Сабақ жоспарлары 5-сынып Қаратөбе мектеп-гимназиясының қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі С. С. Есқожинаның тәжірибесінен



бет1/2
Дата31.12.2019
өлшемі1,05 Mb.
#54138
  1   2
«Менің туған өлкемнің өлеңдері»

Факультативтік курсының сабақ жоспарлары

5-сынып

Қаратөбе мектеп-гимназиясының қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі С.С.Есқожинаның тәжірибесінен

Қаратөбе, 2019

Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің әдістемелік-сараптамалық кеңесінде қаралып, аудан педагогтарына таратуға ұсынылды.

Хаттама № 1 31 тамыз, 2019 жыл

Құрастырған: С.С.Есқожина – Қаратөбе мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі



Рецензенттер:

Ажгалиев М.Қ. – Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты

Сагинова Г. –Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің қоғамдық-гуманитарлық пәндер жөніндегі әдіскер
Муканова А.Қ.-Қаратөбе мектеп-гимназиясының жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

С.Есқожинаның авторлық бағдарламасына қосымша қысқа мерзімдік жоспар жасауы - мұғалімнің шығармашылық ізденісінің айғағы. Әріптестеріне көмек ретінде ұсынылып отырған қысқа мерзімдік жоспар жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқу бағдарламасының мақсаттарына сүйеніп жасалған.



Мазмұны

Түсінік хат

І тарау.Жыршы-жыраулар поэзиясы

Қаратөбе өлкесінің әдеби мұрасы.

Сартай Көшкінұлы. Ертілеу. Құмар Әбуғалиұлы. __________________________________________
Қалмағанбет Жамбылұлы, Сағымқожа Ахметұлы

Құбайыс Қаратайұлы. Қази Қалиұлы. ____________________________________________________

Мұстажап Қабдолұлы. Қайыржан Ителгіұлы.

Даржан Оңдағанұлы. ____________________________________________________________________


ІІ тарау.ХІХғасырдың ІІ жартысындағы

Қаратөбе өлкесіндегі әдебиет өкілдері

М.Мералыұлының өмірбаяны. Шығармашылығы. _____________________________________________

М.Мералыұлы «Зәуреш» өлеңі_______________________________________________________________
Қаратөбе съезінің ескерткіш тақтасына экскурсия сабағы________________________________________
ХХғасырдың І жартысындағы

Қаратөбе өлкесіндегі әдебиет өкілдері

Қажым Жұмалиев өмір жолы, шығармашылығы

Алғашқы өлеңі “Батырақ Ғалиасқар” шығармасы________________________________________________

Сағынғали Сейітов өмір жолы, шығармашылығы «Қаратөбе» өлеңі__________________________________

Берқайыр Аманшин өмір жолы, шығармашылығы

«Сақ болыңдар, тірілер!» өлеңі_________________________________________________________________


Жұрғали Ертілесов өмір жолы, шығармашылығы.

«Туған жер» өлеңі____________________________________________________________________________


Қайыржан Хасанов шығармашылығы_____________________________________________________________
Қайыржан Хасановтың Қаратөбе тақырыбындағы шығармалары._____________________________________
Қаратөбе –құт мекен» жинағы__________________________________________________________________
Құрманғазы Қараманұлы өмірі, шығармашылығы__________________________________________________
Шолпан Қыдырниязова өмірбаяны, шы,армашылығы_______________________________________________
Шолпан Қыдырниязованың туған жерге

арналған шығармашылығы_____________________________________________________________________


Айсұлу Қадырбаева өмірбаяны, шығармашылығы

«Барып қайт, балам, ауылға» өлеңі_______________________________________________________________


ХХ ғасырдың екінші жартысындағы ақындар шығармашылығы_________________________________

Талап Таймасұлы шығармашылығы______________________________________________________________

Ертай Бимұханов шығармашылығы______________________________________________________

Талант Арынғалиев шығармашылығы____________________________________________________



Түсінік хат

«Менің туған өлкемнің өлеңдері» курсына қосымша мұғалімдерге арналған қысқа мерзімді сабақ жоспарын жасақтадым. Бұл сабақ жоспары жаңартылған білім беру мазмұны аясындағы оқу мақсатттарына негізделіп жасақталған. Өлкеміздегі түрлі әдебиеттердегі ақын-жазушыларымыздың шығармашылығы осы қысқа мерзімді жоспарға жинақталды. Өйткені курсты өткізуші мұғалім әр сабақ сайын жаңа материалды іздеп, уақыт алмауы үшін, барлық авторлардың шығармашылығын жинақтап, қысқа мерзімді жоспарға жинақтадым. Әр жаңа сабақ сайын өлкеміздің ақын-жазушыларының шығармашылығын меңгерту үшін оқу мақсаттарына сай қалыптастырушы тапсырмалар және сабаққа кері байланыс, дидактикалық материалдарды қоса жасақтадым. Әр сабақтың оқу мақсатынан сабақ мақсаты, ойлау дағдыларының деңгейі, тілдік мақсаттар, құндылықтарды дарыту, тапсырмалардың дескрипторлары сараланып берілген.

Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын «Менің туған өлкемнің өлеңдері» бағдарламасындағы тақырыптық-күнтізбелік жоспардың тақырыптарына сәйкес құрастырдым. Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында өткен оқу мақсаттары курстағы әр жаңа тақырыптарда да қамтылып отырады. Өйткені оқушыға әдеби мұраларды түсінуге, коммуникативтік құзыреттіліктерінің жетілдірілуіне, тілдік-эстетикалық талғамдарының дамуына, коммуникативтік құзыреттіліктерінің жетілуіне, өмірлік дағдыларын шыңдауына, өздігінен білім алуларына мүмкіндік туғызу және білім, білік, дағдысын қалыптастыру үшін мүмкіндік туғызуды көздейді.


Сабақ : Менің туған өлкемнің өлеңдері

Мектеп: Қаратаөбе мектеп-гимназиясы


Күні :

Мұғалім: Ескожина С.С


Сынып: 5

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы

Жыршы-жыраулар поэзиясы

Сабақтың тақырыбы:

Қаратөбе өлкесінің әдеби мұрасы. Сартай Көшкінұлы. Ертілеу. Құмар Әбуғалиұлы.

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

5.1.2.1 әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау

Сабақ мақсаты:

Жыршы-жыраулардың толғауларының мазмұнымен танысу, мәнін ашу, үзінділер арқылы мұғалімнің көмегімен тарихи кезеңмен байланысын ұғыну

Ресурстар

С.Абдрахманов «Қаратөбенің ән-күй керуені»

Бағалау критерийлері:

Өлеңдерінің тақырыбын біледі;

Өлеңдерінің мазмұнын біледі.



Дескриптор

Нақышына келтіріп мәнерлеп оқиды;

Сұрақтарға толық жауап береді;

Шығармадан алған әсерін көркем тілмен бере біледі;


Ойлау дағдыларының деңгейі

Түсіну және жауап беру

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар қолдана алады:

Шығарманың идеясы мен ерекшелігін түсінеді;

Өз көзқарастарын жазылым жұмысында сюжет желісін сақтай отырып жеткізе алады.

Пәндік лексика мен терминология: жыршы-жырау, терме, толғау

Диалог пен жазылымға арналған тілдік қолданыстар:

Менің ойымша...

Менің байқауымша...

Ойымды қорытындылай келе...

Құндылықтарды дарыту

Ұлтжандылыққа, адамгершілік асыл қасиеттерге тәрбиелеу

Пәнаралық байланыс

Тарих, әдебиет

АКТ қолдану дағдылары

Презентация, слайд

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер



Сабақтың басы

10 мин

Оқушыларды «Туған жер» туралы мақал-мәтелдер арқылы топқа бөлу

Мақалдың мәнін ашу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын шығару

Пәлен жерде пайда бар, өз жеріңдей қайда бар?

Сұңқар киясын сағынады, Торғай ұясын сағынады.

Ұлтарақтай болса да ата қоныс — жер қымбат. Ат төбеліндей болса да туып-өскен ел қымбат.


Сабақтың ортасы

15

15 мин


Топтық жұмыс.

1-тапсырма. Өлеңдерін дауыстап мәнерлеп оқу. Қысқаша өмірбаянын оқу, постерге бейнелеу.

І топ.

Сартай Көшкіншіұлы.

Ақын-жыршы. Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Батпақкөл ауылында жылы дүниеге келген. Алпамса денелі, ақ сары мұртты адам болған, Қасына әнші-ақындарды ертіп жүрген. Руы-он екі ата Байұлы, Алаша-Шотқара-Жәрімбет. 1922ж.қайтыс болған. 1916ж.халық көтерілісін жырлаған ақын. «Тар заман», «Сартайдың термесі», «Тойбастар» т.б өлең-толғаулары қалған.



«Тойбастар»

Той дегенде біз келдік,

Ат мініп,тон кигелі.

Қайырлы сапар, Маусымжан,

Отырмысың жүргелі?

Асылдан екен кигенің,

Алтыннан екен ілгенің,

Тойыңды бастап тон алсам,

Іс болмай ма үлгілі.

Әкем-ай деп жылама,

Әке орнында қайын атаң.

Сонда болар, қарындас.



ІІ топ

Ертілеу
Ақын, жыршы, Қаратөбе өңірінде туып, сол жерді мекен еткен.

«Ертілеудің термесі»

Болады түс қайтқан соң, ұлы бесін,

Өлімнің кім біледі ерте –кешін.

Халайық, құлақ салып тыңдасаңдар,

Айтайын Ертілеудің әңгімесін.


Құрт ауру пайда болды биыл маған,

Дәрі іштім әрбір түрлі бұйырмаған.

Құрт ауру көкірекке қонғаннан соң,

Қалмады-ау әз әулие сиынбаған.


ІІІ топ.

Құмар Әбуғалиұлы
1886 ж.БҚО Қаратөбе ауд. Ақкөл деген жерде туған. Руы-он екі ата Байұлы, Алаша-Шотқара-Айбас. Арықтау, тұлғалы, түсі сары, көзі шегір, жирен мұртты кісі екен.Әнші-жыршылығымен қоса, суырыпсалма ақын, шебер күйші болған. Құмардың өзі шығарған «Құмар термесі», «Бәйге оба» т.б. халық термесі аталып кеткен шығармалары бар. ҚР халық әртісі Ғ.Құрманғалиевтің негізгі ұстазы.

«Құмар термесі»

Әлеумет келдім алқаңа,

Берейін кеңес ортаңа,

Қызыл ту алып ұрандап

Еркіндеген мынау заманда,

Сөйлеуден ақын қорқа ма?!

Ардақты халқым тыңдасын,

Екпіндеп шапқан жүйрігің,

Жалғыз қазық ұрмаса,-

Болдырмай басын тарта ма?!

Біразырақ желейін,

Әлеумет жырды өрмелеп,

Ұнаса сөзім халқыма,

Құлақтансын азамат,

Сөзімді ұғып тыңдаған.

Заманның туы бостандық,

Бірліктің туы орнаған.

Заманға туған ақынмын,

Бағында тұрған бұлбұлдай,

Қызыл да тілім сайраған.


Жеке жұмыс

Қалыптастырушы бағалау


Мәтіннен негізгі ойды табыңыз.




Ақын өлеңі кімнің атынан баяндалады?





Тәрбиелік мәні бар қорытынды. Оқыған мәтіннен өз өміріңе, іс-әрекетіңе септігін тигізер қандай қорытынды жасадың?




Лирикалық кейіпкер қандай мінезімен танылады?




Өлең сізге қалай әсер етті?







Сабақтың соңы
5 мин


Кері байланыс: «3-2-1» стратегиясы

  • Бүгінгі сабақтан алған 3 маңызды ақпарат;

  • Бүгінгі сабақта қиындық тудырған 2 аспекті;

  • Бүгінгі сабақта ұнаған 1 іс-әрекет.





Сабақ : Менің туған өлкемнің өлеңдері

Мектеп: Қаратаөбе мектеп-гимназиясы


Күні :

Мұғалім: Ескожина С.С


Сынып: 5

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы

Жыршы-жыраулар поэзиясы

Сабақтың тақырыбы:

Қалмағанбет Жамбылұлы. Сағымқожа Ахметұлы,

Құбайыс Қаратайұлы. Қази Қалиұлы.



Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

5.1.2.1 әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау

Сабақ мақсаты:

Жыршы-жыраулардың толғауларының мазмұнымен танысу, мәнін ашу, үзінділер арқылы мұғалімнің көмегімен тарихи кезеңмен байланысын ұғыну

Ресурстар

С.Абдрахманов «Қаратөбенің ән-күй керуені»

Бағалау критерийлері:

Өлеңдерінің тақырыбын біледі;

Өлеңдерінің мазмұнын біледі.



Дескриптор

Нақышына келтіріп мәнерлеп оқиды;

Сұрақтарға толық жауап береді;



Шығармадан алған әсерін көркем тілмен бере біледі;


Ойлау дағдыларының деңгейі

Түсіну және жауап беру

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар қолдана алады:

Шығарманың идеясы мен ерекшелігін түсінеді;

Өз көзқарастарын жазылым жұмысында сюжет желісін сақтай отырып жеткізе алады.

Пәндік лексика мен терминология: жыршы-жырау, терме, толғау

Диалог пен жазылымға арналған тілдік қолданыстар:

Менің ойымша...

Менің байқауымша...

Ойымды қорытындылай келе...

Құндылықтарды дарыту

Ұлтжандылыққа, адамгершілік асыл қасиеттерге тәрбиелеу

Пәнаралық байланыс

Тарих, әдебиет

АКТ қолдану дағдылары

Презентация, слайд

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер



Сабақтың басы

10 мин

Тірек суреттер арқылы тақырыпты ашу
Сулыкөл мекенін суретін көрсету. Оқушыларға сұрақ қою

-Бүгінгі тақырыбымызға қатысы қандай деп ойлайсыздар?





Сабақтың ортасы

15

15 мин


Оқылым тапсырмасы.

Төмендегі мәтінді оқи отырып, мазмұны бойынша сұрақтар құрастырыңдар.

Қалмағанбет Жамбылұлы.

Әнші-жыршы. БҚО Қаратөбе ауданы «Саралжын» совхозы Мұхит ауылында 1885 жылы дүниеге келген. Руы-он екі ата Байұлы, Алаша-Барамық-Отар-Сүйіндік. Денелі келген, сақал-мұрты бар, ірі, қара кісі болған, мәнерлеп сөйлеген. Әнші мұхитті көрген.Шынтас пен Шайқыдан ән үйренген. Оның әңгіме айту, ән орныдау шеберлігі ерекше болған. Өз жанынан өлең шығарған. «Арбакеш Қойбай мен Түйешінің айтысы», «Түйеші мен арбакештің айтысы», «Ер Тарғын», «Мұңлық-Зарлық», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырларын жатқа айтқан.Көбіне әнді Сартайдың сазымен айтқан. Әнші Мұхитты жерлеуге қатысқан. 1959 жылы қайтыс болған.Артында «Сулыкөлім» әні қалған.1923-32 жылдар аралығында тұрмыс жағдайымен Ресей жаққа кетіп, сол жақта жүргенде елін сағынып, толғаған толғауы екен.



«Сулыкөлім»

Тұр ма екен аман-есен Сулыкөлім,

Битшағыл, Есіркемес құба белім.

Дәм айдап сол қоныстан біздер кеттік,

Сау ма екен, есен бе екен қалған елім?

Дұғашы болып тұрсын аға –іні,

Дәм татқан қолдарыңнан жеңгей-келін.

Табаным сол жерлерден таймас па еді-ау,

Қайнатып бекіреден жақса желім?

Елестеп көз алдымнан еш кетпейді

Қайтейін сол жерлерде келмеді өлім!

Ал, жақсылар, тыңдасаң,

Сулыкөлді мақтайын.

Жолдасын адам сақтайды,

Алыс ктеіп қалғанмен

Бір жолдастай сақтайын.

Туып-өскен жерім еді,

Құтсыздықтан ақтайын

Жазғұтырым болғанда

Жақсыбай мен Сулыкөл

Көк теңіз болып шалқыған.

Саратан жұлдыз туғанда

Жұпардай иісі аңқыған.

Сағымқожа Ахметұлы

Жыршы. БҚО Қаратөбе ауданы Сабынкөл ауылында дүниеде келген. Дауысы зор болған.Өз жанынан ән шығарып, «Бабас пен Аймаңдай», «Қадірхан», «Жаскелең» жырларын жатқа оқыған.Сағымқожа-атақты Сартайдың жиені.



«Сағымқожа термесі»

Аспанда ұшқан бозторғай

Бозаңда болар ұясы-ай.

Бозаңның түбін су алса,

Қайғыда болар анасы.

Қара лашын, ақ тұйғын

Қайыңда болар ұясы.

Қайыңның басын жел соқса,

Қайғыда болар анасы.

Тоқсан тарау су ақса,

Дария болар сағасы.

Сан шерулі қол болса,

Батырлар болар ағасы.

Аз сөйлер де көрһп тыңдар,

Қас асылдың баласы.

Қалы кілем қара нар

Жарасады қатарға.

Аруана жисаң жарасар

Ұлы бір күнгі сапарға.

Қаумалаған қарындас

Қазақта бар да менде жоқ

Арызымды айтарға.


Құбайыс Қаратайұлы

1903 жылы БҚО Қаратөбе өңірінде дүниеге келген. Ақын.жыршы. Руы-он екі ата Байұлы Алаша-Шотқара-Жәрімбет. 1943 жылы Сталинград майданында қаза тапқан. Бекмағанбетов Кенжебайдың жалғыз ұлы Телман қайтыс болғанда Құбайыстың Кенжебайды жұбатып айтқан ән-жыры.



Кенжебай:

Ал, Құбайыс, мен айтайын сен тыңда,

Ескіше бесі қауыстың

Келтірмей кетті бабымды,

Жүрісім менің жаңылды.

Алып кетті төңкеріп

Жез бұйдалы нарымды.

Өртенгесім өзегім

Сөзіңді сенің сағынды.

Көңілімді көтеріп,

Аяма бұдан барыңды.

Тельманым кетті атттанып,,

Ішіме салып жалынды.

Жадырамайды тоқтатпай

Болсам да қанша сабырлы.

Ұшырып кетті жалғыз оқ

Суда жүзген мамырды.

Мамырымна айырылып,

Жез қанатым қайырылып

Жатырмын көріп зәбірді.


Құбайыс: Құрметті жолдас, Кенжебай

Болыпты қалің осылай,

Кенеттен болсын бұл сөзің

Жүрекке тиді тосын-ай.

Естігесің сөзіңді,

Көңілім қалды шошып-ай .

Ортақтасып бөлуге

Жүгіңді түскен басыңа-ай.

Досқа түссе қиын іс,

Жан тұра ма ашымай.

Олай деп айта тұрғанмен

Болмас іске болат бол,

Өз-өзіңнен жасымай.

Жаңа білдім қаліңді,-

Ішіңе түскен жалынды.

Алып кеткен төңкеріп

Жез бұйдалы нарыңды.

Жіңішке сұрақтар

Жуан сұрақтар




















Қалыптастырушы бағалау



Сабақтың соңы
5 мин


Кері байланыс: «Екі жұлдыз, бір ұсыныс»

Бір ұсыныс





Сабақ : Менің туған өлкемнің өлеңдері

Мектеп: Қаратаөбе мектеп-гимназиясы


Күні :

Мұғалім: Ескожина С.С


Сынып: 5

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы

Жыршы-жыраулар поэзиясы.

Сабақтың тақырыбы:

Мұстажап Қабдолұлы. Қайыржан Ителгіұлы. Даржан Оңдағанұлы.

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

5.2.2.1 эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтау


Сабақ мақсаты:

Жыршы-жыраулардың толғауларындағы автордың бейнесін, көңіл-күйін, сипатын талдау, ашу.

Ресурстар

С.Абдрахманов «Қаратөбенің ән-күй керуені»

Бағалау критерийлері:

Өлеңдерінің мазмұнын біледі;

Өлеңдеріндегі автордың бейнесін ашады.



Дескриптор

Автор бейнесіне талдайды;

Авторға мінездеме жасайды;




Ойлау дағдыларының деңгейі

анализ және интерпретация:

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар қолдана алады:

Шығарманың тақырыбы мен автор бейнесін ашады;

Пәндік лексика мен терминология: жыршы-жырау, терме, толғау

Диалог пен жазылымға арналған тілдік қолданыстар:

Менің ойымша...

Менің байқауымша...

Ойымды қорытындылай келе...

Құндылықтарды дарыту

Ұлтжандылыққа, адамгершілік асыл қасиеттерге тәрбиелеу

Пәнаралық байланыс

Тарих, әдебиет, қазақ тілі

АКТ қолдану дағдылары

Презентация, слайд

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер



Сабақтың басы

10 мин



-Бұл суреттегі қария кім, балалар?

-ҰОС ардагері Құрманғали Ысқақов атамыз.

-Ұлы Отан соғысына көптеген аталарымыз қатысып, елін-жерін қорғаса, ақын, жыршыларымыз өз толғауларымен үлес қосып, қан майдан жөнінде қалам тербеген. Сол жыршы-жырауларымыздың бір тобы бүгін Мұстажап Қабдолұлы. Қайыржан Ителгіұлы. Даржан Оңдағанұлының өлеңдерімен танысамыз.



Сабақтың ортасы

15

15 мин



Оқылым Топтық жұмыс
«Пирамидалық талқылау»

Тік төртбұрыштың сыртқы бөлігіне топтың әр мүшесі өз жауабын жазады, ал ішкі төртбұрышқа төрт пікірге ортақ түйінді ой жазылады.



І топ

Мұстажап Қабдолұлы

БҚО Қаратөбе ауданы Соналы ауылында 1920 жылы дүниеге келген. Жыршы, ақын. Руы-Ысық, Кедейбас. Артында «Соғысқа кетерде шығарғаны» т.б. шығарамалары қалған.Қайтыс болған жылы белгісіз. Соғыстан оралмаған.



«Соғысқа кетерде шығарғаны»

Жазуға аздап өлең алдым қалам,

Сөзіме жәрдем бергей хақ тағалам.

Көрмедім бұдан бұрын өлең жазып,

Қатесін түзеп оқып оқыр көрген адам.
Қоырқтым осы соғыс басталғасын,

Алдымен өнері бар жасты алғасын.

Өзім де барарымды білім жүрдім,

Екінші үлкен соғыс басталғасын.


Қоштасып кетпек болдық ауылменен,

Туысқан үлкен-кіші бауырменен.

Сол түні ерте тұрып кетпек болдық,

Тоқтадық кешке дейін жауынменен.


Қайғырды мені қимай туған жерім,

Ішінде Соны мен Бөлек көлім.

Қоштасып орта жолға бірге келді-

Қандыөзен, Ақсуат пен Қызыл көлім.


Қош сау бол, мен келгенше, өскен жерім,

Туғанда кіндігімді кескен жерім.

Жас балдар, сіздерге арнап ұран айтам,

Ендігі жау жүрек боп өскен жерім.


Он күнде келіп жеттік біз облысқа,

Келген соң таныс болдық көп орысқа.

Жолдастар Отан үшін жан қиялық,

Құрталық Гитлерді бұл соғыста.


ІІ топ

Қайыржан Ителгіұлы.

Әнші. БҚО , Қаратөбе ауданы, Батпақкөл ауылында, қазіргі Қалдығайты совхозында 1925 жылы дүниеге келген.Руы -Он екі ата Байұлы. Алаша-Шотқара. 1988 жылы қайтыс болған. Артында «Майдан жолында» шығармасы қалған.



Майдан жолында

Сәске түс.Шілде айының аяқ кезі,

Майданға аттануға хабар келді.

Сол бойда бөлімшеге бердім бұйрық,

Тоқтатып жүріп жатқан жаттығуды.
Поезд алға тұлпардай шапқылады,

Зениткамен құзғынды атқылады.

Бір құзғынға зенитка оғы дарып,

Көк түтінге оранып жалындады.


Мұны көріп, жігіттер мерейі өсті,

Бұл жеңістің алды деп гуілдесті.

«Жақсы сөз- жарым ырыс» деген бар ғой,

Бір-бірін құшақтап айтсын десті.


Осындай арпалыспен үш күн жүрдік

Шабуылдың талайынан аман өттік.

Түс ауа үлкен бесін шамасында,

Поездан бір орманға келіп түстік.


ІІІ топ.

Дәржан Оңдағанұлы.

Термеші. БҚО Қаратөбе ауданыСаралжын ауыл советінде 1930 жылы дүниеге келген. Руы-Он екі ата Байұлы, Алаша-Барамық-Есенаман. Жеңістің 55 жылдығына және тәуелсіздігіміздің он жылдығына арналған толғаулары бар.



«Жеңіс толғауы»

Аттанды ел қорғауға бір топ аға,

Елде қалды жылап-сықтап бала-шаға.

«Құлыным, аман орал еліңе» деп,

Мойнына бұршақ салып тілеп ана.
Қоштасып ағалардан жеңге қалды,

Жас-кәрі жарамдысын түгел алды.

Тәртібі Сталиннің қатты болды,

Кемпір-шал, қыз-келіншек тылда қалды.


Сол соғыс басталғанда он бірдемін,

Колхозға еңбек етіп күн көргенмін.

Жер жыртып алты өгізбен, сабан айдап,

Есімнен әлі кетпейдісол жүргенім.


Аталар дорба асынып тұқым шашады,

Күй тартып Төре Жәлел көңіл ашады.

Күрекпен жер тақырлап қырман жасап,

Ат жегіп тас катокпен тары басады.


Төрт-түлік малды бақтық қора табын,

Табады шаруа қарттар малдың бабын.

Төлдетіп бота –құлын, бұзау-қозы,

Өсіріп көбейткенбіз малдың санын.


Бейнеті сол ғасырдың енді келме,

Пендеңе мұқтаждықты бере көрме.

Аштық пен жоқшылықты біздер көрдік,

Молшылық берсін Алла біздің елге.


Қалыптастырушы бағалау

Оқушылар жеке кесте толтырады


Кейіпкер

Өлеңдегі әрекеті

Образы

Оқушыныңөз ойы










Дескриптор:

Жырдағы кейіпкердің әрекетін талдайды.

Кейіпкерге мінездеме береді.

Өзіндік көзқарасын танытады.




Сабақтың соңы
5 мин


Кері байланыс:

3 «Қ»

Маған қиын болды

Маған қызық болды

Маған қажет болды






Сабақтың тақырыбы

М.Мералыұлының өмірбаяны. Шығармашылығы.

Осы сабақ арқылы

жүзеге асатын оқу

мақсаттары

Тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы немесе нақты сұрақтарға жауап беру, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстыру.

Сабақтың мақсаттары

1.М.Мералыұлының өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік алады.

2. Тыңдалған мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.

3. Мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстырады.

Бағалау критерийлері


-Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді және нақты ақпаратты табады.

- Тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап береді.

-Мәтіндегі негізгі және қажетті ақпаратты қамтып, өмірмен байланыстырып айта алады.


Тілдік мақсат

Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Ақбақай, сал Мұхит, домбырашы, әнші, композитор

Құндылықтар

Рухани адамгершілік

Пəнаралық байланыс

Тарих

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Жыршы-жыраулар шығармашылығы туралы біледі



Сабақтың жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут


Сабақтың ортасы

15 минут

Білу Түсіну

15 мин Қолдану

Сабақтың соңы

5 минут


Амандасу.
Оқу мақсаты және бағалау критерийлері хабарланады.

Т.Ж. Тыңдалым алдындағы тапсырма.

Ой қозғау

1.Мына суреттегі бейнені танимыз ба?

2.Ол туралы не білеміз?

«Болжау» әдісі.

Оқушылар әншінің портретін визуалды көру арқылы кім екенін болжап айтады.



Б. Мұғалім мадақтауы.

1-тапсырма

Мәтінді мұқият тыңда, тақырып қой. Мәтіннен негізгі ақпаратты білдіретін мәліметтерді (сөз тіркестері мен сөйлемдерді) анықта.

Мұхит Мералыұлы (Мұханбеткерей) 1841жылы Орал губерниясы, Жымпиты уезі, Жақсыбай болысының, қазіргі Қаратөбе ауданы Саралжын ауылы Ақбақай мекенінде дүниеге келген. Атақты әнші, композитор, ақын. Төре тұқымынан шыққан Мұхит кішкентайынан домбыра ұстайды. Бір естіген әнін өзі салып алатын болады. Ауылға келген жыршы, әнші, домбырашының қасынан қалмайды. Әкесі оның серілік мінезін ұнатпай, билік құруға баулып, ауылнай қылады. Бірақ Мұхит қоржыны мен мөрін бір ауылдасына беріп кетіп, өнер жолына бет бұрады. Ауқатты отбасынан шыққан Мұхиттың туған ағалары Шәңгерей, Сақыпкерей, Жанша, Жүсіптер де домбырашы, әнші әрі скрипкада ойнау өнерін де меңгереді. Мұхиттың ерекше ұстаз тұтқан адамы – Құрманғазының шәкірті, асқан әнші әрі күйші Кетеден шыққан атақты Ешнияз сал. Ешнияз арқылы Мұхит Құрманғазы мен Дәулеткерейдің алдын көреді. Сейтек, Қазанғап, Түркеш, Соқыр Есжан, Мәмен сияқты күйшілермен де араласқан. Мұхит ауылға келген әнші-күйші, ақын-жыраулардың қасында болып, өнер үйренеді. Ел аралап, жәрмеңкелерге қатысып, той-думанның сәні атанады. Ол Ақжайық, Атырау өңірін түгел аралап, Орынбор, Қостанай, Орск, Қазалыға дейін барып, халық мұрасы – әндерін дәріптеп, ел арасына насихаттайды. Мұхиттың атағы елге тегіс тарап, «Әнші Мұхит, Сал Мұхит», «Үш жүзге ән оздырған Мұхит» атанады. Өмірді терең болжай білген Мұхит өнерді бәрінен жоғары қояды. Сондықтан да өзі ақсүйек, атақты Қаратай сұлтанның шөбересі, дәулетті Мералының ұлы бола тұра өмірдің парқын байлықтан іздемей, барша саналы өмірін өнерге бағыштайды. Әнші 15.03.1918жылы қайтыс болады. Сүйегі Ақбақай қорымында жерленген.


Дескриптор:

А.Тыңдалым мәтінінің мазмұнын түсінеді.

В.Негізгі ақпараттарды білдіретін сөз тіркестері мен сөйлемдерді анықтайды.

С.Бұл ақпаратты неге алғанын түсіндіреді.
2-тапсырма. Тыңдалым мәтініне сүйене отырып, төмендегі сұрақтарды пайдаланып көршіңмен диалог құрыңдар.


  1. Неліктен Мұхит билікті емес өнер жолын таңдады?

  2. Әнші қазақтың қандай өнерлі әнші-күйшілерімен араласты?

  3. Әншінің өнердегі ұстазы кім?

Дескриптор:

А.Мәтін мазмұны бойынша нақты сұрақтар қояды.

В. Қойылған сұрақтарға толымды жауап береді.

С. Өз жауабын шынайы өмірмен байланыстырады.

Кері байланыс
«Сөйлемді аяқта»
Мен мынаны білдім...
Маған қызық болғаны...
Маған қиын болғаны...
Мен мынаны жасай алдым...
Мен мынаған таң қалдым...

Үй тапсырмасы: Әншінің өлеңдері туралы мәлімет іздеу

Әнші портреті



Аудиожазба




Сабақ тақырыбы:

«Зәуреш» өлеңі

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазу.



Сабақтың

мақсаттары

Оқушылардың барлығы орындай алады: Әннің шығу тарихы мен мазмұнынан алған әсерін сипаттайды.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Әннің шығу тарихы мен мазмұнынан алған әсерін сипаттайды, өзіндік пікірін білдіреді.

Оқушылардың кейбіреуі орындай алады: Әннің шығу тарихы мен мазмұнына өз ойын үндестіріп авторға хат, өлең жаза алады.

Бағалау критерийі

  1. Өлеңнен алған әсерінен өзіндік ой қорытады.

  2. Өлеңнен алған әсері мен пікірін жазбаша жеткізеді

Тілдік

мақсат

Оқушылар орындай алады

Өлеңнен алған әсерін сипаттайды, авторға хат, өлең жазады.



Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Медет, отыз ұлы, ауру – апат.

Құндылықтарды

игерту

Рухани адамгершілік

Пәнаралық байланыс

Тарих

Алдыңғы білім

М.Мералыұлының өмірі туралы біледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Уақыты

Сабақтағы жоспарланған жаттығу


Ресурс

Сабақтың басы

10 мин

Білу, түсіну



Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу. «Зәуреш» әнін тыңдату. Ән сазы мен мазмұнынан алған әсерлерін сұрау


Интербелсенді тақта



Сабақтың ортасы

10 мин
Қолдану

5 мин


Талдау

10 мин


Жинақтау


1- тапсырма

Әннің шығу тарихымен танысыңдар. Сұрақтарды негізге ала отырып, ән мазмұнынан алған әсерлеріңізбен бөлісіңіздер

  1. Ән мазмұны қандай оқиғаға байланысты шыққан?

  2. Әнді Мұхит кімге арнаған?

  3. Ата-ананың перзентіне деген сезімі әнде қалай көрініс тапқан?

  4. Зәурештің қазасына кейін әкесінің өмірі қандай болуы мүмкін?


Мұхиттың жүрегінен жарып шыққан күйінішті шығармасының бірі -“Зәуреш әні. Қайғылы көңілдің зарын, жоқтауын баян ететін бұл әннің әуені аса терең, үні мұңды. “…Медеттің үш әйелінен отыз ұл, бір қыз болады. Елге келген ауру – апаттан Медеттің отыз ұлы бірдей қайтыс болып, жалғыз Зәуре деген қызы қалады. Медет Орынборға жолаушылап кетіп, қайтып келгенінде, Зәуре де дүниеден өтеді. Тек шошайып моласы ғана қалады. Медет моланы құшақтап күңіренеді. Міне, осы трагедия Мұхитты қатты қобалжытады. Ол домбырасын алып, “Медет айтыпты” деген сөздерге ән шығарады. Әннің аты халық арасында “Зәуреш” болып тарайды. Мұхитты толқытып, оның шығарған әні осы күнге дейін тыңдаған адамның сай сүйегін сырқыратады.

Зәуреш еліне дәріпті Медет есімді кісінің қызы екен дейді аңызға айналған дерек. Обадан опат болған отыз ұлдан соңғы жалғыз тұяқ. Әкенің бар үміті, бар жұбанышы – Зәуреш-ті, өмірімнің шырағы болар деген. Тағдыр оны көп көреді. Ажал тырнағына ілінеді. Саулы інгендей боздап келіп, суық қабірді құшақтап айтқан Медеттің сондағы сөздерін Мұхит кейін өлеңге айналдырып, зар – әнге қосқан дейді. Сөздері қамырықты. Эмоциялық бояуы өте күшті.

Ән терең психологиялық тебіреніске құрылған. Бейжай қалдырмайды.Өлең шумақтарында қаралы жанның көрініс тапқан ішкі сезімі тыңдаушы жүрегінен орын алып, оның қоғамдық санаға айналуының бір сыры мелодиясына тығыз байланысты-тын. Эстетикалық танымы да, мәні де осында жатыр.
2-тапсырма

«Үш сөйлем» әдісі

«Зәуреш» әнінің негізгі мазмұны мен идеясын үш сөйлеммен тұжырымдап, мақал-мәтелдермен түйінде.

Бағалау критерийі:

-Әнің негізгі мазмұны мен идеясын түсінеді.

-Ойын тұжырымдап, түйіндей алады.

Дескриптор:

-Әннің идеясын ашады.

-Идеяға сәйкес мақал-мәтелдер алады.


3-тапсырма

« РАФТ» әдісі бойынша оқушылар жеке жұмыстанып, авторға немесе ән кейіпкеріне хат, өлең жазады.
Рөл

Аудитория

Форма

Тақырып
Бағалау критерийі:

  1. Әннен алған әсерінен өзіндік ой қорытады.

2. Әннің шығу тарихы мен мазмұнынан алған әсері мен пікірін жазбаша жеткізеді

Дескриптор:

1.Ән мазмұнынан, тарихынан ерекше әсер еткен үзіндіні анықтайды.

2.Үзіндіден алған әсерімен бөлісіп хат немесе өлең жазады.



Ән мәтіні




Сабақтың соңы


5 мин


Кері байланыс

«5 5 1» әдісі

Оқушылар сабақ кезінде нені меңгергендері жайлы 5 сөйлем жазады. Одан кейін сол 5 сөйлемді 5 сөзге дейін қысқартады. Соңында 5 сөзді 1 сөзге қысқартады. Оқушылар өздерінің түйінді сөзін бүкіл сыныппен бөліседі.






Сабақ : Менің туған өлкемнің өлеңдері

Мектеп: Қаратаөбе мектеп-гимназиясы


Күні :

Мұғалім: Ескожина С.С


Сынып: 5

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы

ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы

Қаратөбе өлкесіндегі әдебиет өкілдері



Сабақтың тақырыбы:

Қаратөбе съезінің ескерткіш тақтасына экскурсия сабағы

Сабақ мақсаты:

Оқушыларға «Алаш» съезінің ескерткішін көрсету арқылы өлкенің тарихы, әдебиет өкілдері туралы кеңірек мағлұмат беру. Өлкесін, туған жерін сүюге, құрметтеуге баулу. Ауызекі сөйлеу, әңгімелеу дағдыларын дамыту,

Ресурстар

Қаратөбе ауданы. Тарихи танымдық-анықтамалық. Ағартушы 2013

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар қолдана алады:

Өлеңнен үзінділерді мәнерлеп жатқа айтады;

Пәндік лексика мен терминология: жыршы-жырау, терме, толғау, съезд, ескерткіш тақта

Диалог пен жазылымға арналған тілдік қолданыстар:

Менің пікірімше..

Бұл мәселе бойынша мен өз ойымды білдірсем деп едім...

Ойымды қорытындылай келе...

Толықтай алғанда

Қорытындысында


Құндылықтарды дарыту

Ұлтжандылыққа, адамгершілік асыл қасиеттерге тәрбиелеу

Пәнаралық байланыс

Тарих, әдебиет, қазақ тілі, география

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер



Сабақтың басы

10 мин

-Экскурсия барысында қандай мәліметтер алғыларыңыз келеді?

-«Алаш» ескерткішіне қандай мақсатпен барғалы отырмыз?


Сабақтың ортасы

15

15 мин


Экскурсия барысы

Мұғалімнің Ертай Бимұхановтың « Қаратөбе өңірі » газетіне шыққан мақаласымен таныстырады:

1918 жылдың 18 ақпанында өткен съезд қыстың қары мол, әрі ақпандатқан суық мезгіліне тап келді. Қаратөбе өлкесіне алыстан ат арытып әбзелденген ат шана көлігімен, пар ат жеккен көшелермен зиялы қауым өкілдері табан тіреді. Шақырылғандардың ішінде Ойыл, Гурьев, Орал, Жымпиты, Тайпақ өңірінің өкілдері және «Алаш» партиясының басшы-қосшылары болды.

Съездің Қаратөбе өлкесіне таңдау түсуіне сол кездегі беделі үстем жерлесіміз Бижан Жанқадамов пен Сенғали Дәуешевтердің пікір-ұсыныстары әсер еткенге ұқсайды.

Съезд алды алаш қайраткерлері ақылдаса келгенде жерлесіміз Бижан Жанқадамов: «Біздің ел қонақжай, әрі тыныш өлке, мәселені егжей-тегжейлі шешу мүмкіндігі туады» - деп нүкте қойыпты.

«Қаратөбе съезіне» қатысушы делегаттар құрамына Жаћанша Досмұхамедов (заңгер), Халел Досмұхамедов (дәрігер), Аспандияр Кенжин (мұғалім), Есенғали Қосболатов (дәрігер), Х.Мерғалиев, Сәлімгерей Қаратілеуов (агроном), Молдағали Жолдыбаев (мұғалім), Иса Қашқынбаев (дәрігер), Нұрғали Ипағанбетов (дәрігер), Құбайдолла Әлібеков (мұғалім), Хангереев, Нығметжан Мұханбетжанов, Кәрім Жәленов (ауыл шаруашылығы маманы), Жымпиты өңірінен қазірет Қуанай Қосдәулетов, болыс Салық Омаров және қаратөбелік делегаттар Төлеген Иманғазиев (мұғалім), Қуанышәлі Тінәшұлы, Есқали Балтаұлы және Мәкәр Токешевтер (Сабынкөл болысының старшыны) енген.

Алаш армиясын (милициясын) жасақтау Алашорданың батыс бөлімшесінде қарқынды жүргені соншалық, Қаратөбе съезіне Сырым Датұлының шөбересі Салық Омарұлы өз табынынан 200 бас мініс жылқы бөліп берген.

Съезд өткен орын - татар мешіті үйі. Мешіт 1910 жылы Шәкір татар ағайынның бастауымен салынған екен.

Заманының уақытысында тас дуалмен түгелдей қоршалған төрт бөлек биік үйі бар, үш-төрт қатар көшесі бар ауыл жұртшылық арасында «Қаратөбе қаласы» деген атқа ие.

Мешіт   үйі        шақырылғандармен лық толып, ауыл-аймақтан келген ағайын аула сыртымен сыртқы терезе алдында тұрыпты. Келген қонақтарды татар ағайындар пошта бастығы Сәттіғали Құтқожин 1916-1919 жылдары Қаратөбеде тұрған, Тайпақ өңірінің азаматы (ғалым Рабиға Сыздықованың әкесі) және Сабынкөл болысының старшыны екі киіз үй тігіп, қарсылап алыпты дегенді күні бүгінге дейін көнекөз қариялар әңгімелеп келді.

Қаратөбе съезінде Жаһанша Досмұхамедов: «Халқым, бауырларым, ғасырлар бойы ата-бабаларымыздың, ел қамы үшін етігімен су кешкен асылдарымыздың аңсаған азаттығы, көксеген еркіндігі үшін шешуші аттанысқа шыққалы тұрмыз», – деген сөздермен бастап ашып, ағымдағы саяси ахуалды баян етті. Екінші Жалпықазақ съезінің тарихи шешімдері мен оны жүзеге асыруда кездескен тығырықтар жайын айтып, сол орайда күн тәртібіне шығарылған негізгі мәселелерді атады. Орынбор съезі шешімдерінің ауқымында аймақтық үкімет құрудың, халық әскерін жасақтаудың, дербес басқару құрылымының қызметін жүргізу үшін елден салық түрінде қаржы жинаудың маңызы жөнінде тебірене де толқи сөйлеген Жанша:

- Россия аласапыран заманға кез болды. Үлкен толқынға ұшырады. Россияға үлкен пәле жабысты, жікке бөлініп, өзді-өзі соғысып, бірінің қанын бірі судай төгіп жатыр. Біреуге мал қайғы, біреуге жан қайғы дегендей кер заманға кез болдық. Кезінде, уақытысында іс қылмасақ Россияның пәлесі бізді де қосақ арасында іліп әкетуі. Сүттен ақ ел болайық, жұрт болайық деп бұл съезді жасап отырмыз. Съезге келіп отырған «Алаштың инабатты адамдары - сіздер. Ұлттың шамшырағы тәрізді қазіреттер араларыңызда, ел ағасы ақсақалдар араларыңызда, жігіт ағасы азаматтар араларыңызда. Бәріңіз де «Алаштың» алдыңғы қатардағы адамдарысыздар. Бауырлар! Мұндай уақытта талас-тартыс дегенді қоялық. Алалық-құлалықты жоялық. Түнеугі күні Орынборда «жалпы қазақ» съезінде ел үшін, жұрт үшін «Алашорда» үкіметіне бізді сайлады. «Алаш» партиясын жасады. «Алаш» баласын ала-құлаға бөлмейміз деп ант қылдық. Кімде-кім ұлтын сүйсе, ала-құлаға бөлмейді. «Алаш баласымын» деген азамат мұны есінен тастамауы керек.

Міне, біз «Алаш» баласын алаламаймыз. «Алаштың» баласын тегіс бірдей сүйеміз. «Алаш» баласы неге болса да бірдей ортақ. Нені болса да бірдей көреді. Алашқа келген қандай жүк болса да, бай демей, кедей демей - бәрі бірдей көтереді...

Ескерткіш тақта Ақтөбе қаласында арнайы тапсырыс бойынша жасалынды. Гранит тастан дайындалған ескерткіш-тақтаның биіктігі 2,5 метрден асады. Аудан орталығындағы ескерткіш тақта орнатылған орын темір торлармен қоршалып, көше орындықтары қойылып, ішіне қиыршық  тастар төселінді. Қаладан шырша әкелініп отырғызылды.

Ұлт теңдігін жалау етіп, ел азаттығын орнатуда ерен ерлік көрсеткен Алаш қайраткерлерінің есімін ұлықтау ұрпақ парызы боп қала бермек. 


Сабақтың соңы
5 мин


Кері байланыс:

«Бес саусақ» әдісі

Бас бармақ - басты мәселе. Бүгінгі экскурсия сабағында ең құнды мәселе қандай болды?

Балалы үйрек - бірлесу. Мен экскурсия барысында қалай жұмыс жасадым?

Ортан терек - ойлану. Мен бүгін нені үйрендім?

Шылдыр шүмек - шынайылық. Экскурсия сабағы маған ұнады ма? Неліктен?

Кішкентай бөбек-көңіл күйі ахуалы. Мен экускурсия сабағында өзімді қалай сезіндім?



Сабақ : Менің туған өлкемнің өлеңдері

Мектеп: Қаратаөбе мектеп-гимназиясы


Күні :

Мұғалім: Ескожина С.С


Сынып: 5

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы

ХХ ғасырдың І жартысындағы өлке әдебиетінің дамуына үлес қосқан өкілдердің шығармашылығы

Сабақтың тақырыбы:

Қажым Жұмалиев өмір жолы, шығармашылығы.

Алғашқы өлеңі “Батырақ Ғалиасқар” шығармасы



Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

5.1.2.1 әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау

Сабақ мақсаты:

Ақынның өмір жолы,шығармашылығы туралы мәліметпен таныстыру, алғашқы туындысының тақырыбымен танысу, идеясын анықтау

Ресурстар

Қаратөбе ауданы. Тарихи танымдық-анықтамалық. Ағартушы

https://qazaqadebieti.kz/13658/aza-ty-azhymy



Бағалау критерийлері:

Өмірдерегі туралы біледі;

Шығармашылығы туралы біледі;

Өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашады.


Дескриптор

Өлеңінің мазмұнын біледі

Тақырыбы мен идеясын анықтайды




Ойлау дағдыларының деңгейі

түсіну және жауап беру

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар қолдана алады:

Шығарманың тақырыбы мен идеясын ашады;

Пәндік лексика мен терминология: идея, тақырып

Диалог пен жазылымға арналған тілдік қолданыстар:

Менің ойымша...

Менің байқауымша...

Ойымды қорытындылай келе...

Құндылықтарды дарыту

Ұлтжандылыққа, адамгершілік асыл қасиеттерге тәрбиелеу

Пәнаралық байланыс

Тарих, әдебиет, қазақ тілі

АКТ қолдану дағдылары

Презентация, слайд

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер



Сабақтың басы

10 мин

Қ.Жұмалиев портреті және бағалы пікір арқылы

Оқушылардың қызығушылыңын ояту

Белгілі ақын, сатирик, сазгер Қажытай Ілиясұлы:

«Қажымды білу-бүкіл әдебиетті білу»




Сабақтың ортасы

15

15 мин



Оқылым.

Үштік жұмыс. ДЖИГСО әдісі

І үштік

Қазақтың Қажымы

«Азан шақырып, қазанның құ­лағын қағып қойған Қажығали атым аталмай, Қарабала деп атанушы едім», – дейді ғалым. 1919 жылы шешесі Жауқазын Мырза­кел­діқы­зынан кейін әкесі Жұмалы Қазиұлы да қайтыс болып, ағаларының қо­лын­да тәрбиеленеді. Әкесі қайтыс бо­ларының алдында Қажымды шақырып алып: «Менің татар дәмім тау­сылған сияқты, балам. Мен өл­ген­де көзіңе жас алып, жылаушы бол­ма, сөйтсең көрде тыныш жата ал­­м­аспын», – деген мазмұнда өсиет айт­қан екен. Бұл қабырғасы қат­паған, бұғанасы бекімеген баласы­ның келешек тағдырына алаңдаған әкенің қолынан келген айла-шар­ғы­сы іспетті. Әке өсиетін қапысыз орын­даған 12 жастағы бала әке қа­бірінің басында тұнжырап отырып алғаны болмаса, көзіне жас алмапты.

ІІ үштік
Қаршадайынан небір өлең-жыр мен қисса, дастандарды жаттап өс­кен болашақ ғалым 16 жасқа келген­ше әуелі ауыл молдасынан, сосын орыс-қазақ мектебінен хат таниды. Екі тілді де, араб пен кирилица жазуын да еркін меңгергендіктен, кө­кейін оқу тескен Қ.Жұмалиев 1923 жылы ағаларына айтпай, 300 ша­қырым жердегі Орынбор қала­сына жаяу тартады. Жол азабын тар­та жүріп, әсіресе жаяу көп жүр­ген­діктен, аяғына кигені жыртылып, әбден қаратабанға айналғанда ол Қазақстан астанасы Орынборға жетеді. Өзі сияқты жерлестерін та­уып алып, қара жұмыстың қанда­йын бол­сын атқара жүріп, қолайлы оқу ор­нын іздейді. Бірақ таудай талабы жан­бай жатып, сөнеді.

ІІІ үштік

Өйткені, сол тұста жаңадан ашылып жатқан «Ере­­сектер мектебіне» жолдама алу­ға келгенде, жалаңаяғы күс-күс, балағы жырым-жырым ұсқынсыз баланың бойындағы жалғыз іліп алар киімі «аталық бөркін» (өз сөзі) басына оқшырай­тып киіп алып, ешнәрседен тайсалмай «күніне ке­ліп, мектептің қашан ашылатынын» сұрай бергеніне жыны келген Ха­лық комитетінің бастығы: «Сен оқуға алынбайсың», – дейді. Қа­бі­лет-қарымы өзгелерден оқ бойы озық екеніне кәміл сенген бала: «Не­ге алынбаймын? Мен кім­нің әке­­сін өлтіріппін? – деп салады. Бұл сөзге қатты ызаланған бастық: «Мен тірі тұрғанда, сен оқуға алын­байсың», – деп қайталағанда: «Жоқ аласың. Мен не оқуға кіремін немесе Нарком­простың тап табалды­ры­ғында өлемін», – деп серт етеді.

ІV үштік

Тауы шағылса да, алған бетінен қайт­паған қайсар бала мектептің ашылуынан күдер үзіп, ауылға қайт­қан жерлестеріне ілеспей, Орын­борда қалып қояды. Мектеп ашыл­ғанмен, Қ.Жұмалиевтің қа­сындағы оқуды тосып қалған Бе­ріш­тің екі баласы қабылданып, Қа­жым иесіз қоста жалғыз қалады. Ба­рар жер, басар тауы жоқ, ауылдан қа­шып кеткен Қажым өмірден кү­дер үзіп, әке қазасынан кейін екінші рет көзіне лықсып келген жасын тия алмай, жар басында жападан-жалғыз құлазып отырғанда, ойда-жоқ­та кездескен Хамит Жәнібеков де­ген ересек студент С.Меңдешевке бару туралы оған ақыл береді. Сөй­тіп сол тұстағы өкімет басшысы Сейтқали Меңдешевтің көмегімен «Сені оқуға қабылдатқызбаймын» деген Есқали Шоқановтың өзі Қажымның алдында құрақ ұшып, «Ересектер мектебіне» өзі жетектеп әкеп, орналастырады.

ІV үштік

Ол кезде Кеңес өкіметі тегін оқытумен қоса мек­тептерде тегін тамақтандырып, киіндіретін. Қол жетпестей көрінген арманына бір күнде аяқ басқан Қ.Жұмалиев «Ересектер мектебін» ойдағыдай тәмәмдағаннан кейін Шымкеттегі ауыл шаруашылығы техникумына түседі. Осы оқу орны­ның жоғарғы курсында жүргенде, 1928 жылы «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетіне «Батырақ Ға­лиасқар» деген тырнақалды өлеңі басылса, 1929 жылы «Егізбай мен Ерқожа» деген поэмасы «Жаңа әде­биет» (қазіргі «Жұлдыз») журналына жарияланады. Осы шығарма­ла­рының арқасында 1929 жылы түскен қа­зіргі Абай атындағы ҰПУ-нің жа­ратылыстану факультетінен оны университет ректоры С.Асфендияров әдебиет факультетіне ауыстырады. 100 оқушының 30-ы ғана ілік­кен жаратылыстану факуль­те­ті­нен өзі жан-тәнімен жақсы көретін әдебиет саласына біржола бет бұруы­на осылайша жол ашылады.

Руда Зайкенова,


Қазақ Мемлекеттік Қыздар педагогикалық
университетінің професоры,
филология ғылымының докторы. https://qazaqadebieti.kz/13658/aza-ty-azhymy
Оқылымнан кейінгі тапсырма

«Үш қадамдық сұхбат» әдісі арқылы

оқушылар төмендегі сұрақтарды талқылайды.


-Қ.Жұмалиев өмірдерегінің бір үзік сырынан нені байқадыңыздар?

-Ақын өлеңінің мазмұны не туралы?



-Қажым Жұмалиев осы өлеңі арқылы не айтқысы келді?


Сабақтың соңы
5 мин


Кері байланыс:

ҚБ. «Театрдағы әрекет» әдісі





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет