Сабақ жоспарының үлгісі Қысқа мерзімді жоспар



Дата05.09.2020
өлшемі40,07 Kb.
#77325
түріСабақ
Байланысты:
Ресурс5.5.


5.4-ресурс



Сабақ жоспарының үлгісі


Қысқа мерзімді жоспар
Сабақты жоспарлауда орта мерзімді жоспарға жүгініңіз. Сабақ жоспарын ұсынылған үлгінің негізінде әзірлеуге болады.

Пән:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:




Сабақтың тақырыбы










Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)




Сабақтың мақсаты

Сабақ мақсатын анықтап алыңыз. Ол оқу мақсаттарымен (ОМ) бірдей болуы немесе ОМ ұзақ мерзімді сипатта болса, нақты осы сабаққа бейімделген болуы мүмкін (ОМ қол жеткізу үшін бірнеше сабақ қажет болған жағдайда)


Бағалау критерийлері

Осы сабақта қарастырылатын оқу мақсаттарын бағалау критерийлерін көрсетіңіз.

Бағалау критерийлерін өзіңіз құруға және/немесе бағалау критерийлерін әдістемелік құжаттардан («Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жиынтығы», «Жиынтық бағалау бойынша әдістемелік ұсыныстар») іріктеп алуға болады.

Тілдік мақсаттар


Тілдік емес пәндер үшін құрастырылады.

Тілдік мақсаттарды, лексика мен тіркес мысалдарын қоса анықтаңыз

Пәнге тән лексика мен терминология:

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Құндылықтарды дарыту


Осы сабақта оқушылардың бойына сіңіруге арналған оқу бағдарламасындағы құндылықтар мен ұлттық, жалпыадамзаттық құндылықтарды көрсетіңіз.

Құндылықтарды дарыту … арқылы/көмегімен жүзеге асады (іс-әрекетті және/немесе тақырып мазмұнын сипаттау).

Пәнаралық байланыс

Ықтимал пәнаралық байланысты әріптесіңізбен талқылаңыз немесе дереккөздерге жүгініңіз.

Сабақта пәнаралық кіріктірілу қалай жүзеге асырылатынын көрсетіңіз (іс-әрекет және/немесе мазмұн арқылы)

АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақта оқушылар қандай АКТ қолдану дағдыларын дамыта алатынын көрсетіңіз

Алдыңғы білім


Оқушылар бұған дейін нені біледі немесе осы сабақ алдында олар нені білуі керек? (негізгі ұғымдар, фактілер, формулалар, теориялар)

Бұрыннан бар білімді қалай белсендендіре аласыз?

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


Сабақ басында:

- оқушылардың зейінін шоғырландыруға

- оқушылармен бірге сабақ мақсаттын/ОМ анықтап алуға

- оқушылардың «жақын даму аймағын», сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтауға

көңіл бөлу қажет




Сабақтың ортасы



Сабақ мақсатына орай бар білімдерді қалыптастыру мен дағдыларды дамытуға бағытталған іс-әрекет.

Іс-әрекет барысында ақпаратты талдау және өңдеу, зерттеу, практикалық жұмыс, проблемалық жағдаяттарды шешу арқылы оқушылардың бойында білім мен дағдылар қалыптасады және дамиды




Сабақтың соңы

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

-қандай бағытта жұмысты жалғастыру қажет

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалай алады




Саралау – Сіз оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы




Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалана отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолдануға болады


Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдерді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары


Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаты/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?

Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдеріне бөлінген уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?

Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы бағалау

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы не білдім/анықтадым, келесі сабақтарда неге көңіл аудару қажет?




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет