жазып және оқи білуі
|
Алған білімдерін саралау
|
Тапсырмалар
|
Оқытушының өзін-өзі бағалауы:
|
2 мин
|
Есептер шеше білуі, формулаларды қолдана білуі
|
Бағалау түрлері арқылы білімі тексеріледі
|
, деңгейлік тапсырмалар арқылы
|
Достарыңызбен бөлісу: |