Алдыңғы білімді анықтау. «Миға шабуыл» әдісі арқылы «топтық жұмыс» беріледі.
1-топ тапсырмасы:
1. Оттың үш құраушысы;отын,оттек,оталу көзін сипаттап айтыңдар?
2-топ тапсырмасы:
2. Төменде берілген шеңберлерге ауа құрамындағы кездесетін газдарды пайыздық мөлшері бойынша орналастырыңдар?
3-топ тапсырмасы:
3.Ауа құрамында 21 пайыз оттек бар? Ол 21 пайыздан көп немесе аз болса не болады? Жауаптарыңды түсіндіріңдер.
Жаңа сабақ: Оттектің алынуын, қасиеттерін, қолданылуын оқып, «Елші» әдісі арқылы меңгереді. Үш топқа тапсырмалар төмендегі тізім бойынша беріліп «топтық жұмыс» орындайды. Әр топ басқа топқа елші жіберу арқылы берілген тапсырмаларын түсіндіреді.