Сабақ жоспарының Үлгісі



Дата23.12.2021
өлшемі114,05 Kb.
#128293
түріСабақ
Байланысты:
6 сабақ Мәтін және оның түрлері. Бекіту сабағы


ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ КЕЗІНДЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІНЕН ІІ-ТОҚСАН БОЙЫНША САБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ

Мұғалімнің аты-жөні:




Пән/Сынып:

Қазақ тілі/2 сынып

Қай аптаның нешінші сабағы

6 сабақ

Тарау немесе бөлім атауы:

Менің мектебім

Сабақтың тақырыбы:

Суретпен таныстырамын

Мәтін және оның түрлері. Бекіту сабағы



Оқу мақсаты:

2.1.3.1 күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға

байланысты өзара сұхбаттасу

2.3.4.1 мұғалімнің көмегімен тірек сөздерді, сөйлем,

суреттерді пайдаланып, қарапайым постер құрастыру



Сабақтың мақсаты:

Мәтіннің түрлерін анықтау, ажырата білу, сипаттау мәтіні туралы білу

Бағалау критериі:

Күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты өзара сұхбаттасады, өлеңдегі сипаттау мәтіні бойынша сурет салады, сипаттау мәтіні туралы біледі

Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс

Жаңа тақырыптың түсіндірілуі




Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)

Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету



Жеке жұмыс

Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы



Уақыты

Кезеңдері

Тапсырма

Тапсырманың мақсаты

Бағалау

Ресурстар

1 минут


Ұйымдастыру

Сәлеметсіңдер ме?

Қазақ тілі сабағынан мәтін түрлері және сипаттау мәтіні жайында білетін боламыз

Сабағымыздың тақырыбы: Мәтін және оның түрлері (бекіту сабағы)

Бүгінгі сабақта:

Сенің білетінің:


  • Өлең мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап бересің.

  • Күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты өзара сұхбаттасасың

  • өлеңдегі сипаттау мәтіні бойынша сурет саласың

  • сипаттау мәтіні туралы білесің






Презентация


7-8 минут


Бекіту сабағы

Бекіту сабағы: Түсіндірме видеоны тамашалайық

https://youtu.be/Gs562oMpgGU



  1. Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқы.


Алуан бояу іріктеп алды,

Асықпай Марат суретті салды.

Үстелге жайып қағазды аппақ,

Сарымен сұлу жасады бақбақ.


Қызылдан кірпіш қағазға толды,

Зәулім үй келіп аулаға қонды.

Шатырын әсем бояды көкпен,

Жасылмен дуал* жасады еппен.


Өз орнын тапты әртүрлі бояу,

Бәрінен шебер Мараттың ойы-ау!


Тұрсынхан Әбдірахманова

  • Қарамен жазылған сөздердің мағынасын түсіндір. Бұл сөздерді бірінің орнына бірін алмастырып қолдануға бола ма?

  • Сұрақтарға жауап жаз.




  1. Марат бояумен не істеді?

  2. Ол қандай сурет салды?

  3. Неліктен әртүрлі бояу өз орнын тапты?


Дескриптор: Марат бояумен не істегенін жазады

Оның қандай сурет салғанын жазады

Неліктен әртүрлі бояу өз орнын тапқанаына өз ойын жазады


Тақырыпты және негізгі ойды анықтап үйрену



Презентация
https://youtu.be/Gs562oMpgGU

Слайд 3-4

Слайд 5


8 минут


Тәжірибе

  1. Суретке қара. Оқушылар бұл заттарды дұрыс салыстыра алды ма? Олардың қателіктерін тауып, өз жауабыңды ұсын.




  1. Алма - қызыл, ал қарбыз үлкен.

  2. Шарлардың түрі мен түстері әртүрлі. Шиелердің түрі мен түсі бірдей.

  3. Бір қасық үлкен, екіншісі – темір.

Дескриптор: Сұраққа жауап береді. Оқушылардың қателіктерін тауып, өз жауабын ұсынады.
Есіңе сақта!

Сипаттауда заттың бірнеше белгісі – түсі, түрі, көлемі көрсетіледі. Ал салыстыра сипаттауда заттардың ұқсастығы мен ерекшелігі олардың нақты белгілері бойынша тапқызылады. Мысалы: алма – қызыл, қияр жасыл.



Тақырыпты тәжірибе арқылы меңгеру



Презентация

Слайд 6



3 минут


Бекіту

  1. Сипаттау үшін өзің ұнататын заттың суретін таңда.


• Осы затты сипаттауға тырыс. Ол үшін сипаттау мәтінін «Мен ... туралы айтқым келеді, ...» деп баста. Әрі карай ол заттың негізгі белгілерін (түр-түсін, көлемін, қасиетін) сипатта. Сол зат туралы өз ойыңды айт.



Дескриптор:

Өзіне ұнаған затты таңдайды

Сол затқа сипаттау мәтінін құрайды


Тақырыпты меңгергенін анықтау



Презентация

Слайд 7









Сабағымызды қорытындылайық. Өзіңізді өзіңіз бағалаңыз. Әр сөйлем бойынша өзіңізге баға беріңіз:

  • Өлең мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап бердім.

  • Күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты өзара сұхбаттастым

  • өлеңдегі сипаттау мәтіні бойынша сурет салдым

  • сипаттау мәтіні туралы білдім










Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет