Сабақ жоспарлары



бет1/3
Дата07.10.2022
өлшемі18,85 Kb.
#152089
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
кундылык

МАЗМҰНЫ





1.

Түсінік хат.......................................................................................................

3

2.

Күнтізбелік-тақырыптық жоспар................................................................

5

3.

Тақырыпқа сай сабақ жоспарлары..............................................................

7

4.

Қорытынды.....................................................................................................

85

5.

Пайдаланылған әдебиеттер..........................................................................

86

Түсінік хат

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында және «Қазақстан 2030» стратегиялық құжаттарындағы «Білім беру» бөлімінде, Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында Отанымыздың мектептеріндегі білім беру жүйесінің дамытушы жаңа бағытты таңдауы мен білім беруді жетілдіру мәселелері тек әлеуметтік қана емес, елдің экономикалық дамуы тұрғысынан ерекше маңыздылығы айтылған.


Әрбір елдегі білім жүйесінің негізгі мәселелерінің бірі өзіне тән ұлттық мәдени ерекшеліктері мен тұжырымдамасын әзірлеу, ұлттық тілді өркендету және дамыту болып табылады. Қазақстан Республикасының ұлттық, яғни мемлекеттік тілі – қазақ тілі.
Тіл ғылымының әрбір саласының өз дербестігі мен даралығы бар, дегенмен олар өзара бір-бірімен тығыз байланысты. Себебі, қазақ тілі ғылым салаларының барлығының зерттейтін басты объектісі сөз.
Бүгінгі таңдағы үздіксіз өзгерістер мен жаңа технологиялар заманында біздің жастарымыз үшін түрлі ғылым саласын жәй ғана білу жеткіліксіз. Сол білімді өмірде қолдану, кездескен кедергілерді анықтап, оң шешімін таба білуі маңызды.
Жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мәселесі өзекті болып отыр. Яғни, оқушылардың мектепте алған білімдерін өмірде тиімді қолдануға үйрету. Осы орайда, оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын дамытуда мәтінмен жұмыстың маңызы зор.
Мәтін дегеніміз – қазақ тілін оқыту барысында үлкен орын алатын оқыту нысаны. Біріншіден, тілден білім беретін материал оқыту мәтіндері түрінде болса, екіншіден, жаттығулардың тұтас мәтін түрінде берілуі де мәтінмен орындалатын жұмыстардың сараланып жүйеленуін қажет етеді. Мәтіннің қызметін таныту – оқушыға тіл бірліктерін функционалдық тұрғыдан танып-білуіне, сол арқылы логикалық ойлауы бірізді қалыптасуына мүмкіндік береді. Осыған байланысты мұғалім мәтінмен жұмысты жүйелі жүргізгенде және оқушының сауатты оқу дағдысын қалыптастыра білгенде ғана нақты нәтижеге қол жеткізе алады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет