Сабақ жоспарлары үлгілері (іс-тәжірибеден) Құрастырушы: Ермекбаева Кенже Мукангалиевна



бет2/2
Дата13.02.2017
өлшемі0,72 Mb.
#9405
1   2

Үлп-үлп еткен кимді,

Көрдндер ме тиінді.

Көзі өткір жұлдыздай,

Жүні жібек құндыздай.

Самыр сынды жайлайды,

Қуыстан үйшік сайлайды.

Жемістерді қағады,

Жанғақты да шағады.

Көк майсаға аунайды,

Тлкіден бір аумайды./Өтебай Тұрманжанов/



7.Ал мына аңмен балалар сіздер таныссыздар,бұл біздің жылымыздың басы-тышқан.Тышқандар дән жинап,қысқа азық дайЫндаЙды.

8.Анаған қарандар балалар қандай әдемі аң.Бұл не екен?.Ол-ақкіс.Ақкіс тышқан аулап жүр.Қысқа азық жинамайтыны ғой.

9.Ал мынау не балалар,секіріп,жорытып келе жатқан? Әрине бүл қоян.Қоян: Мен азық жинамаймын,Әзірге мен жейтін шөп бар.Қыста бірдене қылармын дейді.

Ал балалар біраз аңдармен таныстық,енді шамалап демалайық.



2-ші аялдама.Сергіту сәті.Алдымызда талдардан,

Жылтыңдаиды қу түлкі.

Біз түлкіні алдаймыз,

Жүгіре басып қалмаймыз.

Балалар,сергіту сәтінде біз қандай аң туралы айттық?

Дұрыс, балалар түлкі туралы.Түлкіде аңдарға жатады.

Ол жыртқыш аң.Оның түсі қызғылт-сары.Ол түрлі құстармен,қоянмен,кірпімен қоректенеді.



3-ші аялдама.Оқулықпен жұмыс.

Мәтінді оқып,мағынасын түсіндіру.Сұрақтар арқылы талдап кету.



4-ші аялдама.Саршұнақтың зияны туралы мәлімет беру.

Оқулықтың ішінен саршұнақтың сөздерін тауып оқыту.



5-ші аялдама.Аңдардың түлеуі туралы әңгімеле

6-ші аялдама.Алтыншы аялдамада Жұмбақбай атамыз бізге жұмбақ дайындап отыр екен.

Жұмбақ шешу.

7-ші аялдама.Рефлексия.

А) Синквейн (бес жолды)

ә) Венн диаграммасы.

Б) Сйкестендіру тестін орындау.

В)Топтастыру стратегиясы.

Үйге тапсырмаға. «Аңдардың күзгі тіршілігі.»

Бағалау.

Тақырыбы:Оқушының шығармашылық қабілетін шыңдау.

Бүгінгі Қазақстанға қалыптан тыс ойлай алатын,шұғыл шешімдер қабылдай білетін белсенді шығармашыл адамдар қажет.Сондықтан сабақтарда тек білімділік мақсаттарын шешіп тұрып балалардың жеке тұлға ретіндегі қасиеттері,қабілеттерін жолдарын қарастырубүгінгі күннің ең маңызды талабы.

Шығармашылықбаланың ойлау мүмкіндігінің ең жоғарғы деңгейіне жету керек.Уақыт өткен сайын ол деңгей биіктей беретіндей болуы қажет.Осындай ой қызметінің тынымсыздығы бала дамуына үлкен әсер береді.Жеке тұлға тетіндегі жас ұрпақтың,төменгі буындағы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін ең алдымен олардың сөйлесу тілі мен дүниетанымын дамыту керек.Мұның негізгі-халықымыздың даналықпен айтқан шешен сөздерінде жатыр.Шешендік сөздер өткен өмірден сыр шертіп,тарихпентаныстырып,сөз зергеллерінің өрнекті де өткір тілін үйретеді.Балалардың оқуға ,өнерге,парасаттылыққа және сөз құдіретін қадірлей білуге үйретеді.Шешендік сөздер тілдің барлық қасиетін бойына сіңіріп оның құпиясын меңгеруге үйретеді.

Тілі дамығанбала-ойы да дамыған,жақсы мен жаманды айыратын,әділеттік пен әділетсіздікті тани алатын сөйлеу мәдиенеті дамыған азамат болып шығары сөзсіз.Бастауыш сынып оқушыларының ой шапшандығын арттыратын жұмыстардың бірі өлең құрастұру.Бұл сыныпты 2 сыныптан бастап жүргізе беруге болады.Ең алғаш ұйқас деген сөздердің мағынасын түсіндіріп,оқыған өлеңдегі ұйқастарды тауып ,қалай жазылып тұрғанын талдаудың мәні зор.

Мұғалім қандай дыбыс атаса оқушы сол дыбысы бар сөзді атау керек.Яғни сөз соңында сол дыбыс болуы керек.

Мысалы: а - а...

бала


шана,алма,сана т.б

у – у – у

су

у – у – у



мөп-мөлдір

2.Буындар арқылы:

Мұғалім –ға – ға –ға

Оқушы:-балаға

-кім керек балаға

-Ана керек балаға

Немесе –ға-ға –ға

Ана қымбат балаға.

3.Оқушылардың өлең құрастұруына дайын ұйқастар береді, не ақындардың өлеңдерінің соңғы ұйқастарын алып тастап,осылардың орнына сөз қоютапсырылады.Мысалы:

Шаң, тозаң, лас

Болмасын...класс

Сондай-ақ схема ,сызықтар арқылы

...-тардым

...-қарадым

...-барамын

...-бағамын

Бұл жұмыстарды сурет арқылы да жүргізуге болады.Тақтаға ертегі кейіпкерлерінің суреттерін іліп қойып,оларға тән іс-қимылдарды ұйқас таптыруға болады.

-Арыстан не істейді

-Әтеш не істейді

-Арыстан ақырады

-Әтеш шақырады

Ал 2-сыныпта оқушылар өлең құрастұруға үйреніп қалғандықтан, 3-сыныпқа келгенде белгілі бір мәтінге, сабаққа байланысты Күз, Жақсы деген немесе жаман деген немене тақырыптарға өлеңдер құрастырылады.

Туған тілім өркенде,

Бола бер,күшті көркем де

Атты тәрбие сағатында сұрақ – жауап түрінде өлең құрастырылады.

-Балалар, бүгін тәрбие не туралы айттық

-Тіліміз туралы,олай болса өлең құрастырайық.

...-тілім

Соңғы сөзге ұйқас табайық.

...-білім

Олай болса екі жолды толықтырайық.

Осы тәсілмен

...-тілім

...-білім

Мақтанышым-туған тілім

Үйренеміз өнер-білім.

Деген өлеңшықты.

Бастауыш сыныптардың онкүндігіне байланысты өткізілген

Бір өлеңін жатқа оқы Абайдың

Сол болады еліңе еткен құрметің өлең сайысыны қорытынды сәтіде

...-жатталық

...-жатпалық

...-апталық

...-сақталық, деген ұйқастар шығарды.Нәтижесінде екі жолы былай құрастырылды

Өтіп жатыр апталық

Абайдың өлеңін жатталық.

Қалған екі жолын үйден құрастыруға тапсырылды. Осы негізде өлеңдер құрастыру-оқушылардың қызығушылығын арттырып, ақыл-ой қабілеттерінің дамуына әсер етері сөзсіз.


Тақырыбы: Адам және табиғат
Мақсаты: а) балаларлың табиғат туралы түсінігін анықтау,табиғаттың адам өмірі үшін қажеттінің бәрін беретінін, сондықтан табиғатты сүю оны қорғау керектігін өздері бақылай отырып,қорытынды шығару.

ә) адамның жақсы,жаман, білімді,тәртіпті,ақылды болып кездесетіні, өз пікірлерін,шешімін қабылджауына,салыстыруға үйрету.

б)жеке,топпен,жұппен қалай,қайтіп жұмыс істейтіндерін зерттеп бақылау

Сабақтың түрлері: тренинг сабақ

Сабақтың әдісі: топтпау,жұптық.көрнекілік,пікірталас

Техникалық құрал: магнитафон,таспа

Көрнекіліктер: табиғат суреті,қиықшалар,өлең

Сабақтың барысы

Iұйымдастыру кезені

Сәлемдесу

Топтпрға бөлу

Оқушыларға ақ парақ қағазы таратылып жұмыс барысында,қажет болған кезде пайдаланатындарын ескерту.

II жаңа сабақ

Бүгінгі сабағымыз тренинг түрінде өтеді.Тренинг сабақтың мақсаты сендерді

Ұйымшылдыққа топтасып жұмыс істеуге баулып,ойларыңды ашық айтуға дағыдыландыру.Алдымен ережесі мен танысайық.

1 тыныштық сақтау

2Бір –бірін тындау

3 қол соғу

4 Ойын ашық айту

Тақтадағы суреттен жылдың қай мезгілін көріп турмыз?

-Жаз мезгілі

О:-Ол адам қолымен жасалады

М:- Адам дегеніміз кім?

О:- Ол тірі табиғат,қозғалады,сөйлейді,еңбек етеді.

М:-жануарлар,құстарда осындай әркекр жасайдығ,олардың айырмашылығы қандай?

О;-Адам оқып білім алады,миымен ойлайды.Адам 2 аяақт,жануар 4 аяақты.құс ұшады,адам өздігінен ұша алмайды

М;-жаңа адам білім алады дедіңдер,білімді қайдан алуға болады?

М-К-И-У.т.б

Ж;-Ұстаз,дәрігер,ғарышкер,шахтёр.т.б

6:жұптық жұмыс

Кім не істеді?

Екі бөлінген кеспе қағазды таратып,жұптарын тауып,берілген сойлемді дауыстап оқу керек екенін ескерту

7:салыстыру жұмысы

Тақтаға жақсы және жаман баланы бейнелитін сюжетті суреттер ілінеді.

Әр сурет сурет жайлы балалар өз пікірін ортаға салады.

М:-жаман адам қайдан пайда болады?

Ж:-оқымаған,тәртіпсіз,ата-анасын,мұғалімдерді тындамаған жалқау,еріншек балалардан шығады.

М:-олар не бүдіруі мүкін.

Ж:-олар ұрлық жасайды,жазықсыз адам ренжітеді

М:-ондай адам табиғатты жақсы көруі мүмкін бе?

Ж:- жоқ,оладыештеңе қызықтырмайды.

М;-олай болса,осы сөзімізге дәлел мына бір табиғаттан келген хатты оқыйық.

Құтметті сынып оқушылары

Белгісіз топ орман қарағайларын кесіп ұрлаған,қылмыс белгілері қалған. Орман тұрғындары қобалжуда,сіздерді орманымызды қорғауға шақырамыз.

1Шғымды талджау

2 Жауап хат жазу

-Оны қайдан байқадындар?

-Ашық аспан мен жердегі шөптердің жасыл екендігінен.

-Аспан мен жерді не деп атаймыз?

-Табиғат

-Ендеше,балалар,менің жұмысыма сендер көмектеседі деген үміттемін.

М:-Жазда барып өзен жағасына бөгелдім.кім айтады,мен ол жерде не көрдім

Ж:-Тау,өзен,ағаш,құс,гүл(айтқан сөздеріне байланысты плпкатқа суркттерді жабыстыру)

М:- жазда тауға өрмелеп,

Шаршап талай бөгелдім

Жан-жағыма мен кент,

Қарап едім не көрдім?

Ж:күн,бұлт,жануарлар,тас(тағы да жабыстыру)

М; -Табиғаттың қай түрін көріп отырсындар?

-Тірі табиғат,өлі табиғат.

3 Доппен жұмыс Допты әр балаға лақтырып,тірі табиғат десем тіріні,өлі табиғат десем өліні атау керек

М;Тірі табиғатпен өлі табиғатты салыстыра отырып венн диограмасын толтырамыз

I топ Тірі табиғатқа тән қасиеттер

II топ Өлі табиғатқа тән қасиеттер

III топ Тірі мен өлі табиғат ұқсастығы

4 Тест жұмысы

Тамсырманың орындалу тәртібі

1 Қажет сөждерді сызықпен белгілеуді ескерту

2Топ ішінін біреуі жауап беру

3 Топ жұмысына сәтті орындалғанын айтып қателескен жері болса басқа топпен ақылдасуын қалыптастыру.

III Қорытынды

-Балалар,өлі табиғаттан адамға су,баспана қажет.Баспанада өлі табиғат қой.

-жоқ,ол табиғат емес

М:- неге табиғат емес

О:-ол зат

М:- оның зат екенін қайдан білдіндер



Сабақтың тақырыбы : Ғарыш туралы түсінік .
Адамның ғарышты зерттеуі .

Сабақтың мақсаты : Күн жүйесі , оның ғаламшарлары , ғарыштық

денелер туралы түсініктерін қалыптастыру .



Сабақтың міндеттері :

1. Оқушыларды ғарыш әлемін зерттейтін ғылым -

астрономиямен таныстыру.

2. Танымдық қызығушылықтарын , бақылау білу , талдау, қорытынды жасай

білу дағдыларын дамыту .

3. Ғарыштық әлемге қызығушылықтарын ояту.



Көрнекілігі: Күн жүйесі салынған сурет, сызба, слайд.
Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру бөлімі.

- Оқушылар назарын сабаққа аудару



2.Үй тапсырмасын тексеру.

Шөл және дала өсімдіктері мен жануарлары тарауын аяқтағалы отырмыз сондықтан сол өткен тақырыптарды қорытындылап тест тапсырмаларын аламын.Тест тапсырмаларын орындау білеміз.

Тест.

1.Суы аз топырағы құрғақ,өсімдіктер сирек өсетін жер қалай аталады.?



А)дала Ә)шөл Б)орман

2.Далада қандай жануарлар тіршілік етеді?

А) кірпі, аю ,тиін Ә)Ақбөкен,киік,қасқыр,қоян,борсық Б)саршұнақ

3.Шалғын өсімдіктерін көрсет.

А)беде,әсел,гүлкекіре Ә)көкнәр Б)боз

4. Мал шаруашылығынан алынатын өнімдерді ата?

А)Сүт,жүн,тері,май,айран Ә)ағаш,ет Б)кілем,мұнай

5.Жануарларға ағаштар мен бұталардың арасында тіршілік етуге

не әсер етеді?

А) адамның қамқорлығы Ә) табиғи қулығы Б) өң

беруі

3.Жаңа тақырыпты меңгеру.

Кіріспе әңгіме.

- Астрономия деген сөзді естідіңдер ме?(Астрономия)

- Түсіндірме сөздікте былай түсінік беріпті :

Астрономия - ғарыштық

денелерді зерттейтін ғылым . Астроном - астрономия маманы .

Алғашқы

астрономдарды жұлдыз санағыштар деп атаған .



4. Оқулықпен жұмыс .

- Астрономдар : « Жұлдызды аспан - табиғаттың ұлы кітабы .

Оны Оқи алған адам, бізді қоршаған ғарыштың есепсіз

байлығының сырын ашады»

дейді . Өз пікірлеріңді « Менің ойымша ...» деген сөзбен бастап,

ойларыңды , аспан әлемі туралы естігендеріңді баяндаңдар.

Бүгінгі біздің өтетін жаңа сабағымыз « Ғарыш туралы

түсінік.Адамның ғарышты зерттеуі»деп аталады.Бүгінгі сабағымыз

ғарыш,аспан әлемімен тікелей байланысты болғандықтан

сабағымызды Құрманбай Толыбаев атамыздың

«Жұлдызды түн »өлеңімен бастайық.

Жұлдызды түн.

Қара көк аспан тұп-тұнық

Жұлдыздар шоқ-шоқ самсап тұр

Жел тынған тыныш түн тымық,

Көрінер таудан алшақ қыр.

Түртсе көзге көргісіз

Қараңғы түннің құшағы

Басқа құс қайда белгісіз

Жапалақ қана ұшады.

Жұлдыздар алыс жылтылдап

Шырақтай маздап жанып тұр

Жарқанат жүйткіп қутыңдап,

Әуеде ойнақ салып жүр.

5. Оқулықпен жұмыс.

- Жұлдызды аспанды қалай бақылауға болады?(оқушы

жауаптары)



- Осы туралы мәтіннің бірінші бөлігінде жазылған . Оқып

шығайық.


- Оқыған бөліктен қандай шоқжұлдыздар туралы айтылған?

Шоқжұлдыздар адамдарға қалай көмектеседі?

1. « Сен білесің бе ?» айдары .

- Балалар , біз Құс жолының тұрғындарымыз. Біздің

ғаламшарымыз Жер Құс жолында орналасқан .

Екінші бөлік оқылады .

2. Сызба құрастырылады .

Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын.Бұл жұмбақты шешу

арқылы

ғарыштық денелерді табамыз.Ендеше іске сәт.

1.Үлкен алтын табақтан әлемге нұр таратқан.Бұл не? (Күн)

2. Кейде жарты, кейде бүтін дөңгелек

Түн болғанда шомылады көлге кеп.

(Ай)


3.Сатайын десем ауыр кілем,

Сатпайын десем тәуір кілем (Жер)










Ғарыштық денелер






Жер




Ай




Күн

Мұғалім Күн жүйесінде орналасқан ғаламшарлар туралы

әңгімелейді .

Бейнетаспадан Күн жүйесі туралы түсірілген слайд көрсетіледі .

Оқушылар ғаламшарлардың аттарын дәптерлеріне тізіп

жазады .


Мәтіннің келесі бөлігі оқытылады .Оқушылар

ғаламшарлардың аттарын

дәптерлеріне тізіп жазады

Мәтіннің келесі бөлігі оқытылады.Оқушылар ғаламшарлар

мен олардың серіктері туралы оқып біледі.

6.Сарамандық жұмыс.

Ермексаздан ғаламшарлардың моделін илеп жасайды.



7.Сабақты қорытындылау.

Мәтін соңындағы сұрақтарға жауап береді,тапсырмалар ды

орындайды.Жұлдыздардың артындағы сұрақтарға жауап береді.

1.Ғарыштық денелерді ата? Күн,жер,ай

2.Аспанда қанша жұлдыз бар? 3 млн жуық.

3.Жұлдыздарды немн бақылайды? телескоппен

4.Неше планета бар? 9

5.Қай планетаны алып тастаған?Плутон

6.Неліктен?Оның көлемі жұлдызға ұқсайды.

7.Тақия толы сөк ерте тұрсам жоқ. Бұл не? Жұлдыз

8.Жетіқарақшының неше түрі бар? 2

9.Жетіқарақшыға қарап нені анықтауға болады?Солтүстік бағытты

анықтайды.

8.Үйге тапсырма беру. Мәтінді оқу. Қосымша ғарыш туралы

оқып келу.


Тест
1.Суы аз топырағы құрғақ,өсімдіктер сирек өсетін жер қалай

аталады.?

А)дала

Ә)шөл


Б)орман

2.Далада қандай жануарлар тіршілік етеді?

А) кірпі, аю ,тиін

Ә)Ақбөкен,киік,қасқыр,қоян,борсық

Б)саршұнақ

3.Шалғын өсімдіктерін көрсет.

А)беде,әсел,гүлкекіре

Ә)көкнәр


Б)боз

4. Мал шаруашылығынан алынатын өнімдерді ата?

А)Сүт,жүн,тері,май,айран

Ә)ағаш,ет

Б)кілем,мұнай

5.Жануарларға ағаштар мен бұталардың арасында тіршілік етуге

не әсер етеді?

А) адамның қамқорлығы

Ә) табиғи қулығы

Б) өң беруі



Тақырыбы:Жануарлардың сан алуандығы.
Мақсаты:Оқушыларға жануарлар тобын таныстыра отырып,олардың сан алуан түрлері бар екені туралы түсінік қалыптастыру,тіршілігі ортасы туралы білімдерін молайту.

Міндеттері:

1)Оқушылардың білім-білік дағдыларын қалыптастыру.

2)Оқушыларды жануарларды қорғауға,қамқор болуға,қайырымды,адамгершілігі мол азаматты тәрбиелеу.

3)Оқушылардың сөздік қорын,есте сақтау қабілетін,ойын жүйелі түсіндіре білуге,бойындағы таным процесін дамыту.



Сабақтың типі:Аралас сабақ

Қолданылатын әдіс-тәсілдері:түсіндіру,тірек-сызба,сұрақ-жауап

Пән аралық байланыс:Бейнелеу өнері

Пайдаланатын көрнекі-құралдар:Суреттер,сызбалар
Барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі

- амандасу

- жоқ оқушыларды анықтау

- Оқушылар назарын сабаққа аудару


Психологиялық дайындық

Табиғат әсемдіктің төркінісің

Ән саламыз бір сенің көркің үшін.

Жан-жануар табынып бір өзіңе,

Сенен алып тұрғандай бар тынысын.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

Ойын «Саңырауқұлақ жинау»

(Оқушылар саңырауқұлақтың артындағы тапсырмаларға жауап бере отырып, үйге берілген тапсырмаларды қорытындыланады.)

1.Өсімдіктер нешеге бөлінеді?

2.Табиғатты қорғау оның байлығын тиімді пайдалану қай заңда көрсетілген? Конституцияда

3.Өсімдіктің жайқалып өсуі үшін қандай күтім керек?

4.Ауаның,судың,топырақтың ластануына нелер себепші?

5.Жылу сүйгіш өсімдіктерді ата?

6.Өсімдіктердің өсу ортасы туралы не білесің?

Сонымен оқушылар үйге берілген өсімдіктер тақырыбын түсіндік пе? Өсімдіктер нешеге бөлінеді?Олардың адам ағзасына қандай пайдасы бар? Сұрақтарға жауап алынады.



  • Иә

Тақтаға гүлдің суреті ілінеді.Оқушылар өсімдікке қажетті жағдайларды атап,жан-жағына жабыстырып тірек-сызба жасайды.

ІІ.Жаңа сабақ

- Балалар бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз «Жануарлардың сан алуандығы».Ендеше жануарлар әлемі туралы түсіндіріп берейін.


Сүтқоректілер Қосмекенділер Балықтар

Жануарлар


Құстар Бунақденелер Жорғалаушылар





  • Жануарлар табиғаттың қай түріне жатады?Олардың тіршілік ортасы туралы не білесің?Қандай жануарларды білесің?Олар немен қоректенеді?

Мына суреттерді өз тобының астына апарып жабыстырайық..

Балық,құс,кесіртке,сиыр,қоңыз,бақа

Өсімдіктер сияқты жануарлар әлемі сан алуан.Сендерге үйге қосымша мынадай тапсырма берілген болатын,яғни әрқайсысың өздерің жақсы көретін жануардың суретін салып келу.Дайындап келдік пе? Әр оқушы өздерінің салған суреттерін көрсетіп,қай топқа жататынын айтып түсіндіреді.Суреттер тақтаға ілінеді.
Сергіту сәті.

Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы-қырлы жерлермен,

Ытқып-ытқып жүгірді.

Қарап еді артына,

Қиығын сап көзінің.

Келе жатқан томпаңдап,

Көжегі екен өзінің.

Дәптермен жұмыс.


  • күннің жады

  • тақырып

  • Сызбаны дәптерлеріне түсіру.

Борша-тышқанның бір түрі.

Жапалақ-құстар тобына жатады.Оның көзі қараңғыда жақсы көреді.

Орангутан – маймылдың бір түрі.Ол сүтқоректілер тобына жатады.

Керік- сүтқоректілер тобына жатады.Ол өте сирек кездесетіндіктен қызыл кітапқа енгізілген.

Итбалық- балықтар тобына жатады.

Қолтырауын- ол да қос мекнділерге жатады.Олда құрлықта,суда тіршілік етеді және бауырмен жорғалаушылар қатарына да енеді.

Құндыз- қосмекенділерге жатады.Ол суда да,құрлықта да тіршілік ете алады.
ІҮ.Жаңа сабақты пысықтау.

Ойын.


  • Балалармен сендерге жануарлардың аттарын айтамын.Сендер «үй жануарларының»аттарынестігенде қол шапалақтайсыңдар.Мысалы;жолбарыс,түйе,жылқы,ешкі,

шегіртке,лақ,кірпі,қоян,ит,тауық т.б.

Ү.Сабақты қорыту

- Оқушылар бүгінгі сабақтан не білдіңдер?Жануарларлың қандай түрлерін білесіңдер?Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?


Тест тапсырмаларын орындау.

1.Жануарлардың тіршілік етуі үшін не қажет?

А)ін В)ауа,қорек,жарық,жылу,су

2.Тиін немен қоректенеді?

А) бидай В) жаңғақ

3.Түнде көзі өте жақсы көретін құс?

А) жапалақ В)көгершін

4.Үй жануарларын көрсет:

А)сиыр,түйе,тауық В) үйрек,қасқыр

5. «Қызыл кітап» дегеніміз:

А)Математика кітабы

В)Сирек кездесетін,жойылып кету қаупі бар

өсімдіктер мен жануарлар жазылатын кітап

Тест тапсырмасын орындаған кезде екі жауаптың біреуі дұрыс болады.Дұрыс жауаптьы дөңгелектеп белгілейсіңдер.
ҮІ.Үйге тапсырма.

Өзіңе ұнаған жануарлар туралы бір тақпақ жаттап келу.мақал-мәтелдер тауып дәптерге жазып келу.



ҮІІ.Бағалау

Сабаққа жақсы қатысқан оқушылар сабақ соңында бағаланады.

- Сабақ аяқталды.Сау болыңыздар.

Сабақтың тақырыбы: Мәтіндегі сөйлемдер байланысы

Қорытынды сабақ

Сабақтың мақсаты:

а)Мәтін туралы берілген түсінікті кеңейту.Мәтіндегі азат жолдың ролін байқату.Сурет бойынша,берілген тақырып бойынша мәтін құрастыра білуге,мәтінге ат қоя білуге уйрету.

ә)оқушылардың тілін дамыту,грамматикалық сауаттылығын арттыру,байланыстырып сөйлеу дағдысын жетілдіру,жазу коллиграфиясын жақсарту. б)Ұқыптылыққа,өзара ынтымақтастыққа,жылдамдыққа,алғырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:интерактивті тақта,үлестірмелі қима қағаздар

Әдісі:баяндау,сұрақ-жауап,сын тұрғысынан ойлауды дамыту

Түрі:қорытынды сабақ

Сабақтың барысы

І.Ұйымдастыру бөлімі

Қызығушылығын ояту

Қайырлы күн достым,

Қайырлы күн болсын.

Сәрсенбінің сәті,

Сәттілікке толсын.

Біздің алар бағамыз,

Кілең бестіктер болсын.



ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

-Үйге қандай тапсырма берілді?

- Үйге «Күз»тақырыбына шағын мәтін жазу берілді

Әр топтан екі оқушыдан жазған мәтінімімізді оқи қойайық
ІІІ.Негізгі бөлім

Кіріспе сөз

Өнер алды-қызыл тіл,

Анаңдай оны құрметте.

Қажымай,талмай үйрен,біл!

Асылын сөздің өрнекте,-дегендей қазақ тілі сабағымызды бастаймыз.

Өткен сабақтарда мәтін және оның түрлерімен танысып көптеген қызықты мағлұматтар алған болатынсыңдар.Енді сол алған білімімізді тексеріп,қорытындылайтын боламыз.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:мәтіндегі сөйлемдер байланысы.Қорытынды сабақ.

Дәптерімізді ашып,күннің жадын жазамыз.

Көркем жазу 3 жол жазамыз

Мм Мм Мм Мм Мм Мм Мм Мм Мм Мм
Мәтін мемлекет мекеме мерген мылтық

Қазақ тілі-мемлекеттік тіл.



1.Суретпен жұмыс

Әр топқа берілген суреттер бойынша мәтін құрастырасыңдар.

І-топ әңгімелеу мәтіні (не істеді?)

ІІ-топ сипаттау мәтіні (қандай?)

ІІІ-топ пайымдау мәтіні (неліктен?)
Ойланып ауызша жауап береміз.
2.Сызба бойынша әңгімелеу мәтінін құру

а)Оқиғаның басталуы. І-топ

ә)Оқиғаның әрі қарай дамуы. ІІ-топ

б)Оқиғаның аяқталуы. ІІІ-топ



3-Оқулықпен жұмыс

Оқулығымыздың 70 бетіндегі 31-жаттығуғу қарайық

Берілгенін 1оқушыға оқыту

Қыста түрдегі хатты көшіріп жаз.


Дәптермен жұмыс

Қызым Сәуле!

Мектептен келген соң гүлдерге су құюды ұмытпа.Мысығыңа сүт бер.Мен бүгін сәл кешігіп келемін.

Бетіңнен сүйдім.Анаң
Бұл жазғандарың қысқа түрдегі хат.Енді тақтаға назар аударайық.

Хат жазудың толық үлгісімен танысайық

-сәлемдесу;

-өз хал-жағдайын әңгімелеу;

-қойылатын сұрақтары;

-қоштасу сөздері;

-қолы;

Сергіту сәті

Жоғары қарап күн көрдім,

Төмен қарап жер көрдім,

Оңға,солға бұрылып,

Егемендк ел көрдім.
4-Мәтінмен жұмыс
І.тапсырма.Әр топ мәтінге ат қояды.
ІІ. Тапсырма.Мәтін бойынша жоспар құрады.Әр топ бір-бірінің сөзін

қайталамау керек.



Мәтін

Баяғыда бір құмырсқа өз қандастарына өкпелеп, кетіп қалады. Ол ара, қоңызбен дос болады. Бірде жем іздеп шыққан құмырсқа жол үстінен бір дән тауып алады. Бірақ жалғыз өзі қанша әуреленсе де, түк қозғалта алмайды. Енді көмек сұрау үшін достарын іздейді. Гүлдің нәрін жинап келген арадан көмек сұрайды. Өзінің жұмысын сылтауратып, ара қарамай қойды. Құмырсқа қоңызға келді. Қоңыз келіспей, қиын домалатып кете барады. Осындай екі досынан күдер үзген құмырсқа мұңайып келе жатып, өзінің ұялас достарымен ұшырасты.Құмырсқа оларға өз басынан кешкенін айтты. Достары көмектесіп, дәнді бірігіп сүйрелеп алып жүрді. Ақыр соңында адасқан құмырсқа қайта үйіріне қосылды.

5-Семантикалық карта

Мысалдар

Әңгімелеу

Сипаттау

Пайымдау

Керік-жер бетіндегі ең биік жануар.




+




Күз келді.Құстар жылы жаққа ұшып кетті.

+







Бұл-киік.Қазіргі кезде сирек кездеседі.Сондықтан қорғауға алынған.







+


ІҮ. Қорытындылау
ҮІ. Үйге тапсырма

Досыңа қысқаша хат жазу



ҮІІ.Бағалау

Оқушылар өзін-өзі бағалайды.



Сабақтың тақырыбы: С.Жиенбаев «Ұшып келем»



Сабақтың мақсаты: а)Өлеңнің мазмұнына толық түсінік бере отырып,мәнерлі,түсініп оқуға үйрету,мағынаны ашу,сөздік қорларын молайтып,білімдерін толық-тыру.Оқушыларды шығармашылық ізденіске баулу. ә)Туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.

б)Есте сақтау,жүйелі ойлау,сөйлеу дағдысын дамыту. Сабақтың көрнекі құралы: Интерактивті тақта



Сабақ түрі : жаңа сабақ Әдіс тәсілдері: түсіндіру,әңгімелеу,с ұрақ- жауап Сабақ барысы :

І Ұйымдастыру бөлімі

Мұғалім сөзі: « сен жассың,көп нәрсені үйренуге,көп нәрсені естіп білуге,көп нәрсені көкейге түюге тиістісің» дегендей өмірге құштарлықпен қарардай қандай ұрандарың бар.

Оқушылар хормен ұран айтады.

Кімдер зерек,кім тапқыр,

Таланттарын табайық,

Білімді қарсы алайық.

Бәріміз қол соғайық.

Мұғалім: «шыдамды,сабырлы адам бастаған ісінің жақсы нәтижесін көреді,білімге құштар адам-іздегенін табады»,- деген ұлы сөз бар, демек бүгінгі әдебиет сабағымызды ізденімпаздықпен бастап,жұдырықтай жұмыла кірістік.

Оқушыларды 3-топқа бөлу.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру.

1.Максим Зверев «Суықторғай»

Суықторғай әңгімесін өткен сабақта үш бөлімге бөлген болатынсыңдар .Оларға ат қойылды. І- топ. 1– бөлім « Құс жолы»

ІІ- топ. . 2– бөлім «Қар астындағы торғай»

ІІІ- топ. . 3– бөлім «Торғайдың жаңа үйі» Осы үш бөлім бойынша үш қатар мазмұнын айтады.



2.Оқушыға сауал

А) Мәтіндегі оқиға кімнің атынан баяндалған? Ә) Осы мәтін хабарлау ма, суреттеу ме, талқылау ма?



ІІІ Негізгі бөлім

1.Жаңа сабақтың эпиграфы



Жүсіп Балаcағұни

Біле бер, қанша білсең, тағы тіле,

Жетерсің мұратыңа біле – біле.

2.Жаңа сабақтың тақырыбы: «Ұшып келем»

Авторы: Сағи Жиенбаев

Сағи Жиенбаевтың өмірі бойынша қысқаша тоқталсақ :

Ақын Сағи Жиенбаев Ақтөбе қаласы, Байғанин ауданы, Оймауыт ауылында 1934 жылы дүниеге келген

Балаларға арналған өлең жинақ

3. «Ұшып келем» өлеңін мұғалім оқушыларға мәнерлеп оқып береді.

4.Әр топтан бір оқушыға мәнерлеп оқыту.

«Ұшып келем»

Ұшып келем

Ұшып келем көгінде, Ұшып келем Мөлдір аспан төрінде. Көкте жүріп қызығамын Жердегі Сонау, сонау Өзім ұшқан өңірге.

Анау менің Асу- асу белдерім Асқар – ала тауларым мен Көлдерім, Мен жерімнен Қанша биік ұшсам да,

Көз алдымда Келе жатыр ол менің . Туған жердің Құдіретті күшімен Жаңа ғана

Жаңа ғана ұшып ем, Қазір міне , Келемін мен зымырап, Аппақ- аппақ Жұлдыздардың ішінен. Осы бір сәт Жарқырайды жанар да Жұлдыз болып Көрінемін ғаламға Жердегі адам,

Жердегі жанған алау от Жұлдыз болып Көрінеді маған да!



5. Мағынаны тану

І – топ А) Ақын өлеңде кім туралы жырлап отыр? Ақын өлеңде «Ұшқыш» туралы жырлап отыр.

ІІ- топ Ә) Ұшқыш не нәрсеге қызығады? Ұшқыш өзінің туған жеріне қызығады.

ІІІ- топ Б) Асқар таулар мен көлдер ұшқыштың көз алдына не себепті елестейді? Ұшқыш қанша биік ұшса да көз алдына туған жеріндегі таулары мен көлдері елестейді.

Ұшқыштың, таудың, көлдің суретін көрсету.

6. Оқулықпен жұмыс

І- топ


Өлеңде қайталанып тұрған сөздерді табу.

ІІ- топ


Туған жердің құдіретті күшін көрсеткен шумақты тауып, оның мағынасын түсіндіру.

ІІІ- топ


Ұшқыштың туған жерін жақсы көру сезімін суреттеген шумақты тауып оқу.

7.Оқушыларға тізбектей оқыту.

4-5 жолдан тізбектеп оқыту



8. Сөздікпен жұмыс

Өлең жолынан оқушылар өздеріңе түсініксіз сөзді түртіп алып , тақтаға, дәптерлеріне жазады. Мысалы: өңірге, ғаламға, алау от.



9. Сергіту сәті

1,2,3 ұшқыш болып ұш 4,5,6 аспанда қалқы 7,8,9,10 өз орныңа қон.



10.Шығармашылық жұмыс

І- топ


«Ұшқыш» тақырыбына әңгіме жазу.

ІІ- топ


«Туған жер» тақырыбына әңгіме жазу .

ІІІ- топ


«Ұшқыш болам» өлең жазу.

11.Туған жер тақырыбына мақалмәтел.

ІҮ.Қорытынды

«ББҮ» әдісі



Білемін

Білгім келеді

Үйрендім










Ү.Үйге: С. Жиенбаевтің өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет жинақтау.

«Ұшып келем» жаттау



ҮІ.Бағалау


Мұғалім және уақыт

Білім беру жөніндегі оқу бағдарламалары жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сатысындағы білім мазмұны модельдерінің бір нұсқасын бейнелейтін біртұтас оқу-әдістемелік комплекстің маңызды бөлімі болып табылады.

Бастауыш сатыда білім берудің мақсат, міндеттерін жүзеге асыруда әр пәннің өз ерекшелігі мен рөлі бар. Тіл мен математика реалды ақиқаттың нң маңызды саласы және адамның алуан түрлі коммуникативтік жағдайларға еркін араласып қатысу, сауатты бағдарлай алу, қабілетін дамыту, оқушының ауызекі сөйлеуін дамыту, ойын жазбаша сауатты жеткізу біліктерін қалыптастыруға, дүниені көркем сөз немесе математикалық өрнектер арқылы бейнелеп қабылдауға кеңінен жол ашатын танымдық, тәрбиелік, дамытушылық мүмкіндіктері мол жетекші пәндер ретінде қарастырылады. Бұл пәндердің бағдарламалық мазмұны оқушының лингвистика дүнисін, тіл құбылысын, оның заңдылықтарын біршама бағдарлауына мүмкіндік туғызатын, шығармашылығына жол ашатын, математикалық тілдік элементтерді меңгеретін, ойлау қабілетін дамытуға көмектесетін ұғымдар жүйесін қамтиды.

Білім мазмұнының біртұтастығы интегративтік және пәнаралық байланыс ұғымдары арқылы қамтамасыз еіледі. Мысалы, дүниетанудағы күзгі құбылыстар, ана тіліндегі күз тақырыбына арналған көркем шығармалар, бейнелеу өнеріндегі күз бояларымен сабақтасады.

Менің өз проблемам: Эрдниев, Занков, Лысенковалардың технологиясы элементтерін пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық қабілетін және оқу сапасын арттыру. Осы проблемманы алудағы мақсатым жаңа технология элементтерін ойлау сабақтарында тиімді қолдана отырып, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту және оқу сапасын арттыру. Осы мақсатымды жүзеге асыруда мынадай міндеттер қойдым:

-Эрдниев, Занков, Лысенковалар технологиясы бойынша оқушыларды прпактикалық әдіс-тәсілдерге үйрету;

-оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, ойлау қабілетін дамыту.

Ол қолына қалам ұстай алмай, әріп танымаған оқушыдан басталады. Мысалы А әрпін танытқанда оқушыларға өлең шығаруды үйреттім. Мысалы А-а-а Ла-ла-ла

Әдемі қала Ақылды бала

Осы ұйқасқа үйренген оқушы ,2,3 кластарда күрделі ұйқасқа өлең шығаратын болады.

Қандай әдемі қала

Деп таңданды бала

Қыдырып мәз болып

Қайтты ол ән сала

Сонымен қатар 1,2 кластарда жұмбақ құрастыру әдісі үйретіледі. Ол жұмбақтаған нәрсесін екінші нәрсеге ұқсату арқылы орындалады.

Секіреді бірақ шегіртке емес

Ұшады бірақ құс емес

Дүниетану сабағында «жануарлар» тарауын өткен кезде бір ғана мысал ретінде қасқырды алуға болады. Балалар тақтаға шығып оның өмір сүретін ортасын, ерекшелігін, сырт пішінін, қорегін, пайдасын, зиянын айтады. «Оның қорегі не қоян, тышқан т.б. ұсақ жануарлар. Олар қасқыр жегенде неге таусылып қалмайды?» деген сұрақтар қойылады. Балалар өз ойларын айтады: қоян жүйрік, тышқан ініне кіреді дұрыс, бірақ табиғат заңы бойынша қорек болатындар өз жауынан көп болады. Сондықтан олар таусылмайды деген қорытынды жасалады. Онан әрі оқушылар осы қасқыр туралы өздері қорытынды жасайды.

Бұрыннан білетінін, білмейтінін, таңқалдырған нәрсе 3,4 кластарда осындай ретпен таныс емес жануар түрімен танысады.

Математика сабағында да оқушылардын шығармашылық ойларын дамыту барысында көптеген әдіс-тәсілдерді қолдауға болады.

1-класта әрі әріпті әрі санды меңгерту мақсатында БЕҮТБ осы әріптерді пайдалана отырып 1,2,3,4,5 сандарын шығарып бер.

2,3-кластарды жай есептерді күрделі есепке, жай теңдеуді күрделі теңдеуге айналдыру сияқты жұмыстар жүргізіледі. Көбейту кестесін үйрету кезінде оқушы көп таңбалы санды бөле алмаса да ол сан 2,3,4,5-ке бөлінетініне не бөлінбейтінін біледі. Мысалы 228 саны 2-ге бөлінеді, себебі ол жұп санмен аяқталған 438 саны 3-ке бөлінеді, себебі көбейткіштерінің қосындысы 15/3 тен

Қазақ тілі сабағында бір-бірінің ойын жалғастырып отырады. Мысалы, бірінші партада отырған оушы бір сөйлемді жазып, артындағы оқушыға береді. Ол тағы бір сөйлем жазып,келесі оқушыға береді Осылай жалғаса береді.

Бейнелеу өнері, музыка, дене шынықтыру пәндері де біртұтас оқу тәрбие оқу-тәрбие үрдісінің ерекше қырларын ұйымдастыра отырып, оқушыларда сананың этикалық түрлерін дамытудың, салауатты өмір сүрудің негізін қалайтын оқушы еркін, организмін шынықтыру алғы шарттарын жасайды, жағымды әдет дағдыларын қалыптастырады.

Бүгінгі Қазақстанға қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін белсенді шығармашыл адамдар қажет. Сондықтан күнделікті сабақтарда тек білімдік мақсаттарды шешіп қоймай оқушылардың жеке тұлға ретіндегі қасиеттері, қабілеттерін жетілдіру жолдарын қарастыру бүгінгі күнің ең маңызды талабы.

Шығармашылық жұмыста оқушының ойлау мүмкіндігінің ең жоғарғы деңгейіне жетуі керек. Уақыт өткен сайын ол деңгей биіктей беретіндей болуы қажет. Осындай ой қызметінің тынымсыздығы бала дамуына үлкен әсер етеді. Жеке тұлға ретіндегі жас ұрпақтың, төменгі буындағы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін ең алдымен оқушылардың сөйлеу тілімен дүниетанымын дамыту қажет. Мұның негізі- халқымыздың даналықпен айтқан шешен сөздерінде жатыр. Шешендік сөздер өткен өмірден сыр шертіп, тарихпен таныстырып, сөз зергерлерінің өрнекті де өткір тілін үйретеді. Шешендік сөздер тілдің барлық қасиетін оқушы бойына сіңіріп, оның құпиясын меңгертеді. Бастауыш сынып оқушыарының ой шапшаңдығын арттыратын жұмыстардың бірі осы өлең құрастыру жолдары. Бұл жұмысты екінші сыныптан бастап жүргізе беруге болады. Ең алғаш «ұйқас» деген сөздің мағынасын түсіндіріп оқыған өлеңдегі ұйқастарды тауып, қалай жазылып тұрғанын талдаудың мәні зор.

Тілі дамыған бала- ойы да дамыған, жақсы мен жамандықты айыратын әділеттілік пен әділетсіздікті тани алатын сөйлеу мәдениеті дамыған азамат болып шығары сөзсіз.


Оқушының шығармашылық қабілетін шыңдау.
Бүгінгі Қазақстанға қалыптан тыс ойлай алатын,шұғыл шешімдер қабылдай білетін белсенді шығармашыл адамдар қажет.Сондықтан сабақтарда тек білімділік мақсаттарын шешіп тұрып балалардың жеке тұлға ретіндегі қасиеттері,қабілеттерін жолдарын қарастырубүгінгі күннің ең маңызды талабы.

Шығармашылықбаланың ойлау мүмкіндігінің ең жоғарғы деңгейіне жету керек.Уақыт өткен сайын ол деңгей биіктей беретіндей болуы қажет.Осындай ой қызметінің тынымсыздығы бала дамуына үлкен әсер береді.Жеке тұлға тетіндегі жас ұрпақтың,төменгі буындағы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін ең алдымен олардың сөйлесу тілі мен дүниетанымын дамыту керек.Мұның негізгі-халықымыздың даналықпен айтқан шешен сөздерінде жатыр.Шешендік сөздер өткен өмірден сыр шертіп,тарихпентаныстырып,сөз зергеллерінің өрнекті де өткір тілін үйретеді.Балалардың оқуға ,өнерге,парасаттылыққа және сөз құдіретін қадірлей білуге үйретеді.Шешендік сөздер тілдің барлық қасиетін бойына сіңіріп оның құпиясын меңгеруге үйретеді.

Тілі дамығанбала-ойы да дамыған,жақсы мен жаманды айыратын,әділеттік пен әділетсіздікті тани алатын сөйлеу мәдиенеті дамыған азамат болып шығары сөзсіз.Бастауыш сынып оқушыларының ой шапшандығын арттыратын жұмыстардың бірі өлең құрастұру.Бұл сыныпты 2 сыныптан бастап жүргізе беруге болады.Ең алғаш ұйқас деген сөздердің мағынасын түсіндіріп,оқыған өлеңдегі ұйқастарды тауып ,қалай жазылып тұрғанын талдаудың мәні зор.

Мұғалім қандай дыбыс атаса оқушы сол дыбысы бар сөзді атау керек.Яғни сөз соңында сол дыбыс болуы керек.

Мысалы: а - а...

бала


шана,алма,сана т.б

у – у – у

су

у – у – у



мөп-мөлдір

2.Буындар арқылы:

Мұғалім –ға – ға –ға

Оқушы:-балаға

-кім керек балаға

-Ана керек балаға

Немесе –ға-ға –ға

Ана қымбат балаға.

3.Оқушылардың өлең құрастұруына дайын ұйқастар береді, не ақындардың өлеңдерінің соңғы ұйқастарын алып тастап,осылардың орнына сөз қоютапсырылады.Мысалы:

Шаң, тозаң, лас

Болмасын...класс

Сондай-ақ схема ,сызықтар арқылы

...-тардым

...-қарадым

...-барамын

...-бағамын

Бұл жұмыстарды сурет арқылы да жүргізуге болады.Тақтаға ертегі кейіпкерлерінің суреттерін іліп қойып,оларға тән іс-қимылдарды ұйқас таптыруға болады.

-Арыстан не істейді

-Әтеш не істейді

-Арыстан ақырады

-Әтеш шақырады

Ал 2-сыныпта оқушылар өлең құрастұруға үйреніп қалғандықтан, 3-сыныпқа келгенде белгілі бір мәтінге, сабаққа байланысты Күз, Жақсы деген немесе жаман деген немене тақырыптарға өлеңдер құрастырылады.

Туған тілім өркенде,

Бола бер,күшті көркем де

Атты тәрбие сағатында сұрақ – жауап түрінде өлең құрастырылады.

-Балалар, бүгін тәрбие не туралы айттық

-Тіліміз туралы,олай болса өлең құрастырайық.

...-тілім

Соңғы сөзге ұйқас табайық.

...-білім

Олай болса екі жолды толықтырайық.

Осы тәсілмен

...-тілім

...-білім

Мақтанышым-туған тілім

Үйренеміз өнер-білім.

Деген өлеңшықты.

Бастауыш сыныптардың онкүндігіне байланысты өткізілген

Бір өлеңін жатқа оқы Абайдың

Сол болады еліңе еткен құрметің өлең сайысыны қорытынды сәтіде

...-жатталық

...-жатпалық

...-апталық

...-сақталық, деген ұйқастар шығарды.Нәтижесінде екі жолы былай құрастырылды

Өтіп жатыр апталық

Абайдың өлеңін жатталық.



Қалған екі жолын үйден құрастыруға тапсырылды. Осы негізде өлеңдер құрастыру-оқушылардың қызығушылығын арттырып, ақыл-ой қабілеттерінің дамуына әсер етері сөзсіз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет